Жарыс сабақ. «Қызық екен...?»
16-10-2020
Мұхтар Жарас Әбдіхайдарұлы
Ақтөбе облысы
Ырғыз ауданы
Темірастау орта мектебі
Абсолют және салыстырмалы биіктіктер
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға абсолют және салыстырмалы биіктіктер, горизонталь, бергштрих жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Абсолют және салыстырмалы биіктіктермен танысқан тұлға
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Тірек-сызба.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
3. Кестемен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. План деген не?
2. Пландағы обьектілердің түсі.
3. Шартты белгілер.
4. План не үшін қажет?
5. Планның маңызы.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы оқушыларға абсолют және салыстырмалы биіктіктер түсіндіріледі.
3. Кестемен жұмыс.
Горизонтальдар Биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар.
Бергштрих Горизонтальдарға кесе-көлденең қойылған сызықтар.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
Білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Абсолют және салыстырмалы биіктіктер.