Ашық сабақ. Физика. Өндірістік санитария. Өндірістік шу.

Oinet.kz 09-10-2019 936

Тақырып: Өндірістік санитария
Өндірістік санитария дегеніміз – еңбектің дұрыс гигиеналық жағдайын жасайтын, жұмыстың адам ағзасына зиянды әсерін жоятын, кәсіби сырқаттардың орын алуына жол бермейтін санитарлық - техникалық шаралардың жүйесі.

Тақырып: Өндірістік шу
Шу дегеніміз - адамға жағымсыз әсер ететін кез келген дыбыс. Адамның дыбысты қабылдауы оның жиілігіне, екпініне және қысымына байланысты.
Дыбыстың қысымы деп - оның атмосфералық қысымнан жоғары айырмашылығын айтамыз.
Дыбыстың қысым - Паскальмен(Па) өлшенеді.
Дыбыстың екпіні деп – дыбыс толқыны арқылы белгілі бір ауданнан белгілі бір уақытта өткен энергияны айтамыз. Ол Вт/м квадратпен өлшенеді.
Дыбыстың жиілігі дегеніміз – оның бір секундтағы толқуының саны. Ол Герцпен (Гц) өлшенеді. Дыбыстың 1 секундтағы толқуы 1 герцке тең.
Адамның жай сөйлегендегі дыбысының орташа деңгейі 40 децибилл болып есептеледі.

Өндірісте шудың шектелген мөлшері белгіленген:
Жиілігі төмен шулар - 40 - 75 дб
Жиілігі орташа шулар - 75 - 85дб
Жилігі жоғары шу - 85 - 100 дб - дейін адамға зиянсыз.
Шудың деңгейін шу өлшегіш - шумомер арқылы өлшейді.
Ойлау арқылы (оқу, жазу) жұмыс істелетін бөлмелерде шудың мөлшерібарлық жиілікте 60дб - ден аспауы керек.
Станоктерде шудың мөлшері - 80 - 100дб
Пневморпрестерде - 120дб
Реактивті двигательдерде - 140 - тан жоғары бола ды.
Шудан қорғану үшін құлаққа киетін наушниктер пайдаланылады.
Мысалы, механизаторлар мен жөндеушілерге берілетін ВЦНИИОТ - 1наушнигі жоғары жиіліктегі 110 - 120 дб шудан қорғай алады.

Медицина. Реферат. Лютембаше синдромы: клиникасы, диагностикасы жəне оталау емі
Медицина. Реферат. Қарттарды күйзелісті жағдайдында миртастадинмен емдеу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу