Ашық сабақ. Технология. Блузканы модельдеу
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
№1 ЖОББМ.КММ.
Технология пәнінің мұғалімі:
Тлесова Бейсенкул Мыркыбековна
Сабақтың тақырыбы: Блузканы модельдеу.
Максаты:
Білімділік:Оқушыларға иықты бұйымдарды модельдеудің әдістерімен таныстыру. Бузканың модельдерін өзгертуді үйрету. Сонымен қатар модельер мамандығымен таныстыру.Иықты киімдер жайындағы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын , эстетикалық талғамын қалыптастыру,шеберлік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу;сарамандық жұмыс барысында тәртіпті сақтау, өзара көмек көрсетуге үйрету, жұмысты аяғына дейін істеп үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі иллюстративті, көрсету, сұрақ жауап, әңгімелесу.
Көрнекіліктер: оқуылық, жұмыс дәптері,блузканың сызба негізі, нұсқау карталар,слайд, интербелсенді тақта.
Сабақтың құрылысы: Блузканың сызба негізін тексеру. Блузканы модельдеу.
Пәнаралық байланыс: сызу, математика, биология.
Сабақ барысы: A. Ұйымдастыру кезеңі:
1.тақтаны сабаққа дайындау.
2.оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3.оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
4.құрал жабдықты түгендеу.
B. Жаңа сабақ.
Блузка кең таралған әйел киімдерінің бірі. Блуза модельдері бір бірінен ұзындығымен,жеңінің фасонымен, силуетімен, жағасының бар немесе жоқтығымен ерекшеленеді. Блузкалар желбірмен, жапсырмалармен, жабо жағалармен әшекейленуі мүмкін.
Блузкалардың неше алуан моделін жасаудың әдісі сызба негізді өзгерту. Бұл жерде бүкпе сызықтарының орындарын ауыстыру , бұйымның ұзындығын ,жеңнің ұзындық кеңдігін өзгерту, жағаның түрлерін қолдану нәтижесінде жасалады.
1 сур
Осындай модель жасау өзгерту жұмыстарымен шұғылданатын адамдарды дизайнер деп атайды. Дизайнерлер тек қана киім саласында ғана емес басқа да салаларға қатысы бар мамандық. Дизайнер сөзі ағылшын тіінен аударғанда айрықша үлгі мен образдар ұсынушы деген мағына береді. Модельер дизайнерлердің ойлау қабілеті ерекше, дайын бұйымды көз алдына елестете алады. Олар еңбекқор, адамдармен тіл табыса білуі керек.
Және киімді пішіп тігуге икемді болу қажет. Біздіңелде Аида Қауменова, Құралай Нұрқаділова, Балнұр Асанова сияқты бірқатар танымал дизайнерлер бар.
Біздің ұсынып отырған моделіміз классикалық блузка(1 сур.)
. Классикалық блузка нұсқасы күнделікті киюге ыңғайлы да әдемі болып табылады. Оны модельдеп тігу үшін көйлектің сызба негізін пайдаланамыз.(2сур). Модельдеу жұмыстары барысында алдыңғы бой өзгертіледі.
2сур. Блузканың сызба негізі.
Артқы бой өзгертусіз қалады. Модельдеуді нақты өлшемдегі қағаз үлгіде орындаймыз.Ескерту : Матада ешқандай бүкпелерге кесу жасалмайды өйткені матадан өзгерген үлгіні қиямыз.
С. Практикалық жұмыс. 1. Сызба негізді бүкпелермен сызықтарды сақтай отырып қағаз бетіне түсіру. Бүкпенің шыңын А әрпімен белгілейміз.
2. Бел сызығынан бүкпенің жаңа орынын белгілеп А нүктесіне дейін сызық жүргізу.
3.Жаңа сызық бойымен бүкпені кесу, үстіңгі бүкпені жабу.
4. Бел сызығында жаңа бүкпе пайда болды. Бұл бүкпенің бел сызығындағы алғашқы бүкпеге қосылғанын байқаңыз.
D. Сабақты қорытындылау және бекіту.
1. Жаңадан алынған блузка моделіне сипаттама беру.
Блузка тігу үшін қандай мата түрлері ыңғайлы?
3. Блузкаға қойылатын талаптар қандай?
4. Модельдеу жасау үшін қандай құрал-жабдықтар пайдаланады?
Төмендегі сурет бойынша модельдеу жасау. Сипаттама беру.
Бағалау.
7. Жұмыс орнын жинастыру.
E. Үйге тапсырма беру : өзіңе ұнаған блузка фасонын модельдеп келу.