Сабақ жоспары: Ауа – газдар қоспасы

Oinet.kz 30-09-2020 1322

Байтугелова Жансулу Муратовна

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы

№1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиясының  химия  пәнінің мұғалімі

  

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік мақсаты:Ауа туралы білімдерін тереңдету,  қорытындылау;

Дамытушылық мақсаты:Алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету,  өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Ауаны ластамаудың жолдарын қарастыру, денсаулығын сақтау, тыныс алу мүшелерінің гигиенасын сақтау.

Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру.

                              2. Үй тапсырмасын тексеру

1. Венн диаграммасы 

2. Метанның озонмен реакциясы

3. Өткенді қайталау

1. Сұрақ – жауап

  • Химия нені зерттейді?

  • Зат , заттардың қасиеттері деген не?

  • Жай заттар деген не?

  • Күрделі заттар деген не?

2. Карточкамен жұмыс

Мұғалім элементтерді көрсетеді, оқушылар элементтің аты, оқылуы, латынша аты, салыстырмалы атомдық массасы, валенттілігін айтады.

б)Мұғалім элементтерді айтады, оқушылар карточкамен көрсетеді:

Тұрақты І валентті элементтер:    . .  . . . . . . . .   .   . .

Тұрақты ІІ валентті элементтер: . .  . . . . . . . .   .   . . .

Тұрақты ІІІ валентті элементтер: . .  . . . . . . . .   .   . .

Молекуладан тұратын элементтер нешеу: . . . . .

Газ күйіндегі:. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Сұйық күйдегі:. . . . . . . . . . .. . . . . . . .

Қатты күйдегі: . . . . . . . . . . . . . . . .

3. Сұрақ – жауап  

  • Валенттілік дегеніміз не?

  • Валенттілік арқылы химиялық формула құру

  • Химиялық формула деген не?

4. Жаңа сабақты түсіндіру

«Ауа – газдар қоспасы» деген тақырыпты өтеміз. 

  • Ауа туралы не білесіңдер?

  • Ауаны өнеркәсіпте қандай газдарды алу үшін қолданады?Адам қалай тыныс алады?

  • Балықтар қалай тыныс алады?

Жаңа тақырыпты өз бетімен оқып, мазмұнын айту.

Төмендегі сұрақтар бойынша қысқаша жазып алу . 

  • Ауаның құрамы?–

  • Ауаның құрамын зерттеген ғалым?

  • Ауада қандай кездейсоқ газдар болуы мүмкін?

  • Инертті газдардың ерекшелігі?

  • Тағы басқа қандай газдар таралады? Олардың зияны?

  • Ауаны зиянды газдармен ластамаудың қандай шараларын білесіңдер?

Қалпақ астында фосфорды жағу тәжірибесі туралы не айтасың

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

  • Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0,03% көмірқышқылы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4,0% көмірқышқылы, 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады.

  • Адам бар жоғы 2 минут ғана дем алмай тұра алады.

  • Мектеп сыныбында сабақ басталғанға дейін, шамамен, 1м3-де 2600 микроб, ал І ауысым сабағы аяқталғанда 13500 микроб болатыны есептелген.

  • Нашар желдетілген бөлмедегі ауа құрамында 0,1% дан артық көмірқышқыл газы СО2 болады. Бұл адам үшін зиянды.

  • Қалалардағы зауыт, фабрикалардан бөлінетін улы газдардың әсерінен, зиянды жағдайлардан өсімдіктердің зат алмасу процесі баяулайды. Мысалы: жөке ағашы орманда 400 жыл өмір сүрсе, қалада не бары 50-80 жыл ғана өмір сүреді. 

                                                                5. Сабақты бекіту 

Тәжірибелік кезең:

  1. Ауаны біз көреміз бе?

  • Ауаны естиміз бе

  • Ауаны сеземіз бе?

Сұрақтар:

  • Валенттілік дегеніміз не?

  • Валенттілік арқылы химиялық формула құру

  • Химиялық формула деген не?

  • Жану реакциясы деген не?

  • Күрделі заттар жанғанда не түзіледі?

  • Оксид деген не?

  • Оксидтерді атаудың әдістері?

  • Салыстырмалы молекулалық массаны табу ережесі?

  • Молярлық масса деген не?

  • Массалық үлес деген не? Табу формуласы?

  • Массалық қатынасты қалай есептейді?

Тапсырмалар:

№1

Алюминийдің жану реакциясын жазып, түзілген оксидті 2 әдіспен ата!

Күрделі заттардың жану реакциясын жазып теңестір!  С3Н6 және С7Н16

Азот (ІҮ) оксиді құрамындағы оттектің массалық үлесі қанша?

№2

Натрийдің жану реакциясын жазып, түзілген оксидті 2 әдіспен ата!

Күрделі заттардың жану реакциясын жазып теңестір!  С4Н10 және С6Н12

  • СО құрамындағы элементтердің массалық қатынасы  қанша?

№3

Кальцийдің жану реакциясын жазып, түзілген оксидті 2 әдіспен ата!

Күрделі заттардың жану реакциясын жазып теңестір!  С5Н10 және С8Н16

3 -32 грамм метан СН4 жанғанда түзілетін көмірқышқыл газының мөлшері?

№4

  1. Фосфордың (Ү) жану реакциясын жазып, түзілген оксидті 2 әдіспен ата!

  2. Күрделі заттардың жану реакциясын жазып теңестір!  С9Н18 және С2Н4

  3. 2 моль  көмірқышқыл газының салыстырмалы молекулалық массасы қанша?  М-?

№5

  1. Бордың жану реакциясын жазып, түзілген оксидті 2 әдіспен ата!

  2. Күрделі заттардың жану реакциясын жазып теңестір!  С4Н8 және С6Н10

  • 324 г күміспен әрекеттесетін озонның массасы қанша?

№6

  1. Марганецтің (ҮІІ) жану реакциясын жазып, түзілген оксидті 2 әдіспен ата!

  2. Күрделі заттардың жану реакциясын жазып теңестір!  С3Н8 және С6Н6

  • 24 г көмір жанғанда түзілетін көмірқышқыл газының мөлшері  қанша?

6. Сергіту сәті «Ойнайық та, ойлайық!»

  1. Бірінші буыны көп сөздің антонимі

Екінші буыны “жалын” деген мағынаны білдіреді.  

  1. Тесік сумкаға суды қалай құюға болады?

  2. Бірінші буыны зат есім сұрағы

Екінші буыны сан есім

Бұл қандай элемент?

  1. Бірінші буыны «алға шық» дегенді білдіреді,

Екінші буыны сан есім

(буынға дұрыс бөлейік)

  1. Ауа өкпеден еш кедергісіз еркін айтылатын дыбыс қалай айтылады?

7. Сабақты қорытындылау

Ауаның құрамы?

Ауаның құрамын зерттеген ғалым?

Ауада қандай кездейсоқ газдар болуы мүмкін?

Ауаны зиянды газдармен ластамау үшін сен не істер едің?

Оттектің табиғаттағы айналымы қалай жүзеге асады?

Өсімдіктер 1 жылда қанша оттекті бөледі?

8. Үй тапсырмасын беру 

Баяндама: Бала өміріндегі отбасы тәрбиесінің маңызы
Қайырымдылық туралы ертегі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу