Сабақ жоспары: Сөйлемнің айтылуы мақсаты мен сазына қарай түрлері

Oinet.kz 03-10-2020 1003

ОҚО, Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы

А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Барболова Зубайра Еркінбекқызы

Сыныбы: 11

Пәні: қазақ тілі

 

Ашық сабақ

Тақырыбы: Сөйлемнің айтылуы мақсаты мен сазына қарай түрлері

 

Жалпы мақсаттар

Төменгі сыныптарда қазақ тілінен «Синтаксис» тарауы   бойынша алған білімдерін қайта жаңғыртады, қайталайды.

Күтілетін нәтижесі:

-           Сөйлемнің айтылу   мақсатына қарай түрлерін толық меңгереді;

-           Тақырыпты,   берілген тапсырманы түсініп талдайды;

-           Алған білімдерін   тест шешуде еркін қолданады;

-           Оқушылардың сыни   тұрғыдан ойлауы дамиды;

-           Оқушылар   ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады.

Сабақтың түрі:

7 модуль ықпалдастырылған   сабақ.

Сабақтың қолданылатын әдіс-тәсілдер, тапсырмалар

1.       «Жағымды сөздер»   (топқа бөлу тәсілі).

2.       Топтық жұмыс.   Постермен жұмыс.

3.       Бейне сұрақ.

4.       Мини тест.

5.       «Серпілген   сауалдар» стратегиясы.

6.       Қорытынды. Кері   байланыс.

Көрнекіліктер:

Интербелсенді тақта, компьютер, слайдтар, постерлер,   стикерлер, маркерлер, ойыншықтар т.б.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу.

2. Жағымды көңіл-күй туғызу.

3. Топқа бөлу.   

Сәлемдеседі. Бір-біріне   жағымды сөздер айтып, топқа бөлінеді.

ІІ. Жаңа сабақ

1. Постермен жұмыс. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.   Олар белгіленген уақытта орындайды және қорғайды.

І топ–Хабарлы сөйлем

ІІ топ– Сұраулы сөйлем

ІІІ топ– Бұйрықты сөйлем

ІV топ–Лепті сөйлем

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Бейне сұрақтар

 

 

3. Мини тест

1.  4 топ тапсырмаларды алады және орындайды. Топ басшылары   жұмысты бақылайды:

1) оңай және қиын сұрақтар түзіледі;

2) бір бірінің сұрақтарына жауап береді;

3) керектісін дәптеріне жазып алады;

4)постерді тақтаға шығып қорғайды.

 

2. Бейне сұрақтарды тыңдайды және береді.

3. Мини тест шешеді және жауабын тексереді.

ІІІ. Бекіту:

«Серпілген сауалдар» стратегиясы.

Оқушылар ойыншықтарды лақтырып, бір-біріне сұрақтар   қояды («Синтаксис» саласы бойынша)

ІV. Бағалау

Мұғалім бағалайды.

Өз ара бағалау (топтар бір-бірін бағалайды). «Екі   жұлдыз, бір тілек» стратегиясы.

V. Қорытынды

Мұғалім сабақты қорытындылайды. Стикер тарқатады.

Оушылар сабаққа кері байланыс береді. Стикерлерді   смайлик бейнеленген плакатқа жапсырады.




Сабақ жоспары: Тұрақты сөз тіркестері
Сабақ жоспары: Тұйық етістік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу