Сүт тағамдарына қатысты ырымдар

Oinet.kz 05-10-2020 1167

– Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек.
– Жерге төгілген ақты (сүт, айран) басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді. Іркітті ашық далада піспейді, құты кетіп қалады.
– Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды. Беті ашық қалса, шаң-тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіреді.
– Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды.
– Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды. Сүт тағамдарын жерге түкіріп тастау күнә болып саналады.
– Сүт сауатын шелекті су басына апармайды, құты кетіп қалады.
– Ақтың жуыңдысын адам жүретін жерге төгуге болмайды.
– Малдың бірінші сауымынан алынған майды асқа қолданбайды. Онымен босағаны, табалдырықтың жоғарғы бөлігін майлайды.


Тамаққа қатысты тыйымдар
Жыл қайыру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу