Онлайн әлем: бала үйде, қиялы түзде
22-10-2020
Асылбекова Ш
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы
№174 орта мектебінің мұғалімі
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Тұйық етістіктің ережесін біледі Тұйық етістіктің түрленуін түсінеді | |
Оқушылардың басым бөлігі: Тұйық етістіктің түрленуіне мысалдар келтіре алады | ||
Кейбір оқушылар: Тақырыпқа орай сұрақтың төңірегінде ойланып, түйген пікірлерін жаза алады | ||
Тілдік мақсат | Оқушылар: Тұйық етістікті септей, тәуелдей алады Мәтінге тілдік талдаулар жүргізе алады | |
Негізгі сөздер мен тіркестер: тұйық етістік, тұйық етістіктің түрленуі | ||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар: -у жұрнақты тұйық етістік пен зат есімді ажырата алады Жазылым бойынша ұсыныстар: Мәтінге тілдік талдаулар жүргізеді | ||
Алдыңғы оқу | Көсемшенің сөйлемдегі қызметі. 188,189-жаттығулар | |
Жетістік критерийлері | Оқушылар тұйық етістіктің түрленуінің ерекшеліктерін ұғынады, білім-білік дағдылары қалыптасады | |
Топтық, жұптық жұмыстар жасай білуге үйренеді | ||
Сыни тұрғыда ойлана отырып тапсырмалар орындайды | ||
ЖОСПАР | ||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
Басталуы 3 минут 5 минут | Оқушылармен амандасу. «Жылы лебіз» Топқа бөлу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Топқа бөлінеді. І топ. Бару ІІ топ. Келу ІІІ топ. Айту Тұйық етістік іс-әрекеттің атын білдіретіндіктен, зат есімдерше септеледі, тәуелденеді /бірақ, жіктелмейді, көптік жалғауы жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанады/ Тұйық етістіктің септелу, тәуелдену үлгісі көрсетіледі. Тапсырма. Ойлан да айт.(ауызша) Әр бала жеке жұмыс жасайды, өз тұжырымын жұбында талқылайды, өз ойларын ортаға салады 1. І топ. У дыбысына аяқталған сөздердің бәрі тұйық етістік бола бере ме? ІІ топ. Есімдерше тәуелденіп, септеледі, Бірақ жіктелмейді, көптеледі. Есім мағынасында қолданыла береді, Мұны кім айтып, дәлелдеп береді? ІІІ топ. Жаю, тыю, түю, сүю деген сөздер қай сөз табына жатады? Бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» |
ҚР Білім беру стандарты, жоспар. |
Ортасы 10 минут 12 минут 5 минут 5 минут | 191-жаттығу Мәтінді топқа бөліп оқу. Мәтіндегі –у жұрнақты тұйық етістік пен зат есімді ажырату, тұлғасына қарай талдау жасау. І топ. 1,2,3,4 азат жолдары ІІ топ. 5,6 азат жолдары ІІІ топ. 7,8,9 азат жолдары Жеке жұмыс. Тұйық етістіктің ережесін айт. Мысал келтір Қашау, жасау, құрсау, тұсау, ою сөздері тұйық етістік пе әлде зат есім бе? Сабақтан қалмау, үй тапсырмасын орындау, тәртіпті болу – оқушының міндеті. Сөйлемнен тұйық етістіктерді тауып, тұлғасына қарай талдау жаса. Бағалау дескрипторы Критерий1 ұпай2 ұпай3 ұпайЖинаған ұпайыЕрежені түсіне білуіЕреже түсіндірілді,бірақ баяндауында қателік барЕреже түсіндірілді,Бірақ мысалмен дәлелдеуі төменЕреже жақсы түсіндірілді.Мәтінге тілдік талдаулар жүргізе алуыТұйық етістік пен зат есімді ажырата алмайдыТұлғасына қарай талдау жасауда қателік бар.Мәтінге тілдік талдаулар жүргізе алады.Тұйық етістік пен зат есімді ажыратадыДұрыс жауабыЖауабы дұрыс емесСөйлемнің тыныс белгілерінде қате барЖауабы дұрысСергіту сәті «Көршіме, өзіме» Жұптық жұмыс: «Ойлан, тап!» Жұптар бір-бірін бағалайды. Көру диктанты. Мына сөйлемдегі көп нүктенің орнына тұйық етістікті қойып жаз. Тапсырманы уақытында ... керек. Мектепте және үйде тәртіпті ... керек. Үлкендерді ... керек. Ұйым жұмысына ... керек. Мәдениетті ... керек. Сабаққа белсенді ... керек. |
интербелсенді тақта
|
Аяқталуы 2 минут 3 минут 1 минут | «Адамдарға сөзіңізбен ұнау үшін не істеу керек?» деген сұрақтың төңірегінде ойланып, түйген пікірлерін жазу. Рефлексия Кері байланыс парағы Бағалау Қорытынды сөз |