Кіші жүздің шежіресі. Байұлы. Қызылқұрт руы
Ұраны Жиембай, таңбасы:
немесе
Біз бұл руды Кіші жүз құрамында алғаш рет А. Левшиннен кездестіреміз. М. Тынышбаев келтірген шежіре бойынша, біз қызылқұрт руында емірей, олжашы, ерші деген үш тармақ болғанын көреміз. Бламбергтің материалдары мен ел арасынан біз жинаған мәліметтерге қарағанда, онда үшеу емес, қайта төрт тармақ кездеседі. Жоғарыда аталғандарынан басқа тағы да төртінші тармақ сүбе (саба) бар, мұны біз ең дұрысы деп санаймыз.
Қызылқұрт руының таңба белгісі (Мейер бойынша), (Тынышбаев және архив материалдары бойынша), ұраны «Жиенбай». Таңбалардың әр түрлі болуы бұл рудың шыққан тегінің аралас екенін дәлелдейді. Ал оған қандай компоненттер кірген?
Бұл жөнінде ең алдымен тым болмағанда қызылқұрттың тармақ ретінде Кіші жүздің тама руында бар екені және дәл сондай тармақтың ысты тайпасының (Ұлы жүз) ойық руында бар екені бойынша пікір айтуға болады. Бұл ретте олардың соңғылармен тіпті таңбасы да ұқсас | (көсеу).
Бұл екі жайт Қызылқұрт руы ысты тайпасынан шыққан және оның бір кезде бөлініп кеткен бөлігі Тама руына тармақ ретінде қосылған деп кейбір анықтық үлесімен жорамалдауға мүмкіндік береді. Әрине, бұл ру қалыптасуының басқа нұсқалары да болуы мүмкін, өйткені оның шыққан тегі туралы біздің қолымызда анық мәліметтер жоқ, бірақ қандай жағдайда да Қызылқұрт, Тама және Ысты арасында туыстық барын теріске шығаруға болмайды. Қырғыздардың сару тайпасында, жетауру бөлімшесінде қызылқұрт руы ұшырасады. Этнонимдердің сәйкес келуі кездейсоқтық па, әлде олардың туыстығын дәлелдей ме қазір мұны айту қиын. Бұл болашақтағы зерттеулердің мәселесі.
Қызылқұрт руының басқа таңбалары ең алдымен басқа рулардан, атап айтқанда, таңбасы болып табылатын байбақты руынан, таңбасы болып табылатын масқар руынан және т. б. шыққандар да бар.