Ашық сабақ. География. Конструкциялық материалдар өндіретін басқа салалар

Oinet.kz 25-07-2020 688

Ивагуль Туечиева Қадірқызы
ОҚО. Ордабасы ауданы Шұбарсу жалпы орта мектебі
география пәні мұғалімі

Презентация
Сабақтың тақырыбы:Конструкциялық материалдар өндіретін басқа салалар


Сабақтың мақсаты:
Білім беру мақсаты:Оқушыларға тақырыпты оқып үйрету,алдынғы алған түсініктерін шыңдау,тереңдету, алған білімдерін өмірде қолдану даңғдысын қалыптастыру;
Дамыту мақсаты:Түрлі әдістердің көмегімен оқушылардың жан –жақты ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, өз білімін өзбетінше толықтыра алу қабілетін, есеп шығару қабілетін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Сабақ барысында өз елін сүюге, өзара көмек және ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, нақтылыққа,жылдамдыққа ,уақытты сезінуге тәрбиелеу,пәнге деген қөзқарасты,білімге құштарлықты тәрбиелеу, География пәніне қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру сәті
Оқушылармен амандасу,түгендеу;
«Ой ояту» сұрақтарын қою;

Ә) Өткенді пысықтау. (10-12 мин)
Тірек – сызбалармен жұмыс.

Кен химиясы (минералдық шикізаттар – фосфорит, ас тұзы, гипс, әктас)
2. Негізгі химия (қышқылдар, фосфор, қоспа, минералды тыңайтқыштар алу)
3. Полимерлер химиясы ( пластмасса, химиялық талшық)
4. Полимерлерді өңдеу (шина, пластмасса өнімдерін шығару)
5. Фармацевтика өнімдерін шығару.

Химия зауыттары:
1.Ақтөбе (Алға) химия зауыттары: суперфосфат зауыты 2. Шымкент фосфор зауыты 3. Тараз суперфосфат 4. Балқаш, Жезқазған, Өскемен, Риддер,Степногор күкірт қышқылы 5. Атырау пластмасса, полиэтилен 6. Ақтау пластмасса, тіс пастасы 7. Теміртау ,Қарғанды синтетикалық каучук 8. Шымкент шина 9. Қостанай жасанды талшық 10. Теміртау азот, аммоний сульфаты 11. Өскемен калий тыңайтқыштары
12.Фармацевтика зауыттары: Шымкент, Алматы, Қаскелең, Семей, Қарағанды;

Оқушыларды бағалау. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру
Үйге 204 беттегі 4- сарамандық жұмысқа дайындалып келу;
Озық оқушыларға тапсырма: «Ормандар – «Планета тынысы», - судың қорғанышы» реферат дайындау;
Құрылысшылардан бетонның, сылақтың құрамын анықтап, өлшемдерімен жазып келу;


Ашық сабақ. География. Қазақстан аумағын физикалық - географиялық аудандастыру тарауын қайталау
Ашық сабақ. Музыка. «Жетісу күй дәстүрі» Халық күй«Тепеңкөк» (жалпы шолу, орындау)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу