Үркер туды, сорпа ас болады (аңыз)
Үркер көтерілуімен байланысты аңғарылатын табиғат құбылыстары жайында ел былай дейді:– Үркер туды, енді таң ұзара береді.
– Үркер жер бетіне шықты, қозы пісті.
– Үркер көтеріліп қалғанда, шөп те көтеріледі, бидай да бас тартады.
– Үркер көтерілгеннен кейін малдың арықтығы білінбейді.
– Үркер көтеріле саулықтың еті мен сорпасы тәтті болады, өйткені түн ұзарып, көп күйсейді.
– Үркер көтерілсе, күн қысқара береді, қозының етіне дәм кіреді.
– Үркер туды, тоқты сорпасы ас болады.
Сөйтіп бұл сөздерден мынау аңғарылады: Үркер көтерілген сайын түн ұзарып, күн қысқара береді. Өсімдік көтеріле береді, оны жеген мал семіріп, оған күй біте бастайды.
«Аспан сыры» кітабынан