Ашық сабақ. Дінтану. Ислам, ғылым және мәдениет

Oinet.kz 25-05-2020 2722


Пән:Дінтану Сыныбы:9 Күні:17.01.2014 жыл
Сабақтың тақырыбы. Ислам .Ғылым және мәдениет.

Сабақтың мақсаты: Білімділік :Исламның идеологиялық бағыттағы даму жолдарын, ол жолдардың жазбаша және ауызша халық шығармашылығымен байланысын Әл-Фараби, Абай, Шоқан, Ыбырай сынды ғұлама ақындарымыздың шығармаларының тәрбиелік мәні арқылы меңгеруге жетелеу.
Дамытушылық : Қосымша деректі материалдармен,фактілермен таныстыру арқылы оқушылардын ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік :Оқушылардың бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани- адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау,талдау,пікірлесу.
Сабақтың типі: «Модульдік оқыту технологиясы»
Сабақтың жоспары. 1.Ұйымдастыру кезені.
2.Сабақтың мақсаты мен міндеттері.
3.Жаңа білімді хабарлауға даярлық.
4.Жаңа білімді түсіндіру.
5.Бекіту.
6.Қорытындылау,бағалау.
7.Үйге тапсырма.
Модуль №1.Оқушылардың білім - біліктігін диагностикалау.
1 Дінді қалай түсінесіндер?
2 Ислам дінінің ең қасиетті кітабі қалай аталады?.
3.Ислам діні қазақ хаңдығына қай ғасырдан бастап еңді?
4 Қазақ халқының ежелден ұстанатын діні?
5.Діннің адам өміріндегі маңызы қандай?
Модуль №2.Мотивациялық модуль.
Фильм көрсетілімі.
Оқушылардын пікірін тындау.
Сұрақтар қою арқылы
Модуль №3.Оқушылардың білімін тереңдету
Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай
Ислам діні келгенге дейінгі кезең Ислам шариғатында «Надандық дәуірі»:
- адамзаттың рухани азғындыққа ұшырауы;
- имансыздықтан тұншығуы;
- Арабстанда нәпсіқұмарлықтың шегіне жетіп, зұлымдықтың, маскүнемдіктің, ұрлықтың, зорлықтың, зинақорлықтың кең етек алуы;
- Пұтқа табынушылықтың зорақысының жасалуы, мысалы, Исламға дейінгі кезеңде әйелдерінің қыз босанғанын намыс көріп, одан құтылу үшін қыз балаларды тірідей көміп, тастау сияқты тұрпайы салт болғаны туралы тарихи деректерден белгілі.
Алайда, Алладан аяттар («уақи») түсе бастағанда көпшілік Құранның жоғары екендігін мойындағаны шындық.
Ислам дінінің пайда болуы
Ислам дінінің де, басқа дүниежүзілік діндер сияқты өзінің ұзақ тарихы бар.
Ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың әдет-ғұрпына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты, көңіл-күйіне, психологиясына қарай өзіндік ерекшеліктері де бар.
Әлемдік діндердің ең жасы - Ислам діні біздің заманымыздың 609-639 жж. аралығында (VII ғасыр) шығыс пен батыс өркениетінің тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болды.
Ислам діні ортағасырлық Араб халқын ұйыстыруға, жаңа саяси құрылым «халифаттың» орнығуына, біртұтас ел қалыптастыруға, әлемде «мұсылман үмбеті» деп аталатын жаңа қауымның түзілуінде маңызды факторға айналды.
Ислам дінінің негізгі ұстанымдары: Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың өнеге етіп қалдырған іс-амалдары (суннеті).
Мәліметтер бойынша, Хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық ақыл-ойы кемелденген 40 жасында қонған екен. Осы елшілік міндетті 610 жылы Рамазан айында Хира тауының басында Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші Жәбрейіл періште жеткізген делінеді (алғашқы аяттардың түсірілгені туралы аңызбен толықтыру).
Ислам дінінің 622 жылы мұсылмандар Меккеден Мединаға көшіп келегеннен кейін таралуы қарқынды күш алды. Медина қаласы Ислам дінінің бүкіл мұсылман әлемінің қасиетті мекеніне айналды.
(Шариғат, Ислам дінінің бес парызы, Күәлік сөзі (кәлимә шәхада), Намаз, Қағба, Иман шарттары, Төрт үлкен періште туралы түсінік беріледі).
халқының ежелден ұстанатын діні - ислам. Тарихи деректерге сүйенсек, ата-бабаларымыздың ислам дінін қабылдағанына шамамен 1200 жылдан аса уақыт өтті. Содан бері ислам діні қазақ жерінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін қазақтың бөлінбес еншісіндей болып келді. «Малым - жанымның, жаным - арымның садағасы» деген қазақ халқы небір қиыншылық, зобалаң замандарда да ислам дінін тастап, басқа дінге кеткен жоқ. Тіпті, кешегі қылышынан қан тамған кеңес дәуірінде де қазақ халқы толықтай діннен хабардар болмаса да, әйтеуір мұсылманбыз деп жүрген.
Қазақ мәдениеті мен мемлекеттілігінің қалыптасуында Ислам дінінің рөлі өте жоғары болды. Қазақ халқының ұлттық діңгегі болып саналатын салт-дәсдүрі, әдет-ғұрпы, адамгершілік ұстанымдары , елдік санасы да исламның негізінде қалыптасты.
15 ғасырдың екінші жартысында Орта Азиядағы қуатты мемлекеттің біріне айналған Қазақ хандығы жүздік, рулық жүйеден тұрды.Ұлан байтақ жерде бір тіл, бір дін, бір дәстүрдің қалыптасуына ислам дінінің тигізген әсері жайлы деректер ауыз әдебиетімен қатар, жазба деректерде расталады
Қазақстан тәуелсіз ел болып жарияланған соң, дін бостандығы жаңа арнаға түсіп, Қазақстан Республикасы өзін зайырлы мемлекет деп жариялады. Конституциямызда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген (Қазақстан Республикасының Консти-туциясы). Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде өз азаматтарының заң жүзінде діни сеніміне, таңдауына және ұстану құқығына кепілдік береді.
Мемлекеттің басты заңына сәйкес, діннің және діни бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің, халықаралық тәжірибелеріне негіз-делген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер бар. Дегенменде, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізер әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл анықталмаған. Осындай белгісіздік, әсіресе, оның теріс салдары еліміздегі қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа үрдістерге байланысты анық та, айқын аңғарылуда.
Исламның таралу аймағы
VII ғасыр. Ислам дінінің аумағы Араб түбегін қоса алғанда Солтүстік Африка, Пиреней түбегі, Месопотамия, Иран, Ауғанстан, Кавказ аумағы, Орталық Азия мен Үндістанның солтүстігіне дейін жеткен.
Ислам дінінің ұстанушылар саны шамамен 2 млр-қа жуық.
90%-ы Сунниттер.
Шииттер Иран мен Ирак аймағында ғана кездеседі.
120 –дан астам елде Ислам діні таралған.
Сенушілер әлемінің 35 мемлекеті халқының басым бөлігін құрайды.
Әлемнің 28 елінде ресми дін болып жарияланған.
Халықаралық мұсылмандық сипаттағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар:
1. 1966 жылы Меккеде құрылған Ислам әлемі Лигасы
2. 1969 жылы Ислам конференциясы ұйымы
3. 1973 жылы құрылған Европаның Ислам Кеңесі ұйымы
Қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов,Ы Алтынсарин,А Құнанбаев,еңбектерінен халықтық тілім-тәрбие менимандылық негіздері баға жетпес байлық екенін білеміз.
Қазақ дінінің |менталдығының| тірегі, ұлттын рухани болмысының маңыздысы – имандылық . Имандылық концепті – тілімізде көптеген ұғымдарды біріктіретін, жинақтайтын жалпы түсінік. Ар, ождан, ұят, шын, шындық , намыс, жүрек, жан, тазалық , әділет, мейрім – имандылық концептісінің тірек ұғымдары.
Шаһкәрім философиясының негізі – имандылық .
Шыннан асқан Құдай жоқ ,
Анық Құдай – Шын Құдай,
Ұқпай қалма алаң боп,
Шын болмаса , кім Құдай?
Бұрын шын бар, бүгін шын,
Ертен шын бар-үш бөлек.
Керегі жоқ бұлардың ,
Бұзылмайтын шын керек,- Шын Алланы мадақ етіп, Шынға ғашық болған ақын бұл пәнидін қызығына көнілі толқитындардың Шыннан алыс екенін де нақты ескертеді.
А Құнанбаевтын он үшінші қара сөзін алсақ . Иман деген – Алла табаракка уа тағаланың , шәриксиз , ғайыпсыз , бірлігіне , барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз салалаһу ғалайһи уәсалләм арқылы жіберген жарлығына , білдіргеніне мойын ұсынып , инанмақ . Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі – не нәрсеге иман келтірсе , соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып ,ақылы дәлел – испат қыларға жараса , мұны якини десе керек. Екіншісі – кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп , сол иман келтірген нәрсесіне соншалық берік боларға керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да , мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де , соған айнып , көңілі қозғалмастай берік болу кетрек. Бұл иманды иман таклиди дейміз.
Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек , пайнымас көңіл, босанбас буын керек екен . Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ , таклиди иманы бар деуге беріктігі жоқ , я алданғанға , я азғырғанға , я бір пайдаланғанға қарап , ақты қара деп , я қараны ақ деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын. Әрнешік білмек екрек , жоғарғы жазылмыш екі түрден басқа иман жоқ . Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде Құдай тағала кеңшілігімен кешеді – дағы демесін , оның үшін Құдай тағаланың ғафуына яки пайғамбарымыздын шафағатына да сыймайды , мүмкін де емес . «Қылыш үстінде серт жоқ « деген, «Құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрсын.
Соңымен қатар А Құнанбаевтын иман туралы мына өлен шығармасынан көруге болады.
Алланың өзі де рас , сөзі де рас ,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан , оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Ы.Алтынсариныңда мына өлен шығармасынанда көруге болады.
Бір Құдайға сыйынып ,
Кел , балалар оқылық .
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Әл-Фараби 870 жылы Отырар қаласына жақын Весиж атты елді мекенде дүниеге келген. Әл-Фараби 20 жасқа дейін Фарабта білім алып , кейіннен араб халифатындағы көптеген елдерді аралап , ғылым-білім жолына түсті.
Әл – Фараби өз дәуіріндегі атқарған ең маңызды қызметі дін мен философия арасына көпір салды. Оның ойынша нағыз ойшыл философ пен пайғамбар арасында айырмашылық аз. Әл – Фараби дана ойшылдарды , дін шындығын түсіндіру мәселесінеде , пайғамбар дәрежесімен теңестіреді. Әл-Фарабидің пікірінше, ең кемеңгер басшы бойында ойшылдық қасиеті бар адам. Бұл қасиеттер Мұхаммед пайғамбардың бойында болған.Соңдықтан Әл-Фараби Мұхаммед пайғамбарды «Бірінші басшы» деп есептеген.
Модуль №4.Білімді бекіту.

V. Жаңа материалдың қабылдануын тексеру











VI. Жаңа материалды бекіту
Тест
1. Дәуіт пайғамбарға түскен кітап
А) Құран В) Інжіл С) Зәбур Д) Тәурат
2. Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші періште
А) Жәбірейіл В) Микәйіл С) Исрафил Д) Әзірейіл
3. Исламдағы шариғат негізінің төрт мәселесінің бірі
А) Ораза ұстау В) Тәрбие (Аһлақ) С) Кітаптарға сену Д) Қажылық
4. Ислам діннің бес парызының бірі
А) Періштелерге В) Тағдырға сену С) Амал Д) Куәлік сөзін айту
5. Елшілік міндетті хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) Хира тауының басында Жәбірейлі періште қай жылдың Рамазан айында жеткізді?
А) 630 В) 622 С) 610 Д) 609
6. Ислам діні әлемде кең таралу жағынан ... орында? (екінші)
7. 1962 жылы Меккеде ... әлемі Лигасы құрылды. (Ислам)
8. ... Иран мен Ирак аумағында кездеседі. (Шииттер)
9. Әлемнің ... елінде Ислам діні ресми болып жарияланған. (29)
10. Дүние жүзінде Ислам дінін ұстанушылардың 90 пайызы ... . (Сунниттер)
11 Исламның жазбаша және ауызша халық шығармашылығымен байланысы.
(Әл-фараби,Абай,Шәкәрім,Шоқан Уәлиханов,Ыбырай Алтынсарин)пікірлерін тыңдау.
VIІ. Үйге тапсырма беру
Дінтану негіздері. Ғ.Есім., т.б. Алматы «Білім» баспасы 2010
§11. 1. 131-148 бб. 148 беттергі сұрақтарға жауап беру
Озық тапсырма:
1. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) (реферат)

Ашық сабақ. Дінтану. Исламдағы негізгі бағыттар
Ашық сабақ. Технология. Квиллинг өнері. Гүл панносын жасау.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу