Баяндама: Бала өміріндегі отбасы тәрбиесінің маңызы

Oinet.kz 30-09-2020 1078

Елеева Роза Жағалқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,  аудандық Оқушылар Үйінің 

«Жігер» үйірмесінің жетекшісі 

Бүгінгі күні баланы кішкентайынан дұрыс тәрбиелей отырып, дені сау, елінің болашағы үшін еңбек ететін беделді азамат етіп тәрбиелеуде әрбір отбасының жауапкершілігі арта түсуде. Жалпы, біздің қазақ халқындағы бала тәрбиесіне жете көңіл бөлінген.

«Ұяда не көрсең ,ұшқанда соны ілерсің»

«Әй – дейтін әже жоқ ,

Қой – дейтін қожа жоқ»

«Әкеден ақыл, анадан мейір»

«Алдыңғы арба қайда жүрсе,

Соңғы арба сонда жүреді»

Жоғарыда атап кеткеніміздей қазақ халқы өз ұрпағын бір -екі ауыз сөзбен ғана қайырып отырған.

Болашақ ұрпағымызды, өз отбасымызда қазақ халқының салт-дәстүрі

арқылы тәрбиелейік.

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты - баланың жасын, ерекшелігін , психологиясын  ескере отырып, жарасымды ұрпақты тәрбиелеу, ал мұндай мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді міндетті түрде шешуі тиіс.

Отбасында баланың өсуіне денсаулығына қамқорлық жасау, тазалығын қалыптастыру;

Еңбексүйгіштікке баулу, еңбекке қызығушылығын арттыру;

Отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасауға, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу;

Мәдениетілікке баулу;

Адамгершілікке тәрбиелеу;

Бауырмашылдыққа үйрету;

Қазақ халқының салт-дәстүрін үйрету.

Атадан ұл туса құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң

боламын деп тумайды. Осындай ғаламат тылсым сырға толы  өсиеттерде балалар жүрегінде ұялайтын, бүгінгі ұрпаққа деген әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді уағыздайтын ұлы да озық ойлы тәрбие жатыр – ол халықтық ұлттық тәлім-тәрбие.

Халқымыздың сан ғасырлық тарихында балаға жан-жақты тәрбие берудің күрделі талаптары қалыптасты. М.Жұмабаев тәрбиені төрт түрге бөледі.

Олар:  дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен құлық тәрбиесі.

«Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны». «Егер де ол ыстық, суыққа, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жие ұшырайтын күштерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешім қабылдайтын, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз сиқырлы әуен, әдемі түрден ляззат алып, жан толқындыратын болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам болғандығы. Балам адам болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын» деп ата-аналарға үлкен талап қояды.

«Әкеден ақыл, анадан мейір» - дегендей балаға ата-анадан жақын ешкім жоқ. Әрбір ата-ана баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды. Баласының қоғамда өз орнын тауып өмір сүруін қалайды. Қазақ халқы өз ұрпағын тәрбиелеуде көбінесе салт-дәстүр арқылы тәрбиелеген. Мысалы, жоғарыда айтып өткендей «Әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ» деген сөздермен ғана яғни, бір-екі ауыз сөзбен ғана қайырып отырған, бірақ осы сөздерде қаншама терең ойлар жатыр десеңізші. Отбасымызда болашақ ұрпақтарымызға осындай мағыналыда мәнді сөздермен тәрбиелесек нұр үстінде нұр болар еді.

Тарихын білмеген, ата-бабаларымыздың әдет-ғұрыптарын білмеген, жеті атасын танымайтын, туыс-ағайын, жекжат деген сөздердің мағынасын білмейтін, қазақ - ұлттық тәрбиелерден бос қалған жан деп саналады.

Қорыта айтқанда, бүгінгі күн талабына сай жастарды саналы, әдепті етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйеніп, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған асыл-мұраларды балаларымыздың санасына сіңіре білу ата-ананың басты міндеті. Сондықтан бала тәрбиесінде ата-ананың ролі ерекше. Бала тәрбиесіне әрбір ата-ана жауапкершілікпен қарап, барлық қазақи қасиетті болмысын бойына дарытып, ата-бабаларымыз сияқты бір-екі ауыз сөзбен ғана қайырып отырсақ, нұр үстіне нұр болар еді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Бастауыш мектеп 2006 жыл

Бабаев С.Б. «Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие теориясы» 2008

Ұлағат 200 жыл, №3

Қазақстан мектебі 2008 жыл, №11

Қазақстан мұғалімі 2000 жыл, 28.Х.


Баяндама: Шәкәрім шығармаларының жанрлық-стильдік табиғаты
Сабақ жоспары: Ауа – газдар қоспасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу