Ашық сабақ: Кешірімді бала-кішіпейіл бала

Oinet.kz 30-09-2020 1404

Ж.Түлкібаева

Қызылорда қаласы, №101 орта мектептің  өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

Сабақ тақырыбына сай коммуникативтік жағдаят бойынша еркін жауап бере алады.

Оқушылардың көбісі:

Әртүрлі жағдайда және топта түрлі пікір, идеялармен келісіп не келіспеу барысында шешен, тапқыр, ұтымды сөздерді қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

«Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашып, берілген тапсырмалар орындау барысында өзіндік көзқарас танытады..

Құндылықтарды игерту:

Кішіпейілділік, кешірімділік, татулық, сыйластық, бір-бірін түсінушілік

Қолданылатын әдістер

Болжау, сәйкестендіру, салыстыру, пайымдау, бірлесіп жазу, зерделеу.

АКТ-ны қолдану

Таныстырылым, бейнематериал

Осыған дейін меңгерілген білім

Р.Әбілқадырова «Кешірім»

                                                                        Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерек-көздер, бағалау

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

2 минут

Оқушылармен амандасып, түгелдеу.

Сыныпты төрт топқа бөлу.

Оқушылар бір-біріне тілек айта отырып шар береді сол 4 түрлі шар бойынша топқа бөлінеді.

Топтың «Алтын ережесін» еске түсіру:

  • Тыныштық сақтау

  • Бір-бірін тыңдау

  • Ұйымшылдықпен жұмыс жасау

  • Ортақ келісімге келу.

  • Тапсырмаларды жылдам орындау.

  • Уақытты тиімді пайдалану.

  • Жеңіске жетуге талпыну.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

Өзіммен-өзім /релаксация тәсілі

(Үнтаспадан табиғат дыбыстары баяу естіліп тұрады)

Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Көз алдарыңа «Аспан патшалығы» ақ мамықтай ақша бұлтты жіберіпті деп елестетіңдер. Сол ақша бұлттың үстінде біз отырғандаймыз. Ақша бұлт мамықтай жұмсақ екен. Аспан әлеміне қарай көтеріліп барамыз. Айдын шалқар көлден өтіп, орманды алқапқа кездестік. Жүгірген аңдар, сайраған құстар көрінеді. Әсем гүлдер көріне бастады. Гүлдер неткен керемет! Біз осының бәрін бірге көргенімізге іштей қуаныштымыз. Ақ мамықтай ақша бұлт бізді әсем де көркем «Гүлдер» сарайына түсірді. Осы жерде тұратын адамдардың барлығы бір-біріне кішіпейілділік танытады. Біздің де бойымызға кішіпейілділік пен кешірімділік сезімдері бойлап бара жатқандай. Осы сезімдермен біз де, бұрынғы қалпымызға келейік.


Сабақтың ортасы 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

 

 

 

1 мин

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

Ойланайық, пікірлесейік

Ой шақыру

1-2-топ: Ассоциация  құру

1.Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?

3-4-топ:

Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде қандай күйде боласыңдар?

Жест-мимика әдісі арқылы көңіл-күйді бейнелеп жеткізу.

«Ер дәулеті –еңбек» - үй тапсырмасын сұрау

 «Күннің көзін бұлттан арылту» ойын-жаттығуы

(Алдын ала беті бұлтпен толық жабылған күннің макетін дайындау. Бұлттың артқы бетіне сұрақтар жазылады. Ойынға шыққан оқушы кез келген бұлтты алып, сұраққа жауап береді. Барлық сұрақ алынып, сұраққа жауап беріліп біткенде күннің көзі бұлттан арылып, сәулесін шашады.)

Сұрақтар:

1.Көше сыпыратын атайдың ауруханаға түсу себебі неде?

2.Тұрсын неге мазасызданды?

3.Балалардың жасаған әрекеттері туралы не айта аласыңдар?

4.Тұрсынның жасаған әрекеті дұрыс па? Не үшін?

5. Қарт балаларға қандай кішіпейілділік танытты?

6.Егер сен атаның орнында болсаң, не істер едің?

7.Тұрсынның орнында болсаң ше?

«Білгенге – маржан»

Мұғалім сөзі: Бүгін «ренжімеу», «кешіру», «қателігін мойындау» туралы өзіндік көзқарастарымызды қалыптастырамыз.

Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады.
Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.
Достар бір-бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады.

Мақалды түсіндіру

Жақсы адамның ашуы шайы орамал кепкенше,
Жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше.

Сергіту сәті

Кешірімді боламыз, (Өзін көрсетеді.)
Жұлдыздай боп жанамыз. (Қолын жоғары көтереді.)
Кішіпейіл боламыз, (Өзін көрсетеді.)
Құстай қанат қағамыз. (қолдарын жайып, қанат қағады.)

«Құнды  қасиеттер» - Жағдаяттарды  талдау, сахналау

 Оқушыларды кешірімді, кішіпейіл болуға дағдыландыру мақсатында жағдаяттарды талқылау және берілген тақырып бойынша сахналау.

1-топ: «Кешірім – сыпайылық белгісі» тақырыбында (үлкендер мен балалар рөлінде)

2-топ:  «Кешірім – татулық негізі» (достар немесе сыныптастар рөлінде) сахналап көрсетеді.

3-топ:Берілген жағдаяттарды талдап, шешімін табады.

1.Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті...
2.Арсен мен Мәулен дүкеннің қабырғасына сурет салып ойнады. Арсен болса, қашып кетті...

4-топ:1. Дәулет сабаққа кешігіп қалды...

2. Саян сыныпта келе жатып Құралайдың партадаға заттарын шашып алды...

Балалар «Кімнен қалай кешірім сұрауға болады?» деген сұрақпен жағдаяттарды шешу арқылы, қай кезде болмасын дұрыс шешім қабылдай алу керектігін де түсінетін болады.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім «Автобуста» деген оқулықта берілген әңгімені оқып, талдау барысында балалардың үлкен адамдарға үнемі кішіпейілділік танытуы қажет екенін ұғындырады.

Әңгімеден қандай ой түюге болады?

Бекітіп, жинақтау

Алпамыс пен Махаббаттың кеңесі ретінде «Назар аударайық»

— Кешірімді болу деген не?

— Кешірім жасау — татуласуға бірінші қадам жасау;

— Кешірім жасау — кішіпейіл болу;

— Кешірім жасау — қателікті мойындау;

— Кешірім жасау — өзара түсінісу;

— Кешірім жасау — ренішті ұмыта білу.

Дәптермен жұмыс

 «Досым көп болсын десең ...» тақырыбында өз ойларын жазады.

«Үш шапалақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды

Сабақтың соңы

2 мин

 

 Рефлексия. Жүректен -жүрекке

Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құрады. Сабақты жағымды көңіл күй қалыптастыратын оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айтуымен де қорытындылауға болады

Үй тапсырмасы


Қосымша ақпарат

Дифференциация –

 Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында оқушы құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Ашық сабақ: Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Сабақ жоспары: Квадраттық теңдеу түбірлері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу