Ашық сабақ. Математика. Тікбұрышты үшбұрыш
Класы: 7
Пәні: геометрия
Сабақтың тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрыш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларда тікбұрышты үшбұрыш туралы білімдерін тереңдету, тікбұрышты үшбұрыштың теңдік белгілерін, үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларының арасындағы қатынастарын, үшбұрышты салу шарттарын үйретіп, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, тиянақты сызу, сызбалардың негізгі қасиеттері мен мәндерін білуін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, сауатты сызбалар сызуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игерту
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: түсіндіру, баяндау, сызбалар арқылы көз жеткізу, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: үшбұрыш суреттері, сызбалар, тапсырмалар жинағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасу, түгендеу.
- жинақтау, назарларын аудару
- психологиялық сәт.
2. Өткен тақырыптарға шолу жасау:
- Үшбұрыштар теңдігі
- Үшбұрыштар теңдігінің белгілері
- Теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттері
3. Жаңа сабақ
1 - теорема. Егер екі тікбұрышты үшбұрыштың 1) сәйкес катеттері тең болса;
2) сәйкес бір катеті және оған іргелес жатқан сүйір бұрышы тең болса;
3) гипотенузалары және оған іргелес жатқан бір сүйір бұрышы тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.
2 - теорема. Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы екінші тікбұрышты үшбұрыштың сәйкескатеті мен гипотенузасына тең болса, онда мұндай тікбұрышты үшбұрыштар тең болады.
3 - теорема. Кез келген үшбұрыштың үлкен қабырғасына қарсы үлкен бұрыш жатады.
Салдар:
1. Тікбұрышты үшбұрыштың кез келген катеті оның гипотенузасынана кіші болады.
2. Бір нүктеден түзуге түсірілген перпендикуляр сол нүктеденжүргізілген көлбеуден кіші болады.
5 - теорема. Үшбұрыштың кез келген қабырғасы оның басқа екі қабырғасының қосындысынан кем болады.
Жаттығулармен жұмыс:
№203.
Катеттерін бір түсті, гипотенузасын бір түсті қарындашпен тікбұрышты үшбұрыш салыңдар. Әр түсті карындашпен гепотинузағы жүргізілген биссектриса, медиана, биіктігін көрсетіңдер.
№204. АВС теңбүйірлі үшбұрышын сызыңдар. Д және Е нүктелерін АС қабырғасынан АД тең СЕ болатындай етіп алыңдар. ДВЕ үшбұрышы қандай үшбұрыш болады?
№ 208. тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 18см, ал бір сүйір бұрышы 30°. Осы үшбұрышқа қарсы жатқан катеттің ұзындығын табыңдар.
А
Бер: АС = 18см
α = 30° 18см
т/к АВ -?
Шешуі:
Теорема бойынша тікбұрышты үшбұрыштың 30° - қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең.
АС= 18см АС: 2 = 18см: 2 = 9см
АВ = 9см
Бекіту:
- Екі тік бұрышты үшбұрыштар қандай жағдайда тең болады?
- Тікбұрышты үшбұрыштың қандай қасиеттері бар?
Қорытындылау, бағалау.
Үйге тапсырма беру: №205, 206