Ашық сабақ: Тәуелсіздік туы астында

Oinet.kz 30-09-2020 2859

Қалиева Гүлназ

Жұмамұратова Лаура

Қызылорда қаласы,  № 7 арнайы түзету мектеп интернатының тәрбиешілері

Мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, танымдық түсініктерін молайту;
Түзете-дамыту  мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту,дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру,  сөздік қорларын молайту, шығармашылық,  танымдық қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік: Өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу,  ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Тобы:10 топ тәрбиеленушілері

Күні: 09.12.2016 ж.

Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,  көрсету, караоке, сұрақ-жауап, ойын т.б.

Көрнекі құрал-жабдықтар::интерактивті тақта,  плакат,  үлестірмелер. 

Пәнаралық байланыс:  тарих, география,  ән-күй.

Сабақтың  өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Психологиялық жағдай.

Бүгінгі сабағымызда  сіздерге  сәттілік, шаттық, саналарыңызға  терең ой қалыптассын деп тілеймін!

Балалар, Қ.Аманжолов атамыздың мына бір өлеңінен үзінді тыңдаңыздар.

Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

 Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұлдаладажылапкеліп, уанған

Бұлдаланыкөріпалғашқуанған

Бұлдаладаөскенжандажоқарман!–деп, біздің елімізді мақтанышпен жырлаған екен.

Шынында да  қазіргі уақытта біздер мақтанышпен айтатындай бақытты заманда, бейбіт өмірде тату тәтті өмір сүрудеміз. Соның бәрі  тәуелсіздігіміздің арқасы.

2.Ой шақыру стратегиясы

- Қыс мезгілінде елімізде маңызды қандай мерекелерді  білесіңдер?

Балалардың жауабы:1желтоқсан – ҚР тұңғыш президенті сайланған күн.

16 желтоқсан – ҚР тәуелсіздік алған күн.

Биыл тәуелсіз ел болғанымызға неше жыл толды? 25 жыл.

«Желтоқсан оқиғасына» биыл неше жыл толады? 30 жыл.

Сабақтың тақырыбымен  таныстыру.

Сабағымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік туы астында» деп аталады.

3. Жаңа сабақ. 

Балалар , «тәуелсіз ел» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

«Тәуелсіздік» сөзін тірек сызбасы арқылы түсіндіру.

          Тәуелсіздік 11 әріп құралған,
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.
Талай дара, даналардың көз жасы,
Қаныменен атты таң боп бізге алдан.
Тәуелсіздік қасиетті бұл ұғым,
Ей, келешек, жан – тәніңмен ұғып біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.  (хормен)
 Т- білдіреді теңдікті
Ә – әдептілік, өрлікті
У- 
уайымсыз уақытты
Е- 
егемендік,елдікті

Л- дейді лағып лепірме
С- 
сенімділік секілді ең
І 
– ілтипат пен ізет қой
З- зиялылық тілек қой
Д – 
шақырады достыққа

 І – ілкімді боп сақтыққа

 К- дейді күн бол көктегі, көз алартпа көршілерге қол сұқпа деген екен. 

Балалар, тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмеді, тәуелсіздік алуымыздың ең маңызды себепкері желтоқсан оқиғасы екенін білеміз. Тәуелсіздікке жету жолымен тәуелсіздік жетістіктері туралы сөз Гүлназ апайға беріледі.

1.  /Видео арқылы  түсіндіру.

2. Желтоқсан құрбандарын еске алу/.

3. Тәуелсіздік жетістіктері: /слайд арқылы көрсету/


Қ.Р-ң рәміздері қабылданды

Ұлттық валют

 /теңге/ айналымға

шықты

Әлемнің еңдамыған

50 елініңқатарына енді

Астана қаласы

бой көтерді

«Қазақстан

Республикасының тіл туралы» заң қабылданды

Семей полигоны жабылды

Әлемнің еңдамыған 50 елініңқатарына енді

Әлемдеспорты дамыған 30 елдіңқатарында

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме

Назарбаев  университеті, зияткерлік мектептер ашылды

Қазақстан шекарасы нақтыланды

 5. Сергіту сәті:1. Қазақстан картасын құрастыру. Ұжымдық жұмыс.

6. «Ой мен ойын»  интеллектуалды ойынымызды бастайық. /слайд/

Шарты. Топқа бөлу. 1. «Намыс» тобы. 2. «Егемен» тобы.

Бірнеше бөлімнен тұрады. Әр  дұрыс тапсырмаға   бір теңгеден беріледі. Соңында теңгелер есептеліп, көп жинаған топ жеңіске жетеді. Әр бөлімнің тапсырмалары ойын барысында түсіндіріледі.

ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? 

А). 1991 жылы

Ә). 1992 жылы

Б). 2000  жылы

2. Қазақстан Республикасының Ата Заңы қай жылы, қай күні қабылданды?

        А). 1991 жыл 16 желтоқсан.

Ә). 1995 жыл 30 тамыз.

   Б). 1997 жыл 17 қараша.

3. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? 

А). Тоқтар Әубәкіров

Ә). Талғат Мұсабаев

 Б). Талғат Бегилдинов

4. Қазақстан Республикасы Туының авторы кім?

  А). Ш.Ниязбеков

  Ә).  Ж.Мәлібеков

   Б). Ш. Айманов

5.Астана болғанқалалардыата. 

            А). Тараз, Ақтөбе, Алматы

            Ә). Шымкент, Қызылорда, Ақтау

            Б). Қызылорда, Алматы, Астана

6.Төл теңгеміз қай жылы дүниеге келді. 

А). 1993 ж 15қараша.

Ә). 1995 ж 18 ақпан

Б). 2007 ж  4 наурыз

2. «Жанды сұрақ»  видео  арқылы сұрақ.

7. «Сөз көркі-мақал» мақалдарды жалғастыру.

1. Ел ағасыз болмайды,...(Тон жағасыз болмайды)

 2.Басқа елде сұлтан болғанша,...(Өз еліңде ұлтан бол)
3. Туған жердей жер болмас,… (Туғанелдей ел болмас)

4. Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс  өлтіреді

1.Батыр туса-ел ырысы, … (Жаңбыр жауса-жер ырысы)

2.Отан үшін отқа түс-күймейсің,… (Арың үшін алыссаң-өлмейсің)

3. Туған жердің жері де көрікті … (елі де сүйікті

4. Жері байдың  елі бай.

8. «Есте сақта» ойыны.

1-топ:  Алматы, Ақмола, жұлдыз, бәйтерек, теңге, желтоқсан, Қызылорда, кітап, балалар, білім.

2 – топ: Астана, тәуелсіз, атамекен, заң, ту, елтаңба, Сабира, Қайрат, Ләззат, президент.

Бағалау.

5. Қорытынды. «Көк тудың желбірегені» әнін  караоке  түрінде  хормен айту.

Сабақ жоспары: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу