Ашық сабақ. Технология білім беру саласын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Oinet.kz 25-07-2020 831

Ел Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиясының бағдарламасында
« Барлық Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл - ауқатының артуы, елдің денсаулығын жақсартумен бірге, тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, білімі мен іскерлігін жан – жақты қолдана білетін мамандар, экономикамызды гүлдендіретін кәсіпкерлер қажет» делінген.
Нормативтік – құқықтық қамтамасыз ету тәрбие үдерісі Қазақстан Республикасының білім беру саласының нормативтік - құқықтық құжаттарына толық сәйкес келуі және онда туындайтын проблемаларды шешу мақсатында қайтарымды байланыс қамтылады.
Ұрпағымызды іскер де батыл, тапқыр етіп тәрбиелеу - мектеп пен қоғам алдында тұрған міндет. Бүгінгі күні технология пәні мұғалімдері алдында да оқушыларды нарық заманының талабына сай өз тағдырын өзі шешу, өз күшімен жұмыс ұйымдастыра білу, кәсіпкерлік және экономикалық біліммен қаруландыру тұр.
Болашақтағы білікті мамандар - мектеп оқушылары болғандықтан, оларды ұлттық негізде тәрбиелеп, жаңа заманға сай сабақты түрлендіріп өткізсе еңбек нәтижелі болмақ.
Білім беру ісінде ұстаз басты, әрі шешуші тұлға. Ұстаздың білімділігі, абырой, беделі оның шәкіртімен көрінеді. Ұстаз - мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған. әлемдік ой алыптар, небір ғұламалар ұстаз алдынан өткен, олар өздерінің ұстаздарына мәңгі борыштар екенін болашақ ұрпаққа өсиет етіп қалдырған. Ұстаз мәртебесінің қаншалықты биік, и әрі қасиетті екенін осыдан - ақ көруге болады.
Ұстаз өз шәкіртінен саналы да білімді, парасатты тұлға жасайды.
Технология сабағында оқушыларды еңбекке баулу, олардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны қазіргі заман талабына сай ғылыми – техникалық жетістіктердің даму деңгейіне жақындатылған болуы тиіс. Оқу материалы оқушыға түсінікті болуы тиіс. Ол үшін әртүрлі әдістемелік құралдарды жиі қолдану кекрек. Оқушылардың жүктемесін олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып берген дұрыс әрі ол қарапайым болғаны дұрыс.
Бала құқықтары туралы конвенция - Адамзат баласының туылған кезінен 18 жасқа толғанға дейінгі құқықтары мен бостандыктарын бекітетін халыкаралық құқықтық акт. Балалардың құқықтарын қорғау туралы негізгі және рәсімдік ережелер енгізілген. Бұлар: өмір сүруге, есімінін болуына, азаматтыққа және т. б. ие болу құқықтары; аман - сау отбасылық өмір құқығы; сәбидің жеке басының еркін дамуын қамтамасыз ететін құқық; денсаулығын сақтау нығайту құқығы; білім алу мен мәдени даму құқығы;
Бала тәрбиесі – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын ізгі қасиеттер жиынтығы, ол ересектердің махаббаты мен қамқорлығына негізделеді. Тәрбие балаға ана сүтімен беріледі. Еңбекке баулу отбасынан басталады. Ата - аналар баланың өздігінен еңбектене білу дағдысын жетілдіруге көңіл бөледі. Баладан гигиеналық ережелерді сақтауды, киіміне ұқыпты болуды, үйде реттілікті талап етеді.
Нормативтiк талаптарға сәйкес оқу - материалдық
базаның есебiн, сақталуын және толықтырылуын, iшкi тәртiп ережелерiнiң, санитарлық - гигиеналық режимнiң, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасының сақталуын қамтамасыз етедi.
Техникалық құралдармен жабдықталғандықтан және токпен жұмыс жасайтын құралдарды пайдаланатындықтан кабинет – арнаулы кабинет болып саналады. Сондықтан, оқушылардың өмірін, денсаулықтарын сақтау мақсатында, мектептің дүние - мүліктерін бүлдірмей қолдану мақсатында арнайы ережелер қарастырылған. Бұл ережелермен оқушы жыл басында міндетті түрде танысуы керек. Оқушыларды осы ережелермен танысып, бұлжытпай орындауға міндетті. Мұғалім ережелерді таныстыру керек және олардың орындалуын қадағалау қажет. Егер оқушылар зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсетілуі керек. Жұмыс барысы кезінде еңбек қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерді қатаң сақтау жөнінде талаптар қойылады және олардың орындалуын ерекше назарда ұстау керек
Яғни:
* сабақ өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету:
* өндірістік – санитарлық еңбек қауіпсіздігіне қатысты ережелер мен нұсқамалар;
* талапқа сай аспаптармен жұмыс істету; Технология пәні оқушыларына кең көлемде білім бере отырып, олардың қабілеттерін жетілдіре түсуге, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі. Қазір көптеген мектептерде ірілі – ұсақты темір, ағаш өңдейтін станоктар бар. Оқушыларға тек оларды тиімді пайдалануды үйрету керек.
Қауіпсіздік техникасы ережелері.
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
Жалпы;
Жұмыс кезіндегі;
Апатты жағдайдағы;
Жұмыс аяқталғандағы:
адамның технологиялық әрекетінің сыртқы ортаға және адам денсаулығына әсерімен танысуы;
пайдаланатын материалға экологиялық қамқорлықпен қарауы;
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:
Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
Үстел үстінде сба00а байланысты бұйымдар ғана жатуы тиіс.
Жалпы;
1. «Технология» кабинетіне тек қана мұғалімнің рұқсатымен кіруге болады.
2. Арнайы киімді киіп, қолынды сабынмен жу (егер сабақ ас дайындаумен байланысты).
3. Бекітілген орнында жұмыс істе, мұғалімнің рұқсатынсыз орнынан тұрма.
4. Жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен баста. Жұмыс кезінде сақ бол,
5. Қолдану ережелерін білмейтін құрал - саймандарын қолданба.
6. Құрал - саймандарды тек жұмыс пайдалану керек
7. Өз жұмыс орнын тазалықта сақта.
8.. Құралдарды және мұғалім көрсеткен ретімен орналастыр.
9. Жұмыс кезінде сөйлеме.
10. Қоңырау кезінде кабинеттен шығу керек.
11. Жұмыс аяқтағаннан соң өз жұмыс орнын жинап кет.
Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. Асханаға тәртіпті сақтай отырып асықпай, сабырлықпен кіріп және шыққан жөн.
2. Асханаға сөмке немесе портфель апармаған жөн.
3. Асхананың ішкі бөлмелеріне кіруге болмайды.
4. Ыдыстар мен жиһазға ұқыптылықпен қараған дұрыс. Оларды сындыруға болмайды.
5. Электрожарығын өздігінен қосуға және сөндіруге тыйым салынады.
6. Терезені және терезенің желдеткішін өздігінен ашып - жабуға тыйым салынады.
Асханадағы жарақат алу қауіпсіздігі:
- Электржарығын косып және сөндірген кезде (тоқ соғу қаупі бар)
- Ыстық тағам, шәй құйылған ыдысты тасу кезде (күйіп қалу қаупі бар)
- Шыны ыдыс сынған жағдайда (жарақаттану қаупі бар)
ІІ. Ас ішу алдындағы қауіпсіздік талаптары
1. Ас ішу алдында қолды сабындап жу.
2. Асханаға кірген кезде тәртіп ережесін және ас ішу уақытынның кестесін сақта.
3. Үстел басында өз орнына отыр.
ІІІ. Ас ішу кезінде қауіпсіздік талаптары
1. Үстел басында тәртіп ережелерін сақта.
2. Жолдастарының ас ішуіне бөгет жасама.
3. Ас ішкен кезде сөйлеспе, көршілеріңді итерме
4. Ыстық тағамды асықпай, мұқиятты іш.
5. Босаған ыдысты сол жағына қойып, оның құлағанына жол берме.
ІV. Қауіпті жағдайдағы қауіпсіздік талаптары
1. Қауіпті жағдай туылған жағдайда (өрт, өткір иіс шығу) сынып кураторы немесе аспазшылардың бұйырымен асхананы босатқан жөн.
2. Жарақатталған кезде көмек алу үшін кураторға жолық.
V. Ас ішкенен кейінгі қауіпсіздік талаптары
1. Асханадан сабырлықпен, бірін - бірі итермей, тәртіп сақтап шыққан жөн.
2. Асханадан тамақ шығарма.
ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.
Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:
Адамның электр тогымен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:
Токтан ажырату (таратушы тақтадағы тумблерді ажырату) керек.
Электр тогын өткізбейтін қолда бар құралдарды пайдаланып, зақымданған адамды ток әсерінен босату керек.
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 103 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Зақымданған адамды мұқият қарап шығып, зақымдану дәрежесіне қарай оған көмек көрсету керек.
Күйген кездегі көмек көрсету:
Адам күйікке шалынған жағдайда:
Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі беру керек.
Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 103 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Талып қалғандағы көмек көрсету:
Адам талып қалған жағдайда:
Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға ұрып жатқызу керек.
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 103 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тынысы тоқтап қалғандағы көмек көрсету:
Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:
Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек.
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 103 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.
Көздің талуын болдырмау жаттығулары:
Қарау бағытын өзгерту: алысқа - мұрын ұшына, солға – оңға, төмен - жоғары.
сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.
Көзді жұмып, қолмен жауып, 1 - 1, 5 минут отыру.
Шаршауды болдырмау жаттығулары:
Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.
Басты кезекпен екі жаққа бұру.
Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.
Оңға - солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп - созылу.
Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оларды әлеуметтік бейімдеу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуге тиіс және оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олай болса, жас ұрпақты өз - өзіне сенімді, өз бітінше шешім қабылдай алатын, тұжырымды ой - пікірі бар, жеке тұлға ретінде тәрбиелеу әрбір ұстаздың қазіргі таңдағы мақсатты жұмысы. «Көп білгеннен не пайда, жастарды жиып қасыңа білгеніңджі айтпасаң?» деп халқымыздың қара өлеңінде жырланғандай, келіп, көріп, үйренейік дейтін оқушыларға әрдайым есігіміз ашық. әрбір пән мұғалімі өз пәнін жақсы біліп қана қоймай, үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Сонда ғана ол шәкірт жүрегіне тура жол табар ұлағатты ұстаз атана алады демекпін.

Ашық сабақ. Технология. Тамақтану мәдениеті
Ашық сабақ. Технология. Бұрымды қыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу