Төрт әйелі бар саудагер
25-07-2022
– Мал айдап бара жатқан адам кездескенде “айдар көбейсін!” дейді, ал малшыға “бағар көбейсін!” деген тілек білдіреді.
– Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Оны бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұстайды. Жас бота тұрған киіз үйдің белдеуіне бөтен адамның атын байлатпайды. Егерде бөтен адам ботаны көріп қалса, оған жалма-жан “тіл-көзім тасқа” дегізіп, ботаға түкіртеді немесе отқа тұз тастатады.
– Мал йесі малдың сүттілігіне немесе семіздігіне риза болғанда, алдымен құдайға сыйынып барып ризалығын білдіреді, әйтпесе көзі тиюі мүмкін.
– Қазанда қайнап жатқан сүт төгілсе, малдың желініне жара шығады. Сүт отқа күйсе, малдың емшегіндегі сүт азаяды.
– Мал сойғанда төс шеміршігін кесіп алып, жарға не босағаға лақтырғанда жабысып қалса – ол үйдің аты жүйрік болады.
– Сиырдың желіні іссе, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды.
– Мал сойғанда төс шеміршегін кесіп алып, жарға не босағаға лақтырғанда жабысып қалса – ол үйдін аты жүйрік болады.
– Ақты (сүтті, айранды) төксе малдың желіні кетеді.
– Жаңа туған ботасы бар үйге қызыл жалау байлап қояды. Мұны көргендер атпен, көлікпен қатты жүріп келмейді. Қатты келсе бота шошып өліп қалады деп ойлаған.
– Әдетте бұта-бүрген, ши түбіне саритын ит үй іргесіне сарыса “құт құйды” деп ырымдалады.
– Аулдан атқа мініп аттанғанда ит ере шықса, қуалап зорлықпен кері қайтармайды, өйткені ит иесіне оралар. Мүмкін, жолы болар деп, жақсылыққа жориды.
– Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді. Себебі, кейбір кезде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Ал, далада жылан көрсе қуып жүріп өлтіреді. Себебі, оны қастық жасайтын қарабас, шұбар өс дұшпан деп қаралайды.
– Асқа , тойға, мереке- мейрамға бағышталып сойлған малдың еті сол үйдің адамдары ауыз тимей тұрып, басқаларға берілмейді. Қанын итке иіскетпей көміп тастайды. Бұл – жақсы тілеу басқаға аумасын, оң тілек ит-құсқа жем болмасын дегені. Сондықтан мұндай кезде ылғи нысаналы мал сойлады. Дені сау көк қасқа тай, ақ сары бас қой, атан түйе, атан өгіз, ту бие секілді. Сондай мал сойылған соң қасиеті кетпесін дегені.
– Қазақ аққуды, сары ала қазды, бұлбұлды және жалғыз жүрген құсты ауламайды, атпайды. Өйткені, бұлар киелі құс деп есептейді.
– Саусқан үйдін төбесіне қонып немесе үйге қарап шықылдаса – үйге қонақ келудің нысаны. Алыстан жолаушы келеді, жолаушылар аман-есен оралады деп ырымдайды…. – Әлей-әлей әлей, ақ сөйлей гөр! – деп тілек айтады.
– Кептерге қарап тас лақтырмайды. Олай істесе – тыныштық бұзылады, береке кетеді деп ырымдалады.
– Қазақ ұғымында, үкі – қасиетті құс, үкінің үлпілдек жүні, басы, сирағы және қуырсыңы жын-сайтаннан қорғайды деп төсектін басына, бесікке, бас киімге қадайды.
– Малға оба тисе, қасиетті саналған адамдардың моласынан топырақ әкеліп ұшықтайды. Себебі, оба да бір қасиеттің белгісі. Оның да күшті қорғаушысы болады деп ырымдайды.
– Түйе мойнын созып жіберіп, басын жерге салып жатса, ұзақ жол немесе көш басталады деп ұйғарады.
– Қоралы қойға қасқыр шапса, көк бөрінің ауызы тиді, көк тәңірі қолдайды, мал өсіп, жан аман болады деп жориды.
– Түйенің ішіндегі аруананы соғымға соймайды. Егер соғымға сойатын болса, бұл әулеттен күш-қуат, негізгі мейір кетеді деп ырымдайды.
– Малды бауыздар алдында басын құбылаға қаратып тұрып бата жасайды. “Бұйыртып жегіз” деп тілек айтады. Онысы- малдың еті дәмді, адал болсын деген.