Ашық сабақ. Физика. Күн жүйесі. Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу
Сабақтың тақырыбы | Күн жүйесі | ||||||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары | 7. 7. 1. 2 - Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу | ||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: 1) Күн жүйесінің құрамында неше планета бар екенін біледі 2) Күннен алыстап орналасу ретін біледі 3) Күн мен түннің көктемгі және күзгі теңелу нүктелерін, жазғы және қысқы Күн тоқырауы қашан болатынын біледі. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: 1) Құралсыз көзбен қанша планетаны көрінетінін айта біледі. 2) Астрономия ғылымының дамуына түрткі болған жағдайларды түсінеді. 3) Зодиак шоқжұлдыздары нешеу және оларды атай біледі. Кейбір оқушылар орындай алады: 1) Күн жүйесіне планеталардан басқа қандай аспан денелері енетіндігін біледі. 2) Уран мен Шолпанның басқа планеталардан ерекшелігін ажырата біледі. 3) Марс планетасына қызығушылықтың арту себебін талдайды | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
| ||||||
Тілдік мақсаттар | 1) Планеталардың, астероидтардың, кометалардың, метеориттердің атауларын оқи және айта алады 2) Тақырыпқа сай терминологияны дұрыс қолданады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: планета, астероид, комета, метеорит, ось, орбита, Болпан, Аңырақай, Есекқырған, сақина, теория, гипотеза, период. | ||||||
Құндылықтарды баулу | Топтық жұмыс арқылы жауапкершілікке, ынтымақтастыққа, өзара көмекке баулу. | ||||||
Пәнаралық байланыс | География – Күн және күн жүйесі. Ғарыштық кеңістіктің заттық табиғаты (5 - сынып) | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, видео | ||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім | 7. 7. 1. 1. Аспан денелері туралы ғылым. | ||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім | 7. 7. 1. 1. Аспан денелері туралы ғылым. | ||||||
Сабақ барысы: | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 минут | Сәлемдесу, психологиялық ахуал туғызу. Сабақ алдында шаттық шеңберін өткізу «Жүректен - жүрекке». Оқушыларды топқа бөлу: Планета Астероид КометаМетеорит . Топ басшыларын тағайындау. | Оқулық, дәптер Қима қағаздар. | |||||
5 минут | Өткен білімдерін пысықтау және өтетін тақырыпппен байланысын көрсету мақсатында 1. Әлем құрылысы туралы Аристототельдің көзқарасы қандай еді? 2. Птолемейше Әлем жүйесінің құрылымы қандай еді? Ол қандай жүйедеп аталады? 3. Птолемей тұжырымдарына түзету енгізген қай ғалым? 4. Бируни еңбектерінің маңызы неде? Ол қандай көзқарасты жақтады? 5. Н. Коперник теориясы бойынша Әлемнің құрылысы қандай? Ол жүйе қалай аталады? 6. Коперник ілімін жақтаушылар кімдер еді? 7. Коперник теориясының маңызы неде? Қол шапалақтау арқылы бағалау | Компьютер, карточкалар, сұрақ - жауап. | |||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 10 минут 5 – минут | БББ кестесін (білгім келеді туралы толтырады) Сабақты бейнефильм көрсету арқылы бастау. Осы бейнефильм туралы не ойлайсыздар. Ақпарат көзімен. Оқулықпен жұмыс. Сұрақтар: Топпен жұмыс. №1 – деңгейлік тапсырма I – топқа Жер тобындағы планеталардың жалпы сипаттамасы II – топқа Алып планеталардың жалпы сипаттамасы III – топқа Жер тобындағы және алып – планетарлың ұқсастықтары мен айырмашылықтары IV - топқа Планета түстерінің себебін түсіндір. Қ. Б. «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын қолдану арқылы бағалайды. №2 – деңгейліктапсырма Кесте толтыру I – топқа Планетаның атауыПланетаның түсіТүстің себебін ашу II – топқаПланеталардың сипаттамасыЖер тобындағы планеталар1. Масса2. Температура3. Жылдың ұзақтығы III – топқаПланеталардың сипаттамасыАлып - планеталар1. Масса2. Температура3. Жылдың ұзақтығы IV - топқаЖер тобындағы планеталарАлып - планеталарҰқсастығы мен айырмашылығы Бас бармақ әдісі арқылы бағалайды:№3 – деңгейліктапсырма Бос орындарды толықтыру 1. Күнді айнала қозғалатын аспан денелері (планеталар, астероидтар, кометалар, метеориттер)...... құрайды. 2. Құралсыз көзбен бес планетаны -...,...,...,...,... көруге болады. 3. Күнге ең жақын планета -..., қазақша аты -.... 4. Алып планеталдың ішіндегі ең жақсы зерттелгені -..., қазақша аты -.... 5. Уран мен Шолпан – өз осьтерінен барлық басқа планеталар айналатын бағытқа...... бірден – бір планеталар. 6. «Ұсақ» денелермен соқтығысудың өзі Жер үшін....... 7. Сібірге...... құлаған метеориттің салдарынан Жер сілкінісі, өрт шықты Жауабын кітаптан тауып жазады (қолдауды көп қажет ететін оқушылар үшін) | БББ «https://www. youtube. com/watch? v=GzRIu9jbCBg&t=115s»Оқулық, дәптер, электронды оқулық. Карточкалар | |||||
Сергіту сәті 3 минут | Үш санының қасиеттері туралы әр бала жеке сөздер табады. Үш тоқтам: ақыл - арқан, ой - өріс, адам - қазық. Үш тәтті: жан тәтті, бала тәтті, жар тәтті. Үш қуаныш: алғыс айту, өзіңді көптен іздеуі, ізіңнің өшпеуі. Үш биік: билік, дәулет, даналық. Үш мақсат: сауда мақсаты - ұту, жол мақсаты - жету, дау мақсаты - шешу. Үш алыс: жер мен көк, кәрі мен жас, жақсы мен жаман. Үш көз: су анасы - бұлақ, жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ. Үш даусыз: мінез даусыз, кәрілік, ажал даусыз. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Үш кемдік: зұлымдық, еріншектік, надандық. | Сұрақ - жауап, дәстүрлі емес педагогика. | |||||
Сабақтың соңы 3 минут 2 минут | Сабақты бекіту БББ кестесін толтыру БілемінБілгім келедіБілдім БББ кестесін (не білгенін толтырады)Оқушылар топта талқылап алады да, топ басшылары түйсінді ойларын ортаға салады. Қ. Б. бір – бірін бағалау. Ассоцияциялық аймақ. | ||||||
1 минут | Кері байланыс. «Серпілген сауалдар» (сабақты қорытындылау) 1. Адамдар өзін қоршаған әлемнің құрылысын, ондағы болып жатқан құбылыстарды зерттеуге құмарлығы туралы не айта аласыз. 2.... айтқанымен келісесіз бе? 3.... пікірін толықтырыңыз. 4. Қазіргі кезде Күн жүйесіне енетін аспан нысандарын Жерден ұшырылған автоматты қондырылғылар арқылы жан - жақты зерттеудің маңызы. | ||||||
Үйге тапсырмасы: 40§ оқу, терминдерді дәптерге жазу. (1минут) Әр планета туралы қосымша дерек жинау. | |||||||
Қосымша ақпарат: | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | |||||
Саралау әдістерін жүзеге асыру үшін топтық саралау, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды тапсырмамен саралау және дереккөздердің ауқымына, идеяларды түсіндіретін мəтіндер арқылы саралау жоспарланды. Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға: Физикалық диктант Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға: Кестені қолданыппланеталардың атауын, түсін, түстің себептерін, сипаттамасын береді. Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға: Кестені қолдана отырып, күн жүйесіне енетін басқа аспан денелерін, Марс планетасына қызығушылықтың арту себебін түсіндіруарқылы шығармашылық тапсырмасы беріледі. | «Сен қаншалықты сенесің»тапсырмасын «Екі жұлдыз, бір тілек»әдісін«Шапалақтау» әдісі арқылы, видео арқылы білім игергенде«Басбармақ»арқылы бағаласа, жалпы сабаққа «Серпілген сауалдар» стратегиясы арқылы кері байланыс жасалады. Сенім білдіру арқылы бағалауды жөн көрдім. | Сабақтың барлық бөлімінде қауіпсіздік ережелері сақталды. Сергіту сәті. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімде сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. Интербелсенді әдістерді қолдану 2. Сергіту сәті Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды? (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) 1. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы 2. Топтардағы оқушылардың белсенділігі Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |