Ашық сабақ. Информатика. 8 сынып. Операциялық жүйені баптау.
8 сынып
Ашық сабақ тақырыбы: Операциялық жүйені баптау.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға Windows операциялық жүйесі бойынша білімді меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық – технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Үшөлшемді әдістемелік жүйесі
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сөзжұмбақ, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырма орындау.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты практикада қолдану сабағы
Пәнаралық байланыс: Ағылшын, Математика, Қазақ тілі
Сабақ көрнекілігі: Қосымша материалдар, нұсқаулық тапсырма.
Сабақ жабдығы: Интерактивті тақта, компьютер.
Өткізілген орны: Информатика кабинеті.
Сабақтың барысы:
І. кезең
1. Ұйымдастыру бөлімі
а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды тексеру;
ә) Оқу - құралдарын түгелдеу, реттеу.
б) Қауіпсіздік ережесін айту.
2. Үй тапсырмасын тексеру (Сөзжұмбақ шешу арқылы)
ІІ. кезең
1. Технология бойынша синетикалық бөлім
2. Жаңа сабақты меңгерту
ІІІ. кезең
1. Технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім
2. Деңгейлік тапсырмаларды орындау
ІҮ. кезең
1. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау
2. Үйге тапсырма беру
Арал қалалық №83 орта мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі: С. Өтегенова