Сабақ жоспары: Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Oinet.kz 03-10-2020 1411

Алтенова Алия Сейтжапаровна

Шымкент қаласы, М.Мәметова атындағы №35 жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Математика

Сынып:1

Мектеп: 35

 

Мұғалімнің   аты-жөні:Алтенова Алия

 

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Күні:

 

Ұзақ  мерзімді   жоспар бөлімі:


Сабақтақырыбы

Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10   тг, 20 тг тиындарымен түрлі операцияларды орындау

Сабақмақсаты

Барлық оқушылар: 1тг, 2тг, 5тг, 10тг, 20теңгелік    монеталардың құнын  анықтайды,  салыстырады.

Оқушылардың басым бөлігі:1тг, 2тг, 5тг, 10тг, 20теңгелік    монеталарды қолданыпқажетті соманы жинақтайды.

Кейбір оқушылар: түрлі монеталарды пайдаланып төлем жасайды.

Бағалаукритерийлері

• Монеталардың құнын анықтап   , олардың тобын салыстырады

• 1тг, 2тг, 5тг, 10тг,   20теңгелік  монеталарды қолданып,   қажетті соманы жинақтайды

•Түрлі монеталарды   пайдаланып төлем жасайды. 

Тілдікмақсаттар

Пәнгетән   лексика мен терминология: монета,   құн,тұтыну, қаражат, металл

Диалог   пен жазуүшінпайдалысөздер мен тіркестер:

 -Монета   деген не?

- Төлемжасауүшінбізгеқандаймонеталаркерек?

Құндылықтардыдарыту

 

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық   идеясының құндылықтарына сәйкес мемлекеттің   индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытуға, табиғи ресурстар мен қоршаған   ортаға ұқыптылықпен қарауға ат салысуға тәрбиелеу.

Пәнаралықбайланыстар

Дүниетану, сауаташу,жаратылыстану.

Алдыңғы меңгерілген білім

 

Заттың бағасын, санын   салыстыра алады.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылығын ояту

 Теңге монеталары (1тг, 2тг, 5тг,10тг, 20тг)   бар қалтаны алып және тиындардың сылдырын есту үшін оны сілкимін...   Оқушылардан қалтада не бар екендігін сұраймын.

Сұрақ- жауап

-Не көріп тұрсыңдар?

-Монета деген не?

-   Төлемжасауүшінбізгеқандаймонеталаркерек?

-Олар неден жасалған деп   ойлайсыңдар?

-Металдан жасалған тағы   қандай монеталарды білесіңдер?

 Металл ақшаларға мыс ,күміс және алтыннан   жасалған монеталар жатады.Металл ақшалар әр түрлі пішінде болған. Монета   түріндегі олардың соңғысы.Монетаның бет жағы аверс, артқы жағы реверс және   бүйірі  гурт деп аталады.Тиындарды   өлшемі мен түсіне байланысты түсініктеме беремін.

Топқа бөлу. Топ оқушыларына корточкалар беріледі. Карточкадағы сұрақтарға   ауызша жауап беріңіздер.

1-топ:  -20   теңге құрау үшін  1 теңгелік неше   монета қажет?

2-топ:    -20 теңге құрау үшін  2 теңгелік неше монета қажет?

3-топ: -20 теңге құрау үшін  5 теңгелік неше монета қажет?

4-топ:  -20   теңге құрау үшін  10 теңгелік неше   монета қажет?

ҚБ Мадақтау

 

 

Ішінде (1, 2, 5, 10, 20, ) тиындар/теңгелері бар қалта, әр оқушы жұптарына   бір-бірден.  Монеталардың суреттері,   жүктеу және тақтада көрсету үшін: http://en.wikipedia.org/wiki/   File:Tenge_coins.jpg

 

Интербелсенді тақта

Монеталардың суреттері

 

 

 

 

Сабақ ортасы 

30 мин

ТЖ.    «Монеталар пойызы» ойыны

Мақсаты: Монеталарды құны бойынша   білімдерін кеңейту және монеталардың өсу ретін анықтауда, монета бойынша  түйінді ойларды бекіту.

Әр топқа 1тг, 2тг, 5тг,10тг, 20тг   монеталар салынған  қорапша таратамын.

Құны әр түрлі  бес  монета алыңыз және монеталарды құны бойынша    вагондарға өсу ретімен орналастырыңыз..

-Құны бойынша ең кіші монета қайсы?

- 5 тг    вагонның екі жағында қандай монеталық вагондар орналасқан?

(Топтар арасында тексеру жұмысын жүргіземін)

Дискриптор: Оқушылар монеталарды   өсу ретімен орналастырады және монеталардың құнын біледі

ҚБ

Ө.Ж  1-тапсырма

Берілген монеталардың құнын салыстыр.

>, <, = таңбаларының тиістісін қой.

                                                                                 

Дескриптор

Білім алушы    - екі монетаның  құнын   салыстырады;

 -   бірнеше монеталар жиынтығының  құнын   салыстырады;

 - >,   <, = таңбаларын дұрыс қолданады

ҚБ смайлик

 

ЖЖ2-тапсырма

1 тг,  2   тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік    монеталарды қолданып, берілген соманы әр түрлі тәсілмен жина.

 

21тг 21тг 21тг 

 

Дескриптор

 Білім   алушы  - құны әр түрлі монеталарды   қолданады; - қажетті соманы түрлі тәсілмен жинақтайды.

ҚБ   жұлдызша

Сергіту сәті   «Орныңды тап»   ойыны

Мақсаты:Ойын сергіту,  шапшаңдыққа үйрету

Шарты : Әр   топтағы оқушылар1 тг,  2 тг, 5 тг, 10 тг, 20тг, 50 тг,100 тг   монеталары алып, өз орнын тауып тұрады.Бірінші дұрыс монеталар  қатарын құрған топ жеңімпаз болып табылады.

ҚБ Қол шапалақтау

Дәптермен жұмыс

Монеталардың суретін сал.

Мақсаты:Логикалық   ойлау қабілетін дамыту

Шарты:Қатар,   бағанбойынша  құны бірдей монеталар қайталанбауы   керек.

Бос торкөздерге  түсіп қалған монеталардың суретін сал.   Заңдылықты сақта.

   

Дескриптор   Білім алушы -бос торкөздерге түсіп қалған   монетаның суретін салады.

ҚБ Смайлик

Саралау жұмысы  «Мектеп асханасында» ойыны

           Төмендегі  монеталарды пайдаланып, тәтті тоқаштың   құнын төле.

Мақсаты:Тиындардың дүкендегі   тәжірибе жүзінде қолданылуы - төлеу және қайтарымды алу .

       Жауабы:

1   ________________________________________

 

2-------------------------------------------------------------

 

3--------------------------------------------------------------

         23 теңге                   18 теңге               36  теңге

Дескриптор   

ҚБ    Суреттер арқылы

монеталар

Сабақтыңсоңы

5-мин

«Бас бармақ» әдісі

Оқушылардың бас бармақтарын көрсету   арқылы өтілген материалды  олардың ұғу   деңгейін тексеремін..

Бас бармақ жоғарыға қарап   тұрса = Мен түсінемін.

Бас бармақ көлденең тұрса =   Мен түсінгендеймін.  

Бас бармақ төмен қарап тұрса   = Мен түсінбедім.


Саралау– оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?  

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы
 
 

Барлық оқушылар бір   тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.  Саралау тапсырмасына оқушылар өздерінің   мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.   Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере   отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз   жеткіземін

Қызығушылығын ояту   ҚБ

ТЖ.   «Монеталар пойызы» ойыны

Дискриптор:   Оқушылар монеталарды өсу ретімен орналастырады және монеталардың құнын біледі

Ө.Ж  1-тапсырма

Дескриптор : Білім алушы

 - екі монетаның  құнын салыстырады;

- бірнеше монеталар   жиынтығының  құнын салыстырады;

 - >, <, = таңбаларын дұрыс қолданады

ЖЖ   2-тапсырмаДескриптор:Білім алушы  -   құны әр түрлі монеталарды қолданады;

- қажетті соманы түрлі тәсілмен   жинақтайды.

Сергіту сәті   «Орныңды тап» ойыныҚБ

Дәптермен жұмысМонеталардың суретін сал.

Дескриптор   Білім алушы -бос торкөздерге түсіп қалған   монетаның суретін салады.

ҚБ  МадақтауСмайлик– оқушының білім деңгейін ілгерілету   мақсатында  үздіксіз кері байланыс   жүргіземін.

Мадақтау- Жарайсың! Керемет!Тамаша!   өздері арқылы  оқушыларды  ынталандырып отырамын.

Жұлдызша–  оқушылардың    жұптық жұмыстарын    мақтау-мадақтау арқылы     шабыттандырып отырамын.

Қол шапалақтау– сабақта топтардың   қызығушылығын оятып,  өзара   бәсекелестікке қабілетін арттырамын.     

Суреттер – оқушылардың  жеке қабілеттерін есепке алып қолдау   көрсетемін.

Монеталарды  дұрыс қолдану, сабақ  біткен соң орнына салу, ауызға салуға   болмайтынын түсіндіремін

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы   ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз   сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

Сабақ мақсаты оқу мақсатына   сәйкес жоспарланған. Оқушылардың оқу мақсатына қол жеткізуде топтық, жеке,   ұжымдық жұмыстар сабақ жоспарында қарастырылды. Сабақта саралау жұмысы оқу   мақсатына сәйкес жүргізілді. Сабақ жоспарында ауытқулар болмады.

Жалпы баға

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы   даойланыңыз)?

1.      Қалыптастырушы бағалау

2.      Топтық жұмыс

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да   ойланыңыз)?

1.      Оқушылармен бірге топтық   жұмыс сабақты жоспарлауға ықпал етеді.

2.        Оқушылармен ынталандыру жұмысы.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың   жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу   қажет?

 







 


Сабақ жоспары: Біріккен сөздер
Сабақ жоспары: Қосу және азайту
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу