Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Әлжанов Боранбай Сағиұлы
Білімі: Жоғары, К. Жұбанов ат. Ақтөбе МУ 1998 ж.
Мамандығы: Еңбек және сызу пәні мұғалімі.
Жұмыс орны: №77 орта мектеп.
Еңбек өтілі: 24 жыл.
Санаты: ІІ (екінші)
Қазақ ою - өрнегін ою әдістері
Сабақтың тақырыбы: Қазақ ою - өрнегін ою әдістері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұлттық ұлттық ою - өрнектер элементтерімен таныстыру, ою -өрнек ою шеберлігін дамыту, эстетикалық ұқыптылыққа үйрету.
Білімділік: Халқымыздың ұлттық ою - өрнек түрлеріне сипаттама беру.
Дамытушылық: Ойлауды, танымдық шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Жеке жұмыс жасай білуге дағдыландыру, көркемдік талғам мен икемділікті қалыптастыру және ою - өрнек жасау арқылы халқымыздың өнерін құрметтеуге тәрбиелеу. Керекті құралдар: түрлі – түсті қағаздар, қаламдар, өшіргіш, желім, қайшы. Сабақтың көрнекілігі: Ою-өрнек үлгілерінің түрлері мен сызба нұсқалары, Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері. Сабақтың негізгі бөлімдері: - теориялық; - сарамандық; - қорытындылау. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасып сабаққа қатысуларын тексеру; - сабаққа арналған материал мен құрал – жабдықтарды тексеру, техника қауіпсіздігін айтып өту. II. Теориялық бөлім:
Ою - өрнек туралы қысқаша мағлұмат. Қазақ халқының қолөнерінің сала – саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі – ою-өрнке өнері. Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түрлерінде де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының эстетикалық, әрі тұтынушылық мәнін аша түседі. Ою-өрнек өнерінің даму барысында әр дәуірдің өз таңбасы бар. Сонымен бірге халқымыздың географиялық орналасуына, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне байланысты, ою-өрнек үлгілері әртүрлі жағдайда түрлене дамып отырды.
Сонымен ОЮ-ӨРНЕК дегеніміз – геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы. ОЮ сөзін латынның ornamentum (орнамент), ал өрнек сөзін орыстың узор сөзінің баламасы ретінде қолдануға болады.
Ою-өрннектер композициялық құрылымына қарай өсімдік типтес ою-өрнек, зоомфорттық ою-өрнек және космогониялық ою-өрнек деп үш топқа бөлінсе, қазақ шеберлері көп қолданатын ою-өрнектердің мынадай атаулары бар: 1. Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер: ай, күн, жұлдыз, айшық, құс жолы, т.б. 2. Заттардың атауына байланысты өрнектер: балға, балта, тарақ, балдақ, қармақ, т.б. 3. Эпиграфиялық өрнектер – ағни жазуды өрнек тәріздендіріп белгілі бір заттың бейнесіне келтіре әдемілеп , астарлап жазу. 4. Ру таңбалары мен ел таңбалары және малға салынатын ен-таңбаларға байланысты ою-өрнек әлементтері: тұмар, айшық, шөміш, шылбыр, көсеу, ашамай, т,б.
Ою-өрнек - тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек. Заттың бетін әшекейлеу үшін ісмерлер әртүрлі тәсілдерді қолданылады. Олар: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау, тістеу, құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
ІІІ. Сарамандық бөлім:
Оюы көптің өрнегі көп, Өрнегі көптің ермегі көп. (халық нақылы)
Өз бетімен ою оюды үйрену үшін алдымен бір парақ шаршы қағазды аламыз да 1-сурет, 2-суреттегідей екіге бүктейміз. Содан кейін 3- суретте көрсетілгендей төрт қабаттап бүктеп ұшбұрыш шығарамыз. 3- суретте көрсетілгендей, сол үшбұрыштың бетіне болашақ өрнектің суретін салып, ақ бөлігі мен қара бөлігінің арасын қуалап қайшымен ойып аламыз.
4-суретте көрсетілген ретпен қағаздың бүктеуін жазып, 5-суреттегідей ою үлгісін аламыз.
5- суреттегі оюдың қара бояумен боялған бөлігін өрнегі деп аталады, ал 6-суреттегі көрсетілгендей қара бояумен боялған бөлігін өрісі (фон) дейді. Оюдың өрнегі мен өрісі түрлі түсті бояуға үйлестіре боялады. Кейде екі түсті аша түсу үшін өрнек пен өрістің арасына жіңішке етіп үшінші түспен бөледі. Оны са жүргізу деп атайды.
Келесі кезекте қиып алынған оюдың өрнегін көбейтіп, суретте көрсетілгендей тәртіппен орналасыру арқылы күрделі композиция құрастыруға болады. Міне, осы әдіспен әртүрлі жазықтық алып, /шаршы, ромб, үшбұрыш, шеңбер, т.б.) солардың ішіне әртүрлі өрнектермен композиция құруға болады.
ІҮ. Оқушылармен жұмыс: үлгіні пайдалана отырып, қағаздан ою - өрнек қиып, желіммен жапсырмалау.
V. Сабақты бекіту сұрақтары. 1. Ою - өрнек сөзі қандай ұғымды білдіреді?
2. Ою - өрнек неше топқа бөлінеді?
3. Ою- өрнекі ою әдісі? ҮІ.. Сабақты қорыту
Оқушылардың жұмыстарын талдау және бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма. Оюлар түрін ойып үйрену.