Мүшел жас

Oinet.kz 05-10-2020 945

– Қазақтың ерте заманнан бері уақыт есебін жүргізуге қалыптасқан жүйелерінін бірі – мүшел.
– Мүшел жүйе негізінен сандық рет алынбай, алты адал, алты ара, яғни алты үй, алты түз хайуандары атымен аталатын 12 жылдық күнтізбесі қабылданған.
– Мүшел жүйесі өткен мезгілін анықтауға, адам жасын есептеуге, т. б. пайдаланған.
– Адамнын жас есебін шығарғанда сәбидің ана құрсағыңда өткізген уақыт бір жылға баланып, оған мүшелдің 12 жылы жалғастырала қосылып, бірінші мүшел 13 жас деп есептеген.

Бірінші – сәби, балалық мүшел 13 жас.
Екінші – ер жету мүшелі – 15 жас.
Үшінші – жігіттік мүшел – 37 жас.
Төртінші – орта жас мүшел – 49 жас.
Бесінші – ақсақалдық мүшел – 61 жас.
Алтыншы – қартаң тартқан мүшел – 73 жас.
Жетінші – кәрілік мүшел – 85 жас.

– Адам баласы туылғаннан бастап, өсіп – жетілу кезеңінде қатерлі жылдар болатыңдығын айтып келеді. Оны мүшел жас деп атайды.
– Қазақ мүшел жасын жасырады, басқаларға айтпайды. Себебі, мүшел жас – қатерлі жас, тіл мен көз сұғынан сақтасын деп ұйғарады да, жасты айтуға тура келсе не асырып, не кемітіп айтады.
– Осындай мүшел есік қаққанда, Құдірет! Мені осы мүшелден қатерсіз өткізе гөр деп Аллаға жалбырып, қайыр садақа беру керек. Әрбір адам өзінің мүшелі болған жан-жануарды соймайды.


Үй тұрмысына қатысты тыйымдар
Нанға қатысты ырымдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу