Үштілділік заман талабы атты мақала
(презентация түрінде)
Үштілділік - заман талабы
Мемлекеттік тіл туралы Заң 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – Қазақ тілі.
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту. (Бауыржан Момышұлы)
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді... (Ғабит Мүсірепов)
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, сол – халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа басады. (Ғабит Мүсірепов)
Кімде - кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. (Мұхтар Әуезов)
Мемлекеттік тіл – елдің барша азаматтарын біріктіретін ту, елтаңба, әнұран секілді нышан. Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңызды мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.
Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі... деп нақты ашық айтқан.( Н. Ә. Назарбаев)
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
Орыс тілі – ұлтаралық қарым - қатынас тілі.
Ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Мемлекеттік тілді – дамытамыз.
Орыс тілін – қолдаймыз.
Ағылшын тілін – үйренеміз.