Дарвин ілімі (реферат)
07-12-2019
Бекітемін: Пәні: Дінтану негіздері
.................... Сыныбы: 9
................... Өтілетін күні: .....................
Сабақтың тақырыбы: Ислам дінінің пайда болуы және оның әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлері. Исламдағы негізгі бағыттар.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1. Оқушыларға ислам діні, ислам діни ғұрыптары туралы терең білім беру және білім-біліктілігін қалыптастырып, арттыру.
2. Оқушыларға ислам діні туралы тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.
3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.
Мақсаты: оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымының қалыптасуына жағыдай туғызу.
Негізгі ұғымдар:
«Ислам»– бейбітшілік, мойынсұну.
«Адап» немесе «әдеп»–адами жақсы тәртіп, әдептілік.
«Аллах»–құдайдың арабша аты (99 атының бірі).
«Ихлас»–адалдық, берілгендік, мойынсұну.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті тақтамен жұмыс
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа материалды түсіндіру.
Жоспар
1. Исламның таралуы.
2. Исламдағы 40 парыз.
1. Орта Азия және Қазақстан территориясына Ислам VII ғ. ІІ жартысында Омеядтық халифа Муави Ибн Суфиянның тұсында енді. Дін таратушылардың қолбасшысы Құтайба Мүслім ұлы еді. Ол жаулауды Бұхара, Самарқанд, Насаф, Мерв, Хорезм, Баласағұн сияқты үлкен қалалар орналасқан Маверанахрдың төңірегінен бастаған еді. Ал қазіргі Қазақстан төңірегінде Исламның орнығуы Әбу Мүсілім бастаған мұсылман әскерінің 751 жылы шілде айында Талас маңындағы Ахлет (Атлах) деген жерде болған соғыстың жеңіске жетуі үлкен әсерін тигізді.
Осы уақыттарда еліміз аумағы Қарахан хандығына қарасты болатын. Алтын Орданың мұсылмандықты қабылдауымен нығая түсті. Бұл процесс Берке (1255-1266ж.ж.) ханның тұсында басталған еді. Ислам XIV ғ. әмір Темірдің кезінде де ерекше беделді болды.
Біздің елімізге негізінен дін таратушылардың әкелген бағыты Ислам дінінің имам Ағзам бастаған Ханифит мазхабының сунниттік бағыты.
Исламдағы 4 мазхаб (мектеп):
Имам Ағзам Абу ханифа Имам Шәфиғ Имам Малики Хамбал
Ақыл-есі дұрыс және балиғ шағына жеткен әркімнің ең алғашқы міндеті иманның негіздеріне илану, исламдағы 40 парызға бағытталады:
Иман (сенім)шарттары (6), (7).
1. Алланың барлығына және бірлігіне.
2. Алланың періштелеріне.
3. Алла тағаланың кітаптарына.
4. Алла тағаланың пайғамбарларына.
6. Ақирет күніне.
7. Тағдырға: жақсылық және жамандықта Алладан деп білу.
Ислам шарттары (5).
1. Калимә-шәһәдәт айтып иман келтіру.
2. Намаз оқу.
3. Ораза ұстау.
4. Зекет беру.
5. Хажыға бару.
Дәреттің фарздары (4).
1. Бетін жуу.
2. Қолдарын шынтақ және білегімен бірге жуу.
3. Басының ¼- мәсих тарту.
4. Аяқтарын қызыл асығымен бірге жуу.
Ғұсылдың фарыздары (3).
1. Ауызға су алып, тамаққа дейін шаю.
2. Мұрынға су алып тазалау.
3. Бүтін денені жуу.
Хайз жағыдайлары (3).
1. Етеккір жағыдайы.
2. Нифас халі (босанғаннан кейінгі жағыдай).
3. Истахаза (3 күннен аз келген қан).
Намаз фарздары (12).
1. Хадастан Тахарәт : хадәс деген мәнәби кірдің тазалануы үшін дәрет алып қажет кезінде ғұсыл құйыну.
2. Нәжестен Тахарәт : намаз оқитын адамның денесін де, үстіндегі киімінде және намаз оқитын жері лас болса тазалау.
3. Сәтр-Ғаурет: намаз оқитын кісінің денесіндегі жабық болуға тиісті жерлері жабылған болу керек (еркектерде: кіндік пен тізе арасы; әйелдерде: беті, қолы және аяқтарынан басқа денесінің барлық жерлері жабық болу керек).
4. Истикбал-Құбла: намазды құбылаға қарап оқу. Құбла Мекке шәһәрындағы Аллаға ғибадат ету мақсатымен салынған қасиетті Үй-Қағба, оны Хз. Ибраһим және Хз. Смағұл салған.
5. Уақыт: намаздарды өз уақытында оқу. Уақыт кірмей намаз оқуға рұқсат етілмеген.
6. Ниет: қай намаз екенін біліп, еске ұстап және тілмен сөйлеу. Ниеттің тілмен айтылуы сүннет.
Намаздың Рукундері:
1. Ифтитах-тәкбір: намазға бастағанда тәкбір алу.
2. Қыям: намазда түрегеп тұру.
3. Қирағат: намазда түрегеп тұрып құран оқу.
4. Рукуғ: намазда қолдарын тізеге жеткізіп иілу.
5. Сәжде: рукуғдан кейін аяқтар, тізелер және қолдарымен бірге маңдайын жерге тигізу.
6. Қағде-ақира: намаздың соңынан «әт-тахиятты» оқитындай отыру.
Таямумдағы фарз (4).
1. Ниет.
2. Таза жерді іздеу.
3. Екі қолдың алақанымен жерге тигізіп, бетті сүрту.
4. Тағы да бір рет тигізіп қолды шынтаққа дейін сүрту.
Әмір Мағруфтағы фарз (2).
1. Жақсылыққа бұйыру (Әмір мағруф).
2. Жамандыққтан қайтару (Нахий Мункар).
Білім алу–(1).
III. Сабақты қорытындылау.
1. Ислам діні қалай пайда болды?
2. Ислам дінінің ерекшелігі қандай?
3. Исламдағы 40 парыз ұғымына талдау жасаңдар.
ІV. Үйге тапсырма. §11.1,4,5 оқу