Жаңылтпаштар топтамасы
16-08-2020
Математикадан сабақтар топтамасы
Сабақтардың тізімі:
1. Көрсеткіштік функция
2. Шеңбер хордалары кесінділерінің және қиюшылардың пропорционалдығы
3. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу
4. Негізгі тригонометриялық теңбе-теңдіктер
Сабақтың үлгісі:
Көрсеткіштік функция
мақсаты: оқушыларға дәреже, дәреженің негізі мен көрсеткіші, функция, функцияның қасиеттері туралы мағлұматтар беру, есептер шығарту;
дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдысын дамыту;
тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, ізденімпаздыққа жүйелі білім алуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс;
Сабақтың түрі: сайыс сабақ;
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Еңбек ана, білім - қазына» дейді дана халқымыз. Білім, ақыл – парасатты жеті қазынаның бірі деп киелі жеті санының қатарына жатқызған. Қазына деген сөз кен, байлық деген сөздерімен синоним, яғни байлық, кен деген сөздерге жуық болып келеді.
Сондықтан білім қазынасын іздеу арқылы сабағымызды жалғастырамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
Анықтама:
у = ах............. түрінде берілген функцияны көрсеткіштік функция деп аталады.
1) а негізі 1 санына тең болмауы керек, егерде а = 1 болса, онда функция у =1х түріне енеді. Бұл у =1, ол абсцисса осіне параллель, ордината осінен 1 - ге тең нүктеде қиып өтетін түзу сызық болады. Демек ол көрсеткіштік функция болмайды. Сондықтан. 2) а>1 немесе а <1, а<1 болған кезде біз нөлдің сол жағын қарастырмаймыз. Себебі а<0 болғанда х – тің кез келген мәні үшін ах нақты сан болмайды. Сондықтан 0<а<1 болуы керек