Төрт әйелі бар саудагер
25-07-2022
– Буаз малды төлдер алдында, өрістен қайтқанда, өріске айдарда қуаласа, өз мерзімінен бұрын төлдеуі мүмкін. Мұны “іш тастау” дейді.
– Мал қораның сыртында, болмаса ішінде ысқырмайды. Халқымызда ысқырыққа жылан келіп, малдың емшегін шағады немесе сүтін сорып кетеді деген түсінік қалыптасқан.
– Жас мал төлдегенде үйге қарыз сұрап келгендерге ештеңе бермейді – жас төлдің
құты кетеді.
– Қой қоздағанда шуын жерден айыруға болмайды; оны сүйретіп апарып тастайды, әйтпесе қозы қашаған болады. Әрі шуын жеп қойған мал тумай қалады.
– Мал туып жатқанда жанында адам тұрса, төлін қызғанып, өлтіріп тастауы мүмкін.
– Малшы көктем уақытында далаға жалаң аяқ, жалаң бас шықса, отарына суық тиіп ауырады.
– Ұрлық жасаған, өтірік айтқан адамға мал бағуга болмайды, малдың берекесі кетеді.
– Тұмса малдың алғашқы сүтін ешкімге бермейді; сүтті болса, оны бөтен адамға айтып мақтамайды, себебі сүті қайтады.
– Мал иесі немесе оның отбасында адам қайтыс болғанда, мал сауылмайды, төлін ағытып жібереді.
– Мал қораға түнде ошақтан шала жанған от алып шығуға болмайды.
– Бөгде адам отар ішінде жатса, малдың құты кетеді.
– Сойылған малдың қанын төрт түлік (әсіресе сиырдың) көзінше төкпейді, сүтінен айырылады.
– Ораза кезінде малдың орнын ауыстырмайды, әйтпесе иесі өкпелейді.
– Малдың алдынан бос ыдыспен шықса, сүті азаяды.
– Малды қу шыбықпен, көсеумен айдаса, сүті күйіп кетеді. Малды жас шыбықпен айдайды.
– Малға бас киім лақтырса, сүті кетеді.
– Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап, тіл тигізуге болмайды – иесі өкпелейді.
– Қойды қант беріп, тұз беріп шақыруға болмайды, оған сайтан жүгіреді.
– Жас малдың арқасынан сипай берсе, өспей қалады.
– Жатқан малдың үстінен аттауға болмайды. Аттаған жағдайда кейін қарай аттау керек. Әйтпесе мал омыртқасын сындырады, болмаса қасқыр жейді.
– Жас малдың мүйізі шығар кезде қолмен сипаса, мүйізі қисық болады.
– Жас малдың тістерін санаса, өлім – жітімге ұшырайды.
– Бөтен адамды малдың ортасына кіргізбейді – малға көз тиеді.
– Малды сауарда зекімейді – сүті кетеді.
– Мал сауылып жатқанда иесімен амандасып, сауынның қасына келуге болмайды – малдың сүті қайтады.
– Мал өріске кеткен соң, қой қораның есігін ашып тастауға болмайды, өйткені жын-шайтан еніп кетеді.
– Малды бөтен адамға саудырмаған жөн, себебі мал адам жатырқамай, өзге адамға да сүт беретін болады.
– Малшылар беті-қолын жумай мал шығарса, мал өлім-жітімге ұшырайды.
– Таңертең ерте малға бөтен адамды шығаруға болмайды, себебі малдың құты кетеді.
– Қой бағып отырып тігін тігуге және өзіне, отбасына байланысты қайғылы нәрселерді айтуға болмайды. Мал иесі өкпелейді.
– Малдың жанында отырып, тізеге салып ағаш сындыруға болмайды, малдың аяғы сынады. Оны отын жаратын балтамен немесе аяқпен басып сындыру керек.
– Сатылған немесе сыйлаған малды еске алып, қайғырса, сол жақта өліп қалуы мүмкін.
– Мал туралы сөз болғанда, “Не бағып жүрсің?”, “Не айдап жүрсің?”, “Не сауып жүрсің?” деп сұрамайды – иесі өкпелейді.
– Малшы мал баққанда ұстайтын таяғын бөтен біреуге бермегені жөн. Өйткені шопанның таяғы киелі болып есептеледі. Ол жын-шайтанды малдан аластайды.
– Малды ит-құстан, жын-шайтаннан сақтау үшін күн батқаннан кейін қорадан шығармайды.
– Жаңа ай туғанда қойға қошқар жіберсе, иесі өкпелейді.
– Қойларға қошқар жіберіп жатқанда ұрсысуға, қамшы өруге болмайды. Қойдың құты қашады.
– Он екі мүшесінің бірі кем адам қойға қошқар жіберуіне болмайды. Қозылар сон-дай болып тууы мүмкін.
– Малдың сүйегін аяққа баспайды, жерге көміп тастайды.
– Қойдың мүйізін, жүнін өртесе, қорадағы қойдың сүйегі сырқырайды.
– Малды аяқпен тебуге, ал атты бастан ауыздықпен ұруға болмайды. Иесі өкпелейді.
– Малға “кет!” деп дауыс көтеріп зекімейді.
– Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді. Малдың берекесі кетеді.
– Қой қоздап жатқанда малды сатпайды, біреуге сыйламайды. Малдың құты қашады.
– Түйені таяқпен ұрып айдамайды, жетекке алады.
– Мал табынының алдынан немесе қой отарының арасынан бойлап өтсе, иесі өкпелейді.
– Малдың кемшілігін айтып сөйлесе, мал ауырады немесе сүт бермейді.
– Мал қорада дәрет сыңдырса, малдың желіні іседі, сүті қайтады.
– Малдың сүйегін отқа салса, қорада байлаулы тұрған малдың сүйегі-сырқырайды, жылқы малы шошымалы болады.
– Тірі малға көрсетіп мал сойса, сауын малы сүтінен айырылады.
– Жылқының жусауын, қотандағы қойдың тынысын, малдың өрісін бұзса, иесі өкпелейді.