Тамаққа қатысты тыйымдар

Oinet.kz 05-10-2020 1292

– Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады. Қол жуғанда қолдың әрбір саусағын жеке-жеке жуады.
– Дастарқан басында адамдар жасына қарай отырады. Тамақ әуелі үлкен кісінің алдынан бастап қойылады.
– Тамақты асықпай ішеді. Тамақ ішер алдыңда -Бисмиллаһи рахмани рахим- деп нанды сындырып, ауыз тигеннен кейін басқа тағамды жейді. Бұл сөз -Мейірімді Алланың атымен бастаймын- дегенді білдіреді.
– Тамақты оң қолдың үш саусағымен алады және әркім өз алдынан жейді.
– Ыстық тамақты, шайды үрлеп суытпайды. Тамақтың құты кетеді.
– Тамақты және шайды өте ыстық немесе салқын күйінде ішуге болмайды. Тамақты аз-аздан алып, асықпай шайнап жейді.
– -Нан қатты екен-, -шала піскен-, -күйіп кеткен-, -езіліп кеткен- т.б.
сөздерді айтып нанды, тамақты сынамайды. Нанды, тамақты сынау – ашаршылықты шақыратын жаман ырым. -Ас-адамның арқауы- саналады. Асты жамандаған аштан өледі деп жориды.

– Тамақты шынтақтап жатып, түрегеп тұрып немесе тым еңкейіп отырып жеуге болмайды. Тамақты отырып жеген дұрыс.
– Дастарқан басында мағынасыз әңгімелер айтуға болмайды. Тамақтану кезінде әрбір адам өзін-өзі ұстай білуі, мүмкіндігінше аз сөйлеуі тиіс.
– Бейіт басында немесе жанында тамақ жеуге болмайды. Ал көшеде, базарда, көлікте мүмкіндігінше көпшіліктің назарын аудартпай тамақтанған дұрыс.
– Жуылмаған көкөніс пен жеміс-жидектерді жеуге болмайды. Өйткені жуылмаған тамақтан адам ауруға ұшырайды.
– Тамақ жеп отырған адамды орнынан қозғаған әдепсіздік болып саналады.
– Қонақ адам тамақты тәбетіне орай, өз қалауынша жегені дұрыс. Оған тамақты зорлықпен алдыру әдепсіздік болып саналады.
– Тамақты, нанды қалдырмай, тауысып жеп қою керек. -Жаманнан жарты аяқ ас қалар- деген сөз бекер айтылмаған.
– Тамақ ішіп болғаннан соң тұрып кетуге болмайды. Өйткені тамақтану соңында ас қайырылып, бата беріледі. Үй иесіне жақсы тілек айтылады.
– Ас ішіп болған соң, -тойдым- демейді, -қанағат- деген жөн.
– Дастарқан басында отырған қонақты санамайды. Қонақты санау жаман ырым саналады.
– Дастарқан аттаған әдепсіздік болып саналады.
– Әкесі тірі бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса, әкесі өліп қалады деген ырым бар.
– Тамаққа қарай түшкіру әдепсіздік болып саналады.
– Тамақ пісіргенде асқа шаш түсіп кетпес үшін шашты орамалмен байлап алу керек.
– Балаға ми жегізбейді. Ми жеген бала мидай былжыр, ынжық болады деп сана-лады.
– Жас балаға бұғана ұстатпайды. Бұғана ұстаса, бойы өспей қалады деп жорыған.
– Қызға кәрі жілік ұстатпайды. Кәрі жілік ұстаса, күйеуге шықпай, оң жақта көп отырып қалады.
– Ішіп отырған шайға сама (сәме) түссе, қонақ келеді.
– Шашалған адамға -май қап- дейді.
– Ет турағанда бір кесек ет қалып қалса, ет тураушыға өтірік айтатының бар екен дейді.
– Қазақ тұзды бейберекет шашпайды. Себебі, барлық тағамдар тұзсыз дәмі жоқ. -Астың иманы- тұз- деп қарайды.
– Асқа тойға арнайы әкелінген қымызы толы сабаны түгел сарқлайды. Түбінде азғантай болса да сарқыт салуға тиіс. Себебі, саба кеуіп, семіп қалмасын, саба кепсе, малдың желіңі семіп, сүті тартылады, құт-береке келеді, сарқыт ішер жан қалмайды деп ырымдаған.
– Қазақ нанды баспайды. Нан аса қасиетті деп есептеледі. Нанды басқанда құдай атады, қарғысқа ұшырайды.
– Тамақты тек қана оң қолмен жеу керек. Сол қолмен жеген ас сіңімді болмайды деп ұйғарылады.
– Түнде беті ашық қалған асты жемейді. Себебі, мұндай ас бұзылады,айниды. Асқа сайтан сарыды деп ұйғарылады.
– Жауырынды мұжып болған соң, етек жағын жарып ,ашып тастайды,әйтпесе жол бітеді, жол азабы көбейеді, жол тұйыққа тіреледі.
– Қазақта -Ақты телміртпе- деген сөз бар. Алдыға қойылған айран, сүт, қымыз секілді тағамдарды көп тостырмай, тез ішу керек. Ақ көп телмірсе, аққа адамда телміріп, зарығатын болады деп ырымдалады.
– Ас тамақтан, жел-құздан, иіс-қоқыстан ұшынған адамдарды ұшықтау ертеден келе жатқан емдеу тәсілі. Жығылған адамның бір жері ауырып қалсада, сол жерде: -Кет, пәле кет, кет-, -ұшық-ұшық- деп ұшықтайды. Науқас адамды күн батар алдында жерге жатқызып ұшықтайды, үйге әкеліп жылы жауып тастайды.
– Торқалы тойдың, өлім қазаның ас-суы елге үлестіріледі. Бұл – береке сақталсын, дәм-тұз таусылмасын, қазан қаңсымасын дегені.
– Сый табақпен екі кәрі жілік бірге тартылса, қонақ қуанады. Жол оң болады деп жориды. Байлық, бақ қонады деп иланады.
– Соғым сойған күні тоқпан жілік асылады. Үйдегілер иті тоя жейді. Бұл тоқшылық, молшылық болсын деген ниетті білдіреді.
– Қазақта үйге кірген адам еш болмаса нан ауыз тиюі керек


Өлікке қатысты тыйымдар
Сүт тағамдарына қатысты ырымдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу