Баяндама: Шәкәрім шығармаларының жанрлық-стильдік табиғаты
Пайыз Айзат Қайратқызы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
2 курс магистранты
Шәкәрім Қүдайбердіұлы – қазақ рухани мәдениетінің көрнекті тұлғасы.Ол Хакім Абай тағылымы ізімен көрнекті ақын,прозашығфилософ,аудармашы тұғырындағы тұдғасымен қазақ тарихындағы өзіне дейінгі көркем ойлау дүниетанымы жетістіктерін шығармашылық дарынымен жалғастырды.
Шәкәрім тікелей ұстазы Хакім Абайдың ықпалымен туған халқымыздың фольклоры мен әдебиеті мұраларының дәстүрлі көркемдік негіздерінен нәр алып қалыптасты.Табиғи дарының қуатымен мұсылмандық білім алып, Шығыс және батыс халықтарының тілдеріндегі мұраларды өзіндік ізденістермен оқып меңгерді.
Қазақ әдебиеті тарихына елеулі үлес болып қосылған туындылары – лирикалық өлеңдері.Ақынның лирикалық өлеңдерінде қоғамдық – әлеуметтік ортаның және оны құрайтын жеке адамдардың қарым – қатынастары,міңез – құлық психологиясы сыншыл реализм ұстанымен жырланған.Ақынның көңіл – күй,азаматтық,махабат тақырыптарындағы өлеңдерінде адамдардың жан әлемі қайшылықтары философиялық – психологиялық күделі сипатымен бейнеленген. Шәкәрімнің лирикалық өлеңдерінде халық – ағарту,білім,ғылым игеру мұраттарын адамгершілік – гуманистік биік көзқарасымен жырлады.Мысалы, «Адамдық борышың» өлеңіндегі ағартушылық ойы педагогикалық мәңгілік тағылымымен баурайды:
Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта,оны біл...
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт
Осыны ұқ
Міңгілік өлмейсің! [4.].
Хакім Абайдың әлемдік рухани құндылықтар қатарындағы шығармашылық мұрасы - оған дейінгі және кейінгі қазақ көркемдік ойлауының жинақталған болмысының көрінісі. Хакім Абайдың ақындық айналасындағы көрнекті ақындырдың ортасында дара шығармашылық болмысымен танылған Шәкәрим Құдайбердіұлының мұрасы да казіргі Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихының әлем өркениеті кеністігіндегі бағалы көрсеткіштер қатарында бағаланады [ 1.23, б ].
Шәкәрімнің шығармаларындағы азаматтық сарындар оның Хакім Абай дәстүріндегі ойшыл ғұлама, қайраткерлік ұстанымындағы тұлғасын даралай танытады. Оның лирикалық өлеңдерінде де эпикалық поэмаларында да, шежіресінде де, философиялық, прозалық туындыларында да халықтың өткені мен қазіргісің қамтитын дерекнамалық – тарихнамалық сипат аясында туған даласын, атамекенің , салт – дәстүрімізді, әдет – ғұрпымызды, адамдарды оның азаматтық – отаншылық парасатпен бағалаған ойлары айқындалады.
Шәкәрім шығармашылығындағы азаматтық сарындар ақын туындыларында тұрақты орын ала отырып, ақынның тарихнамалық- дерекнамалық ұстанымдағы ой-пікірлерін айқын білдіреді.
Шәкәрім Құдайбердіұлыньң лирикалық өлеңдеріндегі сыншылдық («Қазақтың жаманы болмас», «Еріншек», «Сәнқойлар»), махаббат («Шын сырым», «Арман», «Жастық туралы», т.б.), филососфиялық, табиғат, көңіл- күй, т.б. саналуан тақырыптардың бәрі де өмір шындығына негізделген тарихи-танымдық тағылымымен бағаланады [1,47 б.].
Ақынның поэмалары(«Қалқаман–Мамыр», «Еңліқ–Кебек»,«Нартайлақ-Айсұлу») да өмір шындығындағы деректі оқиғалардан тарихнамалық-философиялық түйіндеулер жасайтын суреткерлік-көркемдік шешім тағылымын танытады [1,93 б.].
Шәкәрімнің прозалық әңгімелері («Шын бақыттың айнасы», «Бәйшешек бақшасы», «Мәнді сөздер», т.б.), «Әділ-Мария» романы, халық тарихындагы шежірелік жүйесі, лирикалық және эпикалық шығармаларындағы кейіпкерлер - бәрі де оның тарихи шындықты паш ететін реалистік ұстанымын дәлелдейді [2.16 б.].
Әдебиет туындыларының реалистік сипаты - ұлттық және жалпыадамдық көркемдік-эстетикалық дүниетанымға тән ерекшелік. Шәкәрім Қүдайбердіұлы шығармашылығындағы барлық жанрлардағы туындыларда тарихи оқиғалар мен көрнекті тұлғалардың қамтылуы анық байқалады. ¥лттық және жалпыадамзаттық адамгершілік-гуманистік мұраттар жолындағы саналы ақыл-ой иелеріне тән қасиеттерді жинақтаған Шәкәрім шығармалары тіршілік козғалысындағы өмірге құштарлық касиеттер ұлағатын айғақтайды. Еркіндікке жету үшін қазақтын өзін түзеу керектігін, билікқұмарлық, күшілдік қасиеттердің қазақтың аяғына тұсау болатынын айтады.
Шәкәрімнің бір ерекшелігі - қай кезеңде де болашаққа үмітпен, сеніммен қарады. Оның өлеңдеріндегі лирикалық қаһарманның бойындағы беймаза абдыраушылықтан гөрі сабырлы оптимизм басым болды [3,193 б.].
Шәкәрімнің 1917 жылғы оқиғалар мен одан кейінгі уақыт жөніндегі ойларында өзіне ғана тән ерекшелік бар. Бір қарағанда, ақын өзің осы жағдайлардан аулақ ұстаған тәрізді көрінеді. Бәлкім, солай да шығар? Кенеттен келген өзгерістің түбі күмәнді екенін сезгендіктен болар? Әйтес де Шәкәрім өлеңдерінде сол кездегі тарихи шындыққа, коғамдық өмірге баға беретін ой ұшқындары біршама көрініп жатады. Заманға, коғамды билеген партияға, адамға беретін ақынның өз бағасы бар. Алаш козғалысының алғашкы қадамдары, тағы басқа оқиғалардың қай-кайсысы да ақын жүрегінің сүзгісінен өтеді. Ол бәріне әділ бағасын айтады. Мәселен, мына өлеңінің бір тұсында ақын:
Алашорда бір бөлек,
Қауымның ойы өзгерек, -
десе, ондағысы Алаш ұранының жалпы казаққа жақпағаның емес, оның большевиктер қауымына ұнамағанын тұспалдағаны деп ойлау керек.Ақын айналасында болып жатқан жағдайды сынаудан да кұр емес:
Партия соры көп елдің,
Айта алмай соны бөгелдім, [4,63 б.]. -
деп сол кезеңде өмір сүрген ақындардың ешқайсысы да айта алмаған. Шәкәрім біраз «бөгелсе» де, міне, осындай батылдыққа барады. Ақын қаламынан туған бұл жолдар оның бір сәттік көңіл-күйінің ұшқынынан тұтанған көрініс емес. Ақын шығармаларының бүгінгі күнге соншалықты үлкен трагедиялық жолдың ауыр азабын көріп барып жеткенің, қаншама жөнсіз сұрыптауды басынан өткергенің және осы жолда жоғалтқан бізге белгісіз мұраларының әлі де болуы мүмкін екенін еске алатын болсақ, онда бұл сипаттағы туындылардың саны мұнымен шектелмейтінің де анық болжауға болар деп ойлаймыз.
Қазақ топырағына келген өзгешелеу заманды, оның тарихи шындығын Шәкәрім осылай түсінді. Өзі түсінумен ғана шектеліп қалған жоқ, өзінің ұғымын бұқараға мейлінше ашық әрі ұғынықты түрде жеткізе жырлады. Ендігі заманның мәні адал еңбек пен ынтымақты бірлікте екенін түсіндіруге күш салды.
XIX ғасырда туып, бүкіл саналы өмірін XX ғасырдың алғашқы үш он жылдығында жарқыраты көрсеткен, артында келер ұрпаққа мол, жан-жақты рухани мұра қалдырған Шәкәрім Қүдайбердіұлы өз уакытының ерекше құбылысы болды. Шәкәрім Құдайбердіұлы да кез-келген озық ойлы қайраткер, азамат сияқты тарихқа, тарихи окиғалар мен тұлғаларға үлкен көңіл бөлген, өзіндік, қалыптасқан тарихи зердесі бар тұлға екендігін ол қалдырған шығармалардан байқаймыз.
Шәкәрімнің тарихшы,философ тұғырындағы тұлғасын «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» атты тарихи – шежірелік,ғылыми – философиялық еңбектері танытады. Ал, «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» деген еңбегі [6,23 б.|. кеңестік дәуірге дейін ресми қазақ тарихының жүйеленіп жазылмауы, болмауы шындык. Сол сиякты кәсіби қазақ тарихшысы да болған жоқ. Егер біз Шоқанның, Құрбанғали Халидтің қазақ тарихына қатысты еңбектерін зерделеп отыра, оларды тұңғыш қазақ тарихшылары десек, олардан кейін заңды түрде Шәкәрім қажыны айтуымыз керек.Ал,Шәкәрімнің бір артықшылығы, ол қазақ тарихының белгілі бір кезеңдерін жүйелеп, ой елегінен өткізіп қазақ тарихын жазуға тырысуында. Ол қазаққа жүйелеп жазылған жазба тарихтың қажеттігін алғашқылардың бірі болып түсінген адам екендігін көреміз. Шәкәрім қажының бұл еңбегі шежіре деп дәстүрлі атаумен алғанымен, оның кәдімгіше шежіре емес, қазақ тарихына арналған үлкен зерттеу екенін тиянақты танысқан адам түсінеді. Сонымен бірге еңбекті бүгінгі күнгі ресми қазақ тарихы тұрғысынан қарасак та үлкен алшақтықты көрмейсіз.
Шәкәрім қажы әлі калыптаспаған қазақ тарихының алдында тұрған үш мәселеге көңіл аударған. Олар: қазақтың халык болып қалыптасуы, қазақ хандығының құрылу тарихы және хандар генеологиясы. Бұл мәселелер әлі де өзінің өзектілігін жоймаған сұрақтар. Еңбекті жазу барысында Шәкәрім қажы ортағасырлық шығыс тарихшылары Махмуд Қашгаридің, Нәжиб Ғасымбектің, М.Х.Дулатидің, Васифидің, Әбілғазы Бахадур ханның және кейінгі заманның білгірлері Березиннің, Радловтың, Аристовтың еңбектерін кең пайдаланғаны және өзіндік ой елегінен өткізгені байқалып тұрады. Мәселен, Шәкәрім қажы өзінің Әбілғазы Бахадур ханның шежіресіндегі кейбір көне түрік кезеңіне жататын пікірлерімен келіспейтіндігін айтады. Зерттеушінің өз ойын осылай дәлелдей отыра, нық айтуы еңбекте үнемі кездеседі.
Жалпы еңбектің ғылыми тілде жазылғанын да айту керек дейміз. Еңбектің он бойында бірнеше жерде зерттеушінін тың пікірлері кездеседі. Мысалы, ол ертедегі түрікке христиан, будда діндері де белгілі болған дей отыра, «түріктердің өз діні болды» дейді. Ол біз білетін тәңірлік діні. Сол сияқты «қалмақ» деген атаудың Монголия жерінен Шыңғысханның наймандарды, керейлерді, жалайырларды қуып шыққанда, солардан қалып қойғандарды айтқан және оларды түрік еді деп кесіп айтуы да көңіл аудартады.
Қорыта айтканда, Шәкәрім шығармаларындағы азаматық сарынды туындыларды әлем әдебиетінің классикалық көрсеткіштері қатарында бағалай аламыз. Қазақ өркениетінің әлемдік рухани құндылықтарын байытқан Шәкәрім шығармалары қазіргі Тәуелсіз Қазақстаның жаңа әдебиетінің дамуында да жетекші қөркемдіқ негіз болуымен бағаланады.
Шәкәрімнің лирикасындағы көркемдік пен бейнелілік, лирикалық тұлға, соның негізінде ұлттық таным мәселесін зерттеу тек осы суреткер шығармаларын зерттеуде ғана емес, жалпы қөркем шығармадағы көркемді - эстетикалық ерекшелігің тануға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар Шәкәрімнің ақын ретіндегі өзіңдік даралығың таңуға, лирикасының көркемдік. куатың ашуға тілдік, бейнелілік мәселесі арқылы келуіміз өз нәтижесін берді.
Акынның лирикалық шығармаларынан ішкі жан тазалығың рухани ілімнің қайнар қөзін аңғарамыз. Шәкәрімнің даналык ой- толғамдары, әр ілімі бүгінгі біз өмір сүріп отырған заманда адамның жан дүниесіне, оның адамдық болмысы мен мәңіне бетбұрыс жасауда бізге ауадай қажег. Сонымен, Шәкәрімнің лирикасы қөркемдік-жанрлык, эстетикалык куаты ерекше қазақ әдебиетінің, жалпы халық мәдениетінен ерекше орын алатын ұлттық құңдылық деп айта аламыз. Қазақ лирикасына Шәкәрім философиялық таным, эстетикалық талғам, қөркемдік куат әкелді.
Шәкәрімнің өлеңдері жанрлық-стильдік табиғаты жағынан жан-жақты болып келеді. Ақын қазақ поэзиясының жанрлық түрін дамыта жаңа бағыттар ашқан.
Шәкәрімнің лирик ақың ретіңде стилін қарастыру барысында Абай дәстүрін дамыта жалғастырған, өзіңдік даралық стилі бар суреткер ретіндегі болмысы жан-жақты зерттелуде. Шәкәрім лирикасындағы бейнелі сөздер жүйесінің суреттеу,мәнерлеу құралдарының, сөз қолдану шеберлігінің, сөз саптау ерекшелігінің жұмбақ сырлары да өзгеше. Басқаша айтқанда, суреткердің сұлулықты қөре білуі, сезе білуімең қатар оны шебер бейнелеуіне, даралық өнер тұлғасы ретіндегі шеберлігіне келіп тіреледі.
Шәкәрім есімі бүгінде ұлтымыздың рухани мәдениетінің аса көрнекті тұлғасы ретінде аталады.ХХ ғасырдың басында ол ұлтымыздың перзенттері Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынов,Иағжан Жұмабаев,Міржақып Дулатов,Жүсіпбек Аймауытовтармен үн қоса отырып,ұлт мүддесіне қызмет етті.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Ахметов 3. Шәкәрім — қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрімтанү мәселелері/Құраст. Т.Шаңбай,- Семей-Новосибрск: Талер-Пресс, 380 б.
2.Әдебиеттану. Терминдер сөздігі/Құрастырушылар 3.Ахметов,Т.Шаңбай. - Алматы: Ана тілі, ,1996. - 240 б.
3. Кұдайбердіұлы Шәкәрім Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1988. 470 б.
4.Кұдайбердіұлы Шәкәрім. Иманым. - Алматы: Жазушы, 2000. - 350 б.
5. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. - Алматы: Атамұра, 2003. - 320 б.
6. Құдайбердіұлы Шәкәрім.Түрік, қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі. - Алматы,1991. – 66 б.