Ұлы жүздің шежіресі. Шапырашты руы
Ұраны «Қарасай», таңбасы:
ай, тумар,
Ұлы жүз құрамына кіретін Шапырашты руы туралы ежелгі жазба деректерде ешнәрсе жоқ. Шапырашты қазақ шежіресінде Үйсіннің шөбересі, Бәйдібектің немересі болып есептеледі, ал Бәйдібек болса Ұлы жүздің жеті руының (Сарыүйсін, Албан, Суан, Дулат, Ысты, Ошақты және Шапырашты) түп атасы. Бұл рулардың ішіндегі ең байырғылары жазба деректерде бар Сарыүйсін, Дулат, Албан, Суан болып есептеледі, ал Ысты, Ошақты мен Шапыраштыға келетін болсақ, М. Тынышбаев олар Үйсін рулары одағына кейіннен енді деп есептейді. Бұл пікірдің жаны бар секілді.
Шапыраштының рулық құрамы жөнінде Н. Аристов, М. Тынышбаев пен В. Востров еңбектерінде мәліметтер ұшырасады. Біз оны өз зерттеулерімізбен толықтырып, ата тек туралы мұқият кесте жасадық (6-қосымшаны қараңыз). Шапырашты руларының үрім- бұтағы туралы қазақ шежіресінің тамаша білгірлерінен құнды деректер жиналды. Бұлар Жамбыл облысының Талас ауданының тұрғыны 1904 жылы туған (Шапырашты) Көшербай Құлыбеков; Алматы облысы, Жамбыл ауданының тұрғыны 1897 жылы туған (Шапырашты) Сәрсенбек Қопабаев; Алматы облысы, Шелек ауданының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты) Қожахмет Кәрібаев; Алматы облысы, Амангелді атындағы кеңшарының тұрғыны 1905 жылы туған (Шапырашты) Жүнісбек Өмірбеков; Алматы облысы, Таутүрген аулының тұрғыны 1900 жылы туған (Шапырашты) Жұмабай Жаманбалаев; Алматы облысы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1905 жылы туған (Шапырашты) Ыдырыс Сүлейменов; Алматы облысы, Амангелді атындағы кеңшардың тұрғыны 1898 жылы туған (Шапырашты) Аңласбай Юсупов еді.
Біздің мәлімет берушіміз Сәрсенбек Қопабаев Шапырашты руының шығу тегі туралы халық арасына кең тараған өте қызғылықты аңызды айтып берді. Онда Бәйдібектің екінші әйелі Зеріптен Жәлменде (Жалмәмбет) атты ұл туып, ол сымбатты да пысық жігіт болып өседі. Бірде ол қыстыгүні әкесінің жылқы тебінінде жүріп, Қоңырат руы, Қызыл биінің қызы Мапырашты сұлумен танысады. Сол жылы жазда Жәлменде әкесімен бірге қызды айттыруға Қызыл би ауылына барады. Жолай көкжал қасқыр кездесіп, оны соғып алады. Осы олжамен Қызыл би ауылына бұрылып, Жәлменде қасқыр терісін сыпыруға кіріседі. Сол сәтте оған Мапыраштың жеңгесі жас келіпшек келіп, қасқырдың бауырын алып беруді қанша өтінсе де бас тартады, алайда ол жас әйелдің қиыла берген соң тілегін орындайды. Ол бауырдың өз сүйгені Мапыраштың жерігін басу үшін керек екенін түсінеді. Келесі күні әкесі құда түсу жайын айтқанда Қызыл би сылтау айтып, айниды. Тіпті болмаған соң, Жәлменде қыз әкесіне үш айлық бала күтіп жүргенін, туған соң оны өзіне қайтаруын алға тартады. Қыз әкесі тығырыққа тіреліп, ақыры қызын күңі Сландымен бірге Жәлмендеге ұзатып, көп қалыңмал алады. Біраз уақыттан кейін айы-күні жетіп, Мапырашты сұлу ұл табады. Оның көзі шапыраш болып, содан Шапырашты деп аталып кетеді. Бір жолы Жәлменде Слайды күңмен де көңілдес болып қалады да, Слайды Жәлмендеден ұл тауып, оның атын Ысты қояды. Көп ұзамай Шапыраштының анасы дүние салып, Жәлменде балдызы Қарашашқа үйленеді. Жайлауда Қарашаш екіқабат болып жүріп қонақтарға түстік дайындап жатқанда кенет ошақ қасында босанып, оның есімін Ошақты деп атайды. Сонымен, Жәлменденің үш әйелінен үш ұл: Шапырашты, Ысты және Ошақты туады. Олар бөлек-бөлек жасау алып, өздерінше отау көтереді. Ал балалар әкесі өлген соң іпешелерінен енші алып отырған. Сондықтан Жәлменде көзі тірісінде әр мұрагеріне енші беріп, олардың әрқайсысына айрықша таңба береді. Шапыраштыда )) , Ошақтыда ∆, Ыстыда I. Көріп отырғанымыздай, олардың таңбалары бір-бірінен мүлде бөлек, тіпті оларды жалпы әлде бір белгілердің түрлері деп есептеуге болмайды. Сөйтіп, оларды шежіреде бір әкеден тарады дегенмен, таңбалары бойынша туыс деп санауға болмайды. Бұл тұста халық дәстүрі бойынша, «әр әйелден туған бала бір рулы ел» дейтін мәтел расталғандай.
Шежіреде көрсетілгендей, Шапырашты үш рулық бірлестіктерге бөлінеді, атап айтқанда: 1) Малдыыстық, 2) Желдіыстық, 3) Қылдыыстық. Бұл этнонимдер ел аузында ру деп аталмайды, ал келесі ұрпақтар айқын аталар болып кете береді. Мәселен, Малдыыстық үш руға: Екей, Еміл, Есқожаға бөлінеді. Аңызда Есқожа Емілдің отбасына кірме (арғы тегі түркімен деседі) деп айтылады. Еміл ерте өліп, үйелмелі-сүйелмелі екі жас баласы жетім қалады. Есқожа Емілдің жесіріне үйленіп, жеткіншектерді қанатының астына алады. Халық аузында Есқожаны атақты бай, күшті және өте іскер адам деп сипаттайды. Оның бес әйелі, көп бала-шағасы болыпты. Кейіннен Емілдің де, өзінің де балалары Есқожа ұрпақтары деп аталып кетеді, бірақ ата-текті жақсы білетіндердің айтуынша Екей руы екі ата Жарымбет пен Бәйімбет болып бөлінсе, Жарымбет екіге топталады: Ақтөбет (Қайсыбай, Бисенбай, Изепбай, Жусанбай) пен Бердіс (Өтеғұл, Өтеп, Күлкеней, Салағой, Текеш), Өтеғұлдан Сапболат, одан Майемер, одан Қалдаи, одан Қопабай, одап Сәрсенбек (мәлімет беруші, 1879 жылы туған). Өтептен Оршаң, одан Сәдібек, одан Жабай, одан қазақтың ұлы ақыны Жамбыл (1846-1945). Күлкенейден Ботақара, Салағойдан Бейсен, Текештеп Кінәз.
Бәйімбеттен төрт ата тарайды: Әлке, Сабыншы. Шындәулет, Бекпенбет. Еміл руынан Жайық пен Алысай. Жайықтан Қойайдар (Қошқар, Сарытілеу, Күсеп, Жолай), Жанай, Сүйіндік пен Қармыс (Тайторы).
Алысайдан Сары, одан Тілеуімбет, одан Болай (Бикісі, Бүлкісі, Боранғазы, Жолдыбай, Шоқа), Боранғазыдан Жаманқара (Ерқотан, Сералы мен Битан Сарымсақ, Сарман, Сарыбай, Қармыс, Қарсақ, Тышқанқұлақ Байқұлақ, Бөрлібай, Махмет пен Қарсыбай (Нүсіп); Нүсіптен Әлжанбай (мәлімет беруші, 1898 жылы туған). Одан Шапыраштыға дейін 13 ата. Есқожа руы бес атадан тұрады: Шағаман, Тоғызтоқпақ, Төретұқым (Жаушы, Бақай мен Тоқтамыс), Шуаш пен Алтынай.
Алтынайдан Абыз; Абыздан Шегір, Қайдауыл, Қарасай батыр. Қарасай батырдың есімі күллі Шапыраштының жауынгерлік ұранына айналды. Одан Өтеп (Нартайлақ, Асан, Бәлпеш пен Атығай), Көтеш (Айдар, Нәуеш, Жиек), Ауыз бен Түрікпен. Түрікпеннен Тілеу, Жарылғап (Қойсоймас, Қойгелді, Қараш батыр (Кенесары Қасымовтың қанаттасы), Сатыпалды, Қараша мен Тоқты), Түлкіқұрт (Көкше Ыстамбек-Саурық батыр) пен Малқара. Саурық батыр 1725 жылы Торғайда қалмақтармен соғысты. Малқарадан Итаяқ, Быжыбай мен Қазақбай. Итаяқтан Тайбағар, Шақабай (Үшке, Түлкі, Айтбек, Меңдібай), Кебенек, Бірназар, Дабыл мен Талқан. Үшкеден Тілеш, Бітеіп, Айташ пен Қопабай. Тілештен Өмірбек, одан Жүнісбек (мәлімет беруші, 1905 жылы туған). Ол Шапыраштыға 13 атадан қосылады.
Желдіыстық руы бірлестігінен ірі екі ата шығады: Шыбыл мен Асыл. Асылдан тарайтын Әжіке, Кеней, Теке мен Төлеміс «Төрт Асыл» деп аталады. Шыбылдан Жәдік, Қарабайыс пен Сарыбайыс, Құлжұдырық. Соңғыдан Шатыр Абыз Бәйімбет, одан Айбас, Балапан-Барақ пен Қайыпберді (Бажырық, Қарауыл мен Төлебай). Төлебайдан Шыбылтай, Дәулет, Бөген, Мәмбет, Олжабай. Соңғыдан Дербісәлі, Жиенәлі, Байдәулет, Көшкінбай. Одан Кәрібай, одан Қожахмет (1928 жылы туған). Ол Шапыраштыға 12 атадан барып қосылады.
Асылдан Орынбет, Әжіке (Дәулет, Текелік, Мәмбет, Кеней) мен Түнқатар немесе Таңатар (Өмір, Көрпе). Өмірден Бұзаушы, Төбет, Құлан, Жанай, Теке, Төлеміс. Текеден Дәулетбай (Қара, Шақа, Сарыбай мен Ырысбай) мен Сатай (Батырбай, Тоқтабай, Жолшора, Ақбіте, Маншап). Ырысбайдан Баян, Байқоныс, Байтемір, Жидебай, Қылышбай.
Төлемістен Байет (Келдімұрат, Бардымұрат, Байсеңгір, Қарасеңгір, Наурызбай). Төлемістің ұрпақтарын бес немересімен ел ішінде «Алты ата Төлеміс» дейді.
Қылдыыстық рулық бірлестігінен Айқым, одан Қайдауыл мен Қалқаман. Өкінішке қарай, бұл аталардан одан әрі нақты деректер жоқ.
Шапырашты руындағы бес ірі аталар Екей, Есқожа, Шыбыл, Асыл мен Айқымды елі ішінде «Бес шам Шапырашты» немесе «Бес таңбалы Шапырашты» дегенмен, олардың ерекше белгілері туралы да бізде мәлімет жоқ. Бұл ататек туралы әдебиетте мағлұмат мол болғанымен оның бәрі бар танымды түгел қамтымайды. Мәліметіміз жоқ болғандықтан, бұл үрім-бұтақтың шыққан тегін барынша тарата алмадық.
Шапырашты руының жауынгерлік ұраны Есқожадан шыққан атақты Қарасай батырдың есімімен «Қарасай».
Рулық белгі (айтаңба).
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Шапырашты руы, негізінен Жетісу уәлаяты Верный уезінде тұрып, олардың аз тобы Сырдария уәлаятының Әулиеата уезінде шашырап жүрді. Н. Гродековтың деректерін пайдаланып, Н. Аристов өз еңбегінде шамамен шапыраштылардың санын келтіреді, атап айтқанда, 7000 түтін десе, М. Тынышбаев 1917 жылы Верный уезінде 70 мың жан болды деп есептейді. Н. Аристов Шапырашты руының бес ірі атасының қоныстануын екшей келіп, Екейлер Ұзынағаш пен Шамалған болыстарындағы Қарасу, Тәуке Тайлақ, Қасқабұлақ, Қызылауыз, Ұзынағаш, Сасықбай, Текенді, Сүмек пен Сары Шыбыр шатқалдарын мекендейтінін айтады. Қастек, Кіші Алматы, Үлкен Алматыда, ішінара Ұзынағаш болысының Қарақастек, Құтырған, Найманбай, Түтереккөрші, Жиренайғыр, Қастек, Самсы өзенінің бойындағы, Қойжалдамалы, Қарабастау мен Тастыөзек шатқалдарында Есқожа руының көптеген аталарының қыстаулары орын тепті.
Шыбыл руы Күрті болысының Тоқмоласаз, Қараөткел, Кемпірсай, Құрманбай, Қалбұлақ, Өтеген мен Үшшоқы шатқалдарын жайлады. Жайлаулары Іле Алатауында болды. Асылдың көптеген аталары Түгелсай мен Күрті болыстарындағы Терісбұтақ, Қаракемпір, Талдыбұлақ, Жаманбұлақ, Қосағаш, Ақсеңгір, Шыбық пен Үшарал қойнауларын мекендеді.
Асылдардың тағы бір тобы Кіші Алматы болысындағы Құрөзек, Талдыжиек пен Шамалғанға жақын Қаскелең өзенінің бойында қыстады.
Ең соңында, Айқым руы Қарғалы болысының жерінде Айдос, Қасқабұлақ пен Қызылауыз шатқалдарында қоныстанып жүрді.
Сонымен, төңкеріске дейін шапыраштылар отырықшы, жартылай отырықшы болып күн кешті. негізінен төрт түлік өсіріп, суармалы жер мен сүдігерде егіншілікпен айналысты. Дәнді дақылдан бидай, арпа, сұлы мен тары екті.