Ашық сабақ. Дінтану. Дін және дінтану.
1 тақырып. Дін және дінтану.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.
Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу.
Мақсаты: діни сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа материалды түсіндіру.
Дін
↓
әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс;
Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындауы және соған илануы.
Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз.
Дінтану ғылымы – дінді ғылыми тұрғыдан тану тәсілдеріне бағыттайды: | ||||
Теологиялық | Философиялық-әлеуметтік | Биологиялық | Психологиялық | Этнологиялық |
Теология (грек сөзі teos-құдай, logos-ілім) немесе конфессионалдық (грек сөзі konfessio-мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді. | Қоғамдық сана мен дүниетанымының нысаны, діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі бір әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс,
діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу. | Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және «діндарлық генінің» болуы ықтимал деген болжам жасайды. | Қандай дінді алсақ та оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. | Дін этностардың оқшаулану факторлары-ның бірі болып табылады және этнос мәдениетінің қалыптасуын-да айтулы роль атқарады. |
Діни сана құрылымы
діни сенім діни таным діни идеология
Діни ілімді жинақтап, саралау, түсіндіру және тарату, діни идеологияны жасап, орнықтыру
↓ Діни қызмет: | |
Ілімдік | Ғұрыптық |
Діни насихат, діни оқу орындарында білім беру. | Құлшылық жасау, діни мерекелерді атап өту, құлшылық жасайтын ғимараттар тұрғызу, діни ритуалдарды орындау. |
Діни бірлестіктер | ||
Діни мекеме (мешіт, шіркеу, синогога және діни оқу орны т.б.) | Секта ( лат. «ойлау тәсілі, ілім, бағыт») | Деноминация (лат. denomen – «атын өзгерту») |
Орталықтандырылған (бір ортаға бағынатын) құрылымы және төменнен жоғарыға дейінгі басқару жүйесі бар. | Әдетте орнықты діни ілімге оппозициялық ағым, әлеуметтік, дүниетанымдық, ғұрыптық қарсылық түрінде пайда болады, тек өзінің ұстанған жолының дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді. Секталарға тән нәрсе–өздерінің құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім, оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік, секта мүшелерінің теңдігін жариялау. | Басқа діни бірлестіктерден бөлініп шығады, не әуелі бастан дербес қалыптасады. Оған тән нәрселер: иланушылардың құдайдың қалаулы пенделері екендігіне деген сенім; оқшаулану міндетті саналмайды; қоғам өміріндегі және діни тұрмыстағы белсенділік; қауымның мүлтіксіз ұйымдық тәртібі; мүшелерінің құқықтық теңдігі және басшыларының сайланбалылығы; дін қызметшілері мен қатардағы құлшылық иелеріне бөлінбеу, сонымен қатар кәсіби ғұрып атқарушыларының болуы. |
Мифология–адамдардың өздерін қоршаған орта туралы түсінігін тарихи, өздігінен болды деп сенетін түрлі бейнелер, кейіпкерлер мен оқиғалар арқылы жеткізуі
↓
Бір ғана құбылысқа, жеке бейнеге, бір оқиғаға қатысты болса, ол миф деп аталады
Мазмұнына қарай
мифтер