Балабақша: «Айналайын, анашым»

Oinet.kz 04-10-2020 1178

8 Наурыз мерекесі

 

№38 «Қуаныш» бөбекжай-бақшасы МКҚК

Тәрбиеші: Ақбөпеева А.Б.

 

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түнде ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

 

Жүргізуші: Қымбатты балалар, Сүйікті аналар, апалар, құрметті әріптестер! Бүгін біз көктемнің алғашқы күні осы әсем залға 8 наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.

 

Ән: «Ақ мамам»

 

Нұрын төккен маған,

Шуағымсың сен.

Айналайын мама қуанышыңмен.

Шаттандырған мені,

Жұбанышы мен.

Құттықтаймын сені,

Туған күніңмен.

Қ-сы:

Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля

 

Аялаған мені ән қанатыңмен,

Құттықтаймын сені салтанатыңмен.

Бақытты ғой заман қандай көңілді,

Мен тілеймін саған ұзақ өмірді.

Қ-сы:

Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля

 

Тақпақтар:

Марал:      Ана-өмір шырағы

                   Ана-өмір бұлағы.

Қуаныш:  Әдемі сөз баланың,

Анаға айтар лебізі.

Серікжан: Аптайым, анашым

Ақылы мол данасың

Т. Нұрай: Бәрімізге анасың

                   Біз үшін күн болып жанасың.

 

Залға кемпір, шал тауықты қуып кіреді, тауықтың қолында алтын жұмыртқа.

Тауық: Ата, апа бұл кәдімгі жұмыртқа, неге сенбейсіңдер. Ішінен балапан шығады.

Ата: Жоқ, біз жаңа ұрып көрдік қой жарылған жоқ, әкел тағы ұрып көрейікші.

Тауық: Алыңызшы көрейіік, (ұрады жарылмайды).

Анасы: Көрдің бе, тауығым алтын жұмыртқа ғой мынау. (Жаңбыр жауып күн күркірей бастайды).

Тауық, ата, анасы: Жаңбыр жауып кетті ғой. Үстіміз су болтатын болды. Сендердің қастарыңда паналайықшы балалар.

Жүргізуші: Сендер паналап отырғанда. Біздің балалар жаңбырдан қорықпай би билеп береді.

Би: «Қолшатыр».

Ерсұлтан                      Алина

Т.Нұрай                       Дияр

Ертай                                     Қарлығаш

О.Нұрай                       Бекзат

Ернар                           Марал

Тауық: Ой бәрекелді, жаңбыр қойды, құстар сайрай бастады ғой.

Көктем: Музыка үнімен кіреді.

                   Мен көңілді көктеммін,

                   Былтыр келіп кеткенмін.

                   Көзін ашып бұлақтың,

                   Түбіне тал еккенмін.

                   Гүл боп қырда егілем,

                   Дән боп жерге себңлем.

                   Жаңбыр боп жауам мөлдіреп,

                   Нұр боп көктен төгілем.

                   Шуағын төгіп әлемге,

                   Жылуын күннің әкелем,

                   Табиғаттың төсіне

                   Тіршілігін сыйлаймын!

Тауық: Көктем әпкеміз, апа, ата бәріміз ойын ойнайықшы.

Көктем: ойнайық.

Ойын: «Гүл теру».

Балалардың тақпағы:

Бақнұр:    Сіздер үшін аналар,

                   Шырқап әнге саламыз.

Т.Алинұр:          Құтты болсын мейрамың,

                   Аман-сау бол анашым.

Алина:      Аялаймыз ананы,

Құрметтейміз бағамыз.

Аделина:   Ана деген асқақ ән,

                   Орындайтын әрқашан.

Ерзат:       Ботам деген даусыңнан

                   Мен мәз болып оянам.

Дархан:     Ана деген ақылшың,

                   Анаң барда батырсың.

 

Тышқан: Ой, сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар. Мен өзімнің мамама сыйлық іздеп келе жатырмын. Ой, қандай алтын жұмыртқа. Менің мамам байып кетер еді. Осы сыйлықты сыйласам (деп жұлып алып қаша жөнеледі, артынан атуық, апасы, атасы бәрі қуалап жүріп жұмыртқаны жарып алады). Сөйтсе, кәдімгіжұмыртқа болып шығып өкініп қалады.

Апасы, атасы: Шынымен де алтын жұмыртқа екен десем, кәдімгі жұмыртқа болып шықты ғой ә.

Тауық: Ренжімеңіздер апа-ата. Апамның мерекесіне арнап менің шөжектерім би билеп береді.

Би: «Шөжелер»

 

Самина                          Қуаныш

Ясмина                         Айзере

Серікжан                      Нұрғиса

Арнұр                          Әсминур

Айла                             Аделина

С.Алинұр                     Ибрагим

Айна                                      Дархан

Т.Алинұр                     Бақнұр

Юсупжан

 

Персонаждар қоштасып кетеді.

Ән: «Наурыз келді»

1.      Дала гүлге бөленді

Қуанышқа кенелді.

Орман, тоғай, бақтарға

Құстар сайрай жөнелді.

 

2.      Өйткені бұл көктем ғой,

         Шұғыласын төккен ғой!

         Наурыз келіп құстардың,

         Бәрі ән сап кеткен ғой!

 

Жүргізуші: Құрметті әжелер, аналар, әріптестер! Сіздерге арналған балалардың мерекелік бағдарламасын аяқтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мол табыс тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын.

Сабақ жоспары: Бірдей сандарды азайту
Балабақша. Тәрбие сағат: Гүлдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу