Математика. 9 сынып. Емтихан билеттері
1 билет
1. Вектор (анықтамасы). Вектордың ұзындығы, векторлар арасындағы бұрыш. Коллинеар векторлар. Векторларды қосу және азайту, қасиеттері.
2. Параллелограмм белгілері (дәлелдеуімен)
3. Үшбұрыштарды шешу тақырыбына есеп
4. Трапецияның қасиеттеріне есеп
2 билет
1. Вектордың координаталары. Координаталары бойынша амалдар.
2. Параллелограмм, оның қасиеттері. (дәлелдеуімен)
3. Үшбұрыштың тамаша нүктелеріне есеп
4. Шеңбер жанамасына есеп
3 билет
1. Векторлардың скаляр көбейтіндісі, вектордың оське проекциясы. Скаляр көбейтудің қасиеттері.
2. Тік төртбұрыш, квадрат, ромб және олардың қасиеттері. (дәлелдеуімен)
3. Үшбұрышқа іштей сызылған шеңберге есеп
4. Шеңбер және оның бөліктеріне есеп
4 билет
1. Косинустар теоремасы.
2. Планиметрия аксиомалары. Анықтама, теорема, салдар. Мысалдар келтіру.
3. Скалярлық көбейтіндіге есеп
4. Шеңбердің жанамасы мен қиюшыларына есеп
5 билет
1. Синустар теоремасы.
2. Үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңбердің радиустарының формулаларын қорытып шығару.
3. Векторларды жіктеуге есеп
4. Шеңберлердің өзара орналасуына есеп
6 билет
1. Дөңес көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы. Дұрыс көпбұрыштар. Дұрыс үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрышты салу.
2. Пифагор теоремасы және оған кері теорема.
3. Скалярлық көбейтіндіге есеп
4. Көпбұрыштарға есеп
7 билет
1. Шеңбердің анықтамасы. Шеңбер ұзындығының формуласын қорыту. Доғаның ұзындығы. Центрлік бұрыш.
2. Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері. Теңбүйірлі үшбұрыш табанына жүргізілген медиана туралы теорема.
3. Тік бұышты координаталар жүйесі тақырыбына есеп
4. Векторларға амалдар орындау тақырыбына есеп
8 билет
1. Аудандардың қасиеттері. Тіктөртбұрыштың ауданы. Квадраттың ауданы.
2. Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыс. Үшбұрыш теңсіздігі.
3. Үшбұрыштың тамаша нүктелеріне есеп.
4. Шеңбер және оның бөліктеріне есеп.
9 билет
1. Үшбұрыш ауданының формулаларын дәлелдеу. Герон формуласы.
2. Екі нүктенің ара қашықтығы.
3. Трапецияның қасиеттеріне есеп.
4. Косинустар теоремасына есеп
10 билет
1. Дөңгелек анықтамасы. Дөңгелектің ауданы. Дөңгелектегі сектор, сегмент аудандарының формулалары.
2. Параллелограмның диагоналдарының квадраттарының қосындысы туралы теорема.
3. Шеңберлердің өзара орналасуына есеп.
4. Үшбұрыштарды шешуге есеп
11 билет
1. Шеңберге жүргізілген жанама. Жанаманың қасиеті. Хорда мен жанама арасындағы бұрыш.
2. Түзудің жалпы теңдеуі, бұрыштық коэффициенті арқылы берілген теңдеуі және екі нүкте арқылы жүргізілген түзудің теңдеуі. Түзулердің параллельдік және перпендикулярлық шарттары.
3. Үшбұрыштарды шешуге есеп.
4. Параллелограмның қасиеттеріне есеп.
12 билет
1. Дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған іштей және сырттай сызылған шеңбердің радиустары арасындағы байланыс формуласын қорыту.
2. Параллель түзулер. Екі түзудің параллельдік белгілері (дәлелдеуімен).
3. Шеңбердің теңдеуі тақырыбына есеп.
4. Шеңбердегі пропорционал кесінділер тақырыбына есеп.
13 билет
1. Дөңес көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысының формуласын қорыту.
2. Үшбұрыштың медианасы. Медиананың қасиеттері, ұзындығының формуласы.
3. Декарт координаталар жүйесіне есеп.
4. Ромбының қасиеттері тақырыбына есеп.
14 билет
1. Фалес теоремасы. Кесіндіні тең бөліктерге бөлу.
2. 30о, 45о, 60о бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенс мәндерін есептеп тап.
3. Косинустар теоремасы тақырыбына есеп.
4. Шеңбердің жанамасы тақырыбына есеп.
15 билет
1. Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін дәлелдеңдер.
2. Кесіндіні берілген қатнаста бөлу. Кесінді ортасының координалары.
3. Декарт координаталар жүйесіне есеп.
4. Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңберге есеп.
16 билет
1. Параллелограмм ауданының барлық формулаларын қорыту, ромб ауданы, көпбұрыш ауданы.
2. Гомотетия ұқсас түрлендіру екендігін дәлелде. Фигуралардың ұқсастығы.
3. Шеңберлердің өзара орналасуы тақырыбына есп.
4. Тік бұрышты үшбұрыштың қасиеттеріне есеп
17 билет
1. Тікбұрышты үшбұрыштағы тригонометриялық функциялар арасындағы байланыстар.
2. Дөңгелектегі екі қиюшы туралы теорема.
3. Трапецияның ауданын табуға есеп.
4. Үшбұрыштарды шешуге есеп.
18 билет
1. Тікбұрышты үшбұрыштағы метрикалық қатынастар.
2. Векторды санға көбейту және оның қасиеттері.
3. Салу есептері
4. Үшбұрыштың биссектрисасының қасиетіне сесп.
19 билет
1. Шеңберге сырттай сызылған төртбұрыш. Шеңберге сырттай сызылуының қажетті және жеткілікті шарттары.
2. Тікбұрышты үшбұрыштың теңдік белгілері. Перпендикуляр және көлбеу.
3. Параллелограмм бойынша есеп
4. Ара қашықтықты табуға есеп
20 билет
1. Үшбұрыштың төрт тамаша нүктелері.
2. Дөңгелектегі пропорционал кесінділер (қиылысушы екі хорда туралы теорема).
3. Параллель көшіру тақырыбына есеп.
4. Дөңгелек және оның бөліктерінің аудандарына есеп
21 билет
1. Шеңберге іштей сызылған төртбұрыш. Шеңберге іштей сызылуының қажетті және жеткілікті шарттары.
2. Үшбұрыштың биссектрисасының қасиеттері, ұзындықтары.
3. Қозғалыс тақырыбына есеп
4. Түзудің теңдеуі тақырыбына есеп
22 билет
1. Шеңберден тысқары қиылысатын екі қиюшының арасындағы бұрыш (дәлелдеуімен).
2. Үшбұрыштың орта сызығы, трапецияның орта сызығы. Үшбұрыш пен трапецияның орта сызықтары туралы теорема.
3. Векторларды жіктеуге есеп.
4. Салу есептері
23 билет
1. Трапеция. Трапецияның ауданының формуласын қорыту. Трапецияның төрт тамаша нүктесі.
2. Центрлік бұрыш, іштей сызылған бұрыш және оларды өлшеу.
3. Үшбұрыштың биссектрисасының қасиетіне есеп
4. Шеңберлердің өзара орналасуына есеп
24 билет
1. Шеңбердің теңдеуі. Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы.
2. Үшбұрыш биссектрисасының қасиетін дәлелде. Хордалардың кесінділерінің пропорционалдығы.
3. Декарт координаталар жүйесіне есеп.
4. Векторларға амалдар қолдану тақырыбына есеп