Ашық сабақ. Технология. Квиллинг өнері. Гүл панносын жасау.
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
№1 ЖОББМ.КММ.
Технология пәнінің мұғалімі:
Тлесова Бейсенкул Мыркыбековна
Сабақтың тақырыбы:Квиллинг өнері. Гүл панносын жасау.
Мақсаттар:
Квиллинг өнерімен таныстыру, қағаз орау техникасымен панно жасауды үйрету.
Оқушылардың шығармашылығын, жұмыс барысында техникалық ойлау қабілетін, фантазиясын дамыту.
Қолөнер арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке,достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер : квиллинг техникасында жасалған дайын жұмыстар, интерактив тақта.
Құрал- жабдықтар:квиллинге арналған қағаздар,түрлі – түсті картон,қайшы,кеңселік пышақ,жіңішке таяқшалар,ПВА желімі,жақтау үшін (конфет коробкасы)
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Қауіпсіздік ережесін қайталау.(қайшымен жұмыс кезіндегі ереже)
Тақтаның дайындығын тексеру.
II. Жаңа сабақпен таныстыру.
Қолөнерде таптырмас материалдың бірі қағаз. Қарапайым қағаздан сан түрлі қолөнер бұйымын жасауға болады. Қағазды пайдаланатын қолөнер түрлерін квиллинг,оригами, папье –маше,аппликация, скрапбукинг деп атайды.
Бүгінгі сабағымызда қолөнердің квиллинг деген түрімен танысып панно жасаумен айналысамыз. Қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны спираль тәрізді шиыршықтап, түрлі формаға келтіріп әдемі гүлдер, ою –өрнектер жасап үйренеміз.
«quilling» – ағылын тілінен аударғанда «құстың қанаты» деген мағына береді.Квиллинг алғаш рет Европада XIVғасырдың аяғында XV ғасырдың басында пайда болған. Басқа мәліметтер бойынша осы өнер түрі ежелгі Египетте пайда болды дейді.300-400 жылдары күміс және алтын жолақтармен құмыраларды безендірген және осы техниканы пайдаланып әшекей бұйымдар шығарған. 1200 жылдары квиллинг өте әйгілі болған. Ол аса құрметті әйелдердің сандық, айна , құты, рамка безендіру үшін қолданған. Тек ақшасы бар адамдар ғана квиллингті жасау үшін құралдарды сатып ала алған, өйткені жоғары сапалы қағаз ол кезде қымбат бағаланатын
III.Шығармашылық жұмыс.
1.Болашақ картинаның фонын дайындап алу. Ол үшін картон коробканың мөлшерімен түрлі-түсті картоннан төртбұрыш қиып алу.
2.Түймедақ гүлдерін жасау. Сары немесе ақ түсті ұзыншақ қағаздарды жіңішке таяқшаларға орап айналдыру. Толығымен оралып біткен соң таяқшадан алып қағаздың бос ұшын желіммен жабыстырамыз. Қағазды қатты тығыз орауға болмайды.
3.Дайын болған оралған қағазды әртүрлі формаға келтіру. Бірнеше данасын жасау керек.
4.Гүлдің ортасын жасау- ұзыншақ сары түсті қағазды шашақтап қию. Таяқшаға ораймыз, шетін жапсыру.
Барлық оралған элементтерді жинап бір біріне желімдеп гүл құрастырамыз. Гүлдің ортасына шашақталған сары түсті элементті жапсырамыз.
6.Жасыл ұзыншақ қағаздарды айналдырып жапырақ формасын жасау.
7.Балрық гүлдерді, жапырақтарды картонның бетіне жинақтап композиция құрастырамыз.
IV. Қорытындылау. Жасалған жұмыстарды көрсету. Баға қою.
V. Рефлексия . Не ұнады? Не үйрендің? Қиын болды ма?