8 сынып. Математика пәнінен емтихан билеттері

Oinet.kz 21-09-2020 1535

(Алматы қаласы, Әуезов ауданы №126 мамандандырылған лицей оқушылары үшін)

Билет № 1

1.             функциясы. Қасиеттері мен графигі

2.            Пифагор теоремасы

3.            Дөңес көпбұрыштар. Дөңес көпбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы, диагональдарының саны.

4.            Үшбұрыштың периметрін табуға есеп

5.            Түбірі бар санды өрнектің мәнін табуға есеп

Билет № 2

1.            Квадрат түбір ұғымы. Арифметикалық квадрат түбір

2.            Квадрат, тік төртбұрыш және олардың қасиеттері

3.            Фалес теоремасы. Фалестің кеңейтілген теоремасы

4.            Үшбұрыштың ауданын табуға есеп

5.            Түбірі бар рационал өрнекті түррлендіруге есеп

Билет № 3

1.            Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу

2.            Герон формуласы

3.            Үшбұрыштың теңдік белгілері

4.            Үшбұрыштағы метрикалық қатнастарға есеп

5.            Рационал өрнектерді түрлендіруге есеп

Билет № 4

1.            Квадрат теңдеу және оның түбірлері

2.            Көпбұрыштар (Көпбұрыштардың түрлері, бұрыштарының қосындысы)

3.            Түзулердің пареллельдік белгісі

4.            Тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз қабырғасын табуға есеп

5.            Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешуге есеп

Билет № 5

1.            Натурал дәреженің  анықтамасы және қасиеттері

2.            Трапеция, түрлері, қасиеттері

3.            Үшбұрыштардағы пропорционал кесінділер

4.            Параллелограммның қабырғаларын табуға есеп

5.            Биквадрат теңдеулерді шешу тақырыбына есеп

Билет № 6

1.            Виет теоремасы

2.            Үшбұрыш пен трапецияның орта сызықтары

3.            Үшбұрыштың  бұрыштарының қосындысы, сыртқы бұрыштарының қосындысы

4.            Трапаецияның белгісіз қабырғасын табуға есеп

5.            Бөлшек-рационал теңдеулерді шешуге есеп

Билет № 7

1.            Рационал теңдеулер

2.            Кейбір бұрыштардың синусының, косинусының, тангенсінің, котангенсінің мәндері

3.            Шеңбердің теңдеуі

4.            Трапецияның ауданын табуға есеп

5.            Бөлшек-рационал теңдеулерді шешуге есеп

Билет № 8

1.            у=a(x-m)2 функциясының графигі

2.            Үшбұрыштардағы метрикалық қатынастар

3.            Түзудің теңдеуі

4.            Тригонометриялық функциялардың мәнін табуға есеп

5.            Бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешуге есеп

Билет № 9

1.            Санды теңсіздіктердің қасиеттері

2.            Параллелограмм. Параллелограмм белгілері, қасиеттері. Параллелограмм ауданы

3.            Тік төртбұрыш және квадраттың аудандары

4.            Ромбының бұрыштарын табуға есеп

5.            Бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешуге есеп

Билет № 10

1.            Виет теоремасына кері теорема

2.            Үшбұрыштың ауданын табу формулалары

3.            Үшбұрыштың орта перпендикулярларының қиылысуы жайлы теорема. Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер

4.            Декарт координаталар жүйесінде параллелограмның төбелерін табуға есеп

5.            Квадрат теңдеулердің түбірлері, Виет теоремасына есеп

Билет № 11

1.            Тақ көрсеткішті дәрежелік функция. у=х3 функциясы

2.            300, 450, 600 бұрыштардың тригонометриялық функцияларының мәндерін анықтау

3.            Үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған  шеңбер

4.            Декарт координаталар жүйесі, үшбұрыштың медианасын табуға есеп

5.            Иррационалдықтан құтылуға  есеп

Билет № 12

1.            Квадрат түбірдің қасиеттері

2.            Сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі, котангенсі

3.            Шеңберге сырттай және іштей сызылған төртбұрыштар туралы теорема

4.            Түзудің теңдеуіне есеп

5.            Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешуге есеп

Билет № 13

1.            у=a(x-m)2 +n функциясының графигі

2.            Іштей сызылған және центрлік бұрыштар

3.            Үшбұрыштағы тамаша төрт нүкте

4.            Шеңбердің теңдеулеріне есеп

5.            Квадрат теңдеулер тақырыбына есеп

Билет № 14

1.            Квадрат теңсіздіктерді шешу

2.            Кесіндіні берілген қатынаста бөлу. Кесінді ортасының координаталары

3.            Трапеция. Трапецияның түрлері, қасиеттері. Трапецияның ауданы

4.            Декарт координаталар жүйесіне есеп

5.            Модулі бар функцияның графигін салуға есеп

Билет № 15

1.            Бөлшек бөліміндегі иррационалдықтан құтылу. Көбейткішті түбір астына енгізу және түбірден шығару

2.            Жазықтықтағы нүктелердің декарттық координаталары. Екі нүктенің арақашықтығы

3.            Үшбұрыштағы метрикалық қатынастар

4.            Декарт координаталар жүйесіне есеп

5.            Квадрат түбірлердің мәнін табуға есеп

Билет № 16

1.            Бөлшек-сызықтық функцияның графигі

2.            Кесіндіні берілген қатынаста бөлу. Кесінді ортасының координаталары

3.            Тікбұрышты үшбұрыштағы пропорционал кесінділер туралы теорема

4.            Тригонометриялық өрнектерді ықшамдауға есеп

5.            Теңсіздіктер жүйесін шешуге есеп

Билет № 17

1.            Квадрат теңдеулердің түбірлерін зерттеу

2.            Үшбұрыштың биіктігін табу формуласын қорытып шығар.

3.            Ромб. Қасиеттері, белгілері, ауданы

4.            Тік бұрышты үшбұрыштарды шешуге есеп

5.            Теңсіздіктер жүйесін шешуге есеп

Билет № 18

1.            Иррационал сандар. Нақты сандар жиыны

2.            Үшбұрыштың медианалары туралы теорема

3.            Үшбұрышпен сырттай жанасатын шеңбер

4.            Ромбының ауданына есеп

5.            Бөлшек бөліміндегі иррайионалдықтан құтылуға есеп

Билет № 19

1.            Квадрат теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу

2.            Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңберлер радиусын табу формуласын қорытып шығар.

3.            Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы

4.            Тригонометриялық өрнектерді түрлендіруге есеп

5.            Иррационал өрнектерді түрлендіруге есеп

Билет № 20

1.            Модуль таңбасы бар функциялар графигі

2.            Биіктіктері бірдей немесе бір бұрышы немесе бір қабырғасы бірдей үшбұрыштардың аудандарының қатынастары.

3.            Үшбұрыштың медианасын табу формуласын қорытып шығар.

4.            Трапецияның диагоналдарын табуға есеп

5.            Квадрат теңдеудің түбірлері, Виет теоремасына есеп

Билет №21

1.            Арифметикалық квадрат түбір және оның қасиеттері.

2.            Герон формуласын қорытып шығар.

3.            Негізгі тригонометриялық тепе-теңдігі

4.                Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбер тақырыбына есеп

5.                Квдрат теңдеу түбірлері тақырыбына есеп

 Билет №22

1.                 квдрат теңдеуінің b жұп сан болғандағы түбірлері.

2.                Тік бұрышты үшбұрыштағы метрикалық қатынастар.

3.                Шеңбердің теңдеу

4.                Трапеция ауданын табуға есеп

5.                Ағысқа мәтінді есеп

Билет № 23

1.             квадрат теңдеуінің  болғандағы түбірлері.

2.            Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер және оның центрі туралы теорема.

3.            Түзудің теңдеуі

4.             Функцияның анықталу облысын табуға есеп

5.            Үшбұрыштың ауданын табуға есеп

Билет №24

1.            Квадрат теңсіздікті аралықтар (интервалдар) тәсілімен шешу

2.            Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер және оның центрі туралы теорема.

3.            Квадрат және оның қасиеттері.

4.             Квдрат теңсіздікті график тәсілде шешуге есеп

5.            Ағысқа мәтінді есеп

Сабақ: Қысқа мерзімді жоспар
Математика. 9 сынып. Емтихан билеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу