Сабақтың ортасы (6-40 минут) | Геометрия грек тілінен аударғанда «жер өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Геометрия екі бөлімнен тұрады. Планиметрия және стереметрия. Планиметрия жазықтықтағы фигуралардыГеометрия (гр. geometrіa, ge — Жер және metrio — өлшеймін) — математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы. Фигуралар кеңістіктік пішіндер болып есептеледі. Геометрия тұрғысынан сызық — “сым” емес, шар — “домалақ дене” емес, олардың барлығы да — кеңістіктік пішіндер. Ал кеңістіктік қатынастар — фигуралардың мөлш. мен орналасуын анықтайды. Мысалы,центрлері ортақ, радиустары 3 см және 5 см шеңберлер қиылыспайды, “біріншісі екіншісінің ішінде жатады” дегенде — шеңберлердің мөлш. мен орналасуы жөнінде айтылып тұр. Мұнда бірінші шеңбер — кішісі, екіншісі — үлкені, біріншісі екіншісінің ішінде орналасқан. Осыған орай кеңістіктік қатынастар “үлкен”, “кіші”, “ішінде”, “сыртында” сөздері арқылы анықталған. “Тең”, “параллель”, тағыда басқа сөздер де кеңістіктік қатынастарды сипаттайды.[1]
“Геометрия” атауы дәл аударғанда “жер өлшеу” болады. Бұл ғылымның алғашқы нұсқалары Ежелгі Мысыр (Египет) елінде шыққан. “Жер учаскелерін өлшеу нәтижесінде — деп жазған біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда өмір сүрген грек математигі Евдем, — мысырлықтар Геометрия ғылымын шығарды”. Жер өлшеу өнерін мысырлықтардан үйренген ежелгі гректер оны алғашқы кезде өз тілінде “Геометрия” деп атаған. Осы сөз кейін көптеген халықтардың тіліне еніп, ғыл. термин болып кеткен. Геометрия заңдылықтарын жер учаскелерін өлшеуде қолдануға әбден болады, бірақ Геометрияның негізгі арнасы ол емес. Геометрияда қолданылатын мәселелер сан алуан. Сондықтан Геометрия ерте заманның өзінде-ақ кеңістіктік пішіндер мен қатынастар жөніндегі ғылым ретінде қалыптасқан. Жер өлшеу ғылымын, соңғы мағынадағы Геометриядан айырып айту үшін, Аристотель геодезия деп атаған. Геометрияны тек жер өлшеу жұмыстары ғана тудырған жоқ. Бұл бағытта ғылыми-практикалық деректердің молайып, қорлануына үй, көпір, пирамида, әскери бекіністер, тағыда басқа құрылыстар салу, арналар қазу, ыдыстардың сыйымдылығын өлшеу, құрылыстарға қажетті материалдардың шамасын алдын ала есептеу елеулі әсер етті. Геометрия ұғымдары дүниеде кездесетін заттардың дербес физикалық қасиеттерін еске алмай, абстракциялап (яғни, дерексіздендіріп), олардың тек мөлшері мен өзара орналасуын ғана қарастыру нәтижесінде пайда болған. Қалыпқа салынып соғылған кірпіштердің, құрылысқа арналып шабылған қырлы тастардың, шеберлердің кесіп, сүргілеп тегістеген бұйымдарының сыртқы тұрпаты — пішіні бірдей болады. Мұндай пішін төрт бұрышты призма деп аталады. Үш бұрышты, бес бұрышты, тағыда басқа призмалар болады. Геометрияда призманың қандай материалдан жасалғандығы есепке алынбайды, оның тек мөлшері мен орналасуы ғана зерттеледі. Цилиндр, конус, шар, Геометрия ұғымдар да осылай қалыптасқан. Сонымен геометриялық денелер — темп-расы, массасы, жасалған материалы мен жеке қасиеттері қарастырылмайтын физыкалық денелер денелер., ал стереометрия кеңістіктегі геометриялық фигураларды қарастырады. Планиметрия курсының ең негізгі элементтері болып нүкте мен түзу, кесінді болып табылады.
Ан-ма: Нүкте координатасымен анықталады және оның ұзындығы болмайды, яғни 0-ге тең. Ан-ма 2: Түзу -2 екі жағынан да шектелмеген нүктелер жиыны. Ұзындығы – шексіз. Геометрияда келесі белгілеулер қолданылады: /тақтада көрсету/ 1.Тиісті, тиісті емес 2. Бірігу 3.Қиылысу /Оқулықтан жазады/ 1-слайд Геометрияның негізгі ұғымдары
2-слайдГеометрия-заттардың формасын, өлшемін және де өзара ара-қатынастарын зерттейтін ғылым саласы.
3-слайдГеометрия ғылымы ғасырлар бойы жаңа теоремалар мен формулалар ашылуы арқылы дамып, толықтырылып отырған. Ғылымның дамуында ерекше рөл атқарған ғалымдар:
4-слайд Геометрияның қолданысыӨмірге байланысы бар есептер;Қоршаған ортаны тану;Логикалық ойлау қабілетін дамытуКөптеген маңызды мамандықтардың негізі( Архитектор, құрылыс инженері, скульптор т.б.)
5-слайд Геометрияның салалары6-слайд ПланиметрияПланиметрияда бір жазықтық бойында жататын, көлемсіз геометриялық фигуралар зерттеледі. Оларға: нүкте, кесінді, сәуле, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер және т,б фигуралар жатады.7-слайд СтереометрияСтереометрияда белгілі бір көлемі бар геометриялық фигуралар зерттеледі. Оларға: Пирамида, конус, шар, цилиндр және т. б. Фигуралар жатады.
8-слайд АнықтамаЖаңа ұғымдардың мағынасын бұрыннан белгілі ұғымдар арқылы түсіндіретін сөйлемді анықтама деп атаймыз.Төртбұрышты анықтау үшін нүкте, кесінді секілді бұрыннан белгілі ұғымдарды пайдаланамыз. Себебі төртбұрыш нүкте мен кесінділерден құралады.
Деңгейлік тапсырмалар: І деңгей тапсырмалары 1. Геометрия дегеніміз не? 2. Геометрия ғылымының дамуына үлес қосқан ерте заман ғалымдарын ата. 3. Геометрия неше салаға бөлінеді және оларды ата? 4. Шар, кесінді, конус, цилиндр, сызық. Осы фигураларды геометрияның қай саласы зерттейтінін ата. IІ деңгей тапсырмалары 5. Кез келген екі нүктені белгіле. 6. Екі нүкте арқылы түзу сыз; 7. Екі нүктенің ара қашықтығын өлшеп дәптерге жаз. IIІ деңгей тапсырмалары 8. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? Өзара бағалау ( дескриптор бойынша) Бағалау СГ 3. Есептердің шығару нәтижелерін көрсету Оқытудың мақсаты бойынша.
Бағалау кртитериіДескрипторКез келген есептерді шығару тәсілдерін мен анықтамаларды пайдаланадыҚосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып тексередіШығарылған есептердің дұрыстығын бақылайдыТапсырмалардың нәтижесін тексеруШығарылған есептердің жақсы үлгілерін көрсетеді
|
Оқулық .3: Қосымша тапсырма:1.2.
|