Ашық сабақ. Тарих. Қыпшақ мемлекеті
Сабақтың тақырыбы Қыпшақ мемлекеті
Мақсаты Білімділік: Қыпшақ хандығы туралы алған білімдерін еске түсіреді, жаңа мәліметтермен білімдерін жетілдіре отырып, зерттейді.
Дамытушылық: Тарихи фактілерге сүйене отырып, оқушының көзқарасын қалыптасады.
Тәрбиелік: Өлке тарихын зерттеу арқылы ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын құрметтей білуге үйренеді.
Оқыту нәтижесі
Әр оқушы өз ойын еркін жеткізе біледі, топпен жұмыс жасап, көшбасшы оқушы анықталады.
Түйінді идеясы «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» Н. Ә. Назарбаев
Мұғалімнің іс - әрекеті
Кіріспе
«Амандасу» тренингі арқылы психологиялық ахуал орнату, 3топқа бөлу
Тұсаукесер
Электрондық оқулықтан «Қыпшақтар» туралы тыңдалады.
Негізгі бөлімі
«Зерттеу» әдісімен 3 топқа тапсырмалар беріледі:
І топ Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы туралы зерттейді
II топ – Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы, тарихына шолу жасайды
ІІІ топ – Қыпшақтарды өлке тарихымен байланыстырады
Қорытынды
«Тарихи диктант» әдісімен жаңа тақырып бекітіледі. 1. Қыпшақтардың... YII - YIII ғ. ғ қалыптаса бастаған.
2. Қыпшақтардың батыс бірлестігі... тайпадан тұрады.
3. Хандық биліктің орталығы... деп аталды.
4. Күші және беделі басым оң қанаттың ордасы Жайық өзені бойындағы... қаласында орналасты.
5. Орыс деректерінде қыпшақтарды... деп, ал венгерлер... деп атаған.
6. Қыпшақтар негізінен... шаруашылығымен айналысты.
«Шығармашылық жұмыс» кері байланыс орнатылады.
I топ - 5 жолды өлең құрастыру;
II топ - РАФТ жазу;
III топ - Интервью алу;
Бағалау. Топтар бірін - бірі «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Ақтөбе қаласы
«№24 Лингвистикалық – мектеп гимназия» КММ
тарих пәні мұғалімі Г. Д. Абдрахманова
Қыпшақ мемлекеті жүктеу