9 сынып. Қазақ әдебиеті пәнінен емтихан билеттері

Oinet.kz 21-09-2020 1524

1- билет

1.Ауыз әдебиеті туралы түсінік, жазба әдебиетінен айырмашылықтары

2. Бұқар жырау Қалқаманұлы. Өмірі, толғаулары ( Бір толғауына талдау жасау)

3. Шал ақынның «Ата – ананың қадірін» толғауын жатқа айтыңыз


2- билет

1. Ауыз әдебиетінің түрлері (Мысалдар арқылы түсіндіру)

2. Дулат Бабатайұлы .Өмірі, өлең- жырлары (Бір өлеңіне талдау жасау)

3. Өзіңізге ұнаған автор не кейіпкерге хат жазыңыз ( РАФТ стратегиясы бойынша)


3- билет

1. Тұрмыс – салт жырлары, түрлері ( Мысалдар арқылы түсіндіріп, талдау жасау)

2. Шортанбай Қанайұлы. Өмірі, толғаулары (Бір өлеңіне талдау жасау )

3. Ақтамберді жырау толғауларынан үзінді жатқа айту


4- билет

1. Төрт түлік малға байланысты туған өлең – жырлар ( Мысалдар арқылы түсіндіру)

2. Махамбет Өтеміcұлы. Өмірі, өлеңдерінің негізгі тақырыптары

3. Бұқар жыраудың «Тілек » өлеңін жатқа айтыңыз.


5- билет

1. Баланың дүниеге келуіне, есейіп ержетуіне байланысты туған өлең – жырлар.

2. Махамбет өлеңдеріндегі Исатай батыр бейнесі.( Түсінік беру, бір өлеңін жатқа айту)

3. «Менің анам» тақырыбында шағын шығарма жазу.


6- билет

1.Үйлену салтына байланысты туған өлең – жырлар .

2. Ыбырай Алтынсарин. Өмірі, ағартушылық қызметі

3. Дулат Бабатайұлының «Аягөз» өлеңіне СКТ жасау


7-билет

1. Көңіл күйді білдіретін өлең – жырлар ( Мысалдар арқылы түсінік беру)

2. Ыбырай – балалар әдебиетінің атасы. Ы.Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелері.

3. Өзіңізге ұнаған ақын туралы ойтолғау жазыңы

8-билет

1. Бата және оның түрлері. (Мысалдар арқылы түсіндіріп, талдау жасау)

2. Ы. Алтынсариннің өлеңдері, олардың негізгі тақырыбы ( Түсінік беру, талдау жасау)

3. Ынтымақ, бірлік туралы мақал – мәтелдер


9- билет

1. Мақал – мәтелдер, олардың тақырыптары.

2. Абай Құнанбаев. Өмірі мен шығармашылығы

3. Төле бидің шешендік сөздерін жатқа айтыңыз.


10- билет

1. Жұмбақтар, олардың мақсаты, ерекшеліктері (Түсінік беру, талдау жасау)

2. Абай Құнанбаевтың өлеңдерінің негізгі тақырыптары

3. Өзіңізге ұнаған автор немесе кейіпкерге хат жазыңыз ( РАФТ стратегиясы бойынша)


11- билет

1.Жаңылтпаштар, олардың мақсаты, ерекшеліктері ( Түсінік беру ,талдау жасау)

2. Абайдың азаматтық лирикасы «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі.

3. Қазыбек бидің шешендік сөздерін жатқа айтыңыз.


12- билет

1. Ертегілер, ерекшеліктері, түрлері ( Мысалдар арқылы түсіндіру)

2. Абайдың «Ескендір» поэмасы. Мазмұны, тақырыбы, идеясы.

3. Әйтеке бидің шешендік сөздерін жатқа айту.


13- билет.

1. Батырлар жыры. Тақырыбы, идеясы. Жырларды атаңыз.

2. Абайдың қарасөздері. Қарасөз жазудағы Абайдың мақсатын түсіндіріңіз.

3. Қазтуған жыраудың толғауын жатқа айтыңыз.


14- билет

1. « Қамбар батыр» жыры. Тақырыбы, идеясы, мазмұны, кейіпкерлері

2. Абайдың «Он тоғызыншы сөзі» (Түсінік беріңіз, талдау жасаңыз).

3. Отан, туған жер туралы мақалдар айтыңыз


15- билет

1.Лиро – эпостық жырлар. Тақырыбы, идеясы, мазмұны .

2.Жамбыл Жабаев. Өмірі, шығармалары. Ақынның айтыстары.

3. Наурыз жырларын жатқа айтыңыз.


16- билет

1.Аңыз әңгімелер, ерекшеліктері, кейіпкерлері ( Мысалдар арқылы түсіндіріңіз)

2. Жамбылдың өлеңдері, негізгі тақырыптары (Түсінік беріп, талдау жасау)

3. Еңбек туралы мақалдар айтыңыз


17- билет

1. Шешендік сөздер. Ерекшеліктері, тарихи кезеңдері. (Түсінік беру, мазмұндау)

2. Жамбылдың дастандары ( Түсінік беріп, талдау жасаңыз)

3.А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айтыңыз


18- билет

1.Шешендік сөздердің жанрлық түрлері ( Түсінік беру, мазмұндау)

2. Сұлтанмахмұт Торайғыров . Өмірі, шығармашылығы, өлеңдерінің тақырыбы.

3. М. Өтемісұлының «Ереуіл атқа ер салмай » өлеңін жатқа айтыңыз.


19- билет

1. Айтыс, ерекшеліктері, түрлері.

2. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы. Мазмұны, тақырыбы, идеясы.

3. Жақсылық пен жамандық туралы мақалдар айтыңыз


20- билет

1. «Біржан мен Сара» айтысы, тақырыбы, идеясы, мазмұны.

2. Жүсіпбек Аймауытов . Өмірі, шығармашылығы. «Әнші» әңгімесі.

3. « Туған жерге туың тік» атты ойтолғау жазыңыз


21-билет

1.Осы күнгі айтыстар, олардың тақырыптары, айтыскер ақындар

2. Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі ән құдіреті туралы түсінік бер.

3. Өзіңізге ұнаған автор не кейіпкерге хат жазыңыз (РАФТ стратегиясы бойынша)


22- билет

1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз – жырлар. Алып Ер Тоңға.

2. Мағжан Жұмабаев. өмірі мен шығармашылығы. Өлеңдері, негізгі тақырыптары.

3. Махамбет Өтемісұлының бір өлеңіне СКТ жасаңыз.


23- билет

1.Түркі тектес халықтарға ортақ мұралар. «Күлтегін» жыры. Тақырыбы, идеясы.

2. Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі (Түсінік беріңіз, талдау жасаңыз)

3. Өзіңізге ұнаған ақын туралы ойтолғау жазыңыз


24- билет

1. «Қорқыт ата» кітабы, тарихы, мазмұны (Түсінік беріп, талдау жасаңыз.)

2. Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы

3. «Малдың баласын сүюі» өлеңін жатқа айтыңыз


25- билет

1. Әбунасыр әл- Фараби. Өмірі мен өлеңдері (Түсінік беріңіз, талдау жасаңыз).

2. Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасы. Мазмұны, тақырыбы,идеясы, кейіпкерлері.

3. Мұқағали Мақатаевтың бір өлеңін жатқа айтыңыз.


26-билет

1. Ахмет Йасауи. Өмірі. «Хикметтер» кітабы.

2. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы (Түсінік беріңіз, талдау жасаңыз)

3. Адамгершілік қасиет туралы мақалдар айтыңыз.


27- билет

1. Жүсіп Баласағұни. Өмірі. «Құтты білік» кітабы, мазмұны, кейіпкерлері.

2. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы. «Қайтқанда» тарауы

3. М. Жұмабаевтың бір өлеңіне СКТ жасаңыз


28- билет

1. Махмұт Қашқари. Өмірі. «Түркі тілдерінің сөздігі» кітабы.

2. М. Әуезовтің «Шытырманда» тарауы.

3. «Табиғат – екінші үйіміз» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз


29- билет

1. Рабғузи. Өмірі. Қиссалары, мазмұны.

2. Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер» трилогиясы (Түсінік беріп, талдау жасаңыз).

3. Асанқайғының «Еділ бол да, Жайық бол» өлеңін жатқа айтыңыз.


30- билет

1. Сәйф Сарай. Өмірі. «Түркіше Гүлстан» кітабы.

2. Мұқағали Мақатаев . Өмірі мен шығармашылығы. «Райымбек» поэмасы.

3. Асанқайғының «Бұл заманда не ғаріп?» өлеңін жатқа айтыңыз.

Қазақ әдебиеті пәнінен емтихан билеттері 9 сынып
6 сынып. Қазақ әдебиеті. Емтихан билеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу