Бауыржан Момышұлының батасы

Oinet.kz 06-10-2020 1379


— Илла-л-ла қүдая!
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет.
Дозақтың отынан сақта,
Қаңғыған оқтан сақта,
Парақор соттан сақта.
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта.
Қара жүрек батылдан сақта,
Көк долы қатыннан сақта.
Адамды қадірлемес есерден сақта.
Нанды басқан кесірден сақта,
Кеудесін керген келіннен сақта,
Мезгілсіз келген өлімнен сақта.
Татымсыз тұзыңнан сақта,
Ұятсыз қызыңнан сақта.
Қайырымсыз жекжаттан сақта,
Жалқау бала тексізден сақта.
Түнере атқан таңнан сақта,
Жаңбырсыз шаңнан сақта.
Жастарында әдеп жоқ,
Өлгеніне бәтуа жоқ,
Құр айғай шат-шәлекей даңнан сақта.
Я, Алла Тағалам!
Өмір берсең, жайлы ғып бергін,
Дәулет берсең, сайлы ғып бергін.
Еңбегіміз өністі болсын,
Қамбамыз астыққа толсын.
Көсегеміз көгере түсіп,
Мыңғырған мал өріске толсын,
Әйел берсең, әдепті,
Жанға тыныш жайлы ғып бергін.
Келін берсең, келісті ғып бер,
Ағаш берсең, жемісті ғып бер.
Тұлпар берсең шабысты ғып бер.
Жомарт болсаң,
Осы айтқандарымның барлығын
Үйіп-төгіп бір-ақ бер.
Аллаһу әкбар!


Тұсау кесерге арналған бата
Соғымға арналған бата
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу