Филология. Реферат. Сакральды мәнді сөздер табиғаты
Бұл мақалада қазақ халқының ұлттық дүниетанымында тұрақтылық сипатқа ие болған сак ральды мәнді сөздер мен ырымжоралғылардың, салтдәстүрлердің семантикасы қарастырылады. Сакральды мәнді ұжымдық құндылықтар семантикасында сол ұлттың қалыптастырған ұлттық та рихи мәдениеті мен элитарлық мәдениеті, тарихи ұжымдық санасы, дүниетанымы, тұрмыстіршілігі, әлеуметтік шаруашылығы, өмір тәжірибесі, моралдық ұстанымдары, этикасы мен эстетикасы сияқ ты рухани құндылықтарының көрініс табатыны когнитивті лингвистика мен номинация теориясы тұрғысынан талқыланады.
Мақалада сөздің семантикасындағы зат, құбылыс туралы тура мағынасымен қатар дүниета нымның күрделенуіне орай қосымша ауыспалы мағынадағы символдық, ақпараттық, мәнмәтіндік реңктері болатындығы нақты мысалдармен дәйектеледі. Құрбандық шалу этнофразеологизмнің семантикалық астарынан ұлттық рухани дүниетаным бойынша күллі қиындықтар мен ауыртпа шылық осы сойылған тоқтының жанымен кетсін деген ақпарат пен символдық мағына берілген. Сокралды семантикаға ие тауларға Қазықұрт, Бектау ата, Ойсылқара, Ұлытау, Хан тәңірі, Әулие шоқы, Көктөбе, Сантас сияқты көптеген тауларды жатқызуға болады. Қазақтың мифологиялық дүниетанымында алып ағаш Бәйтеректің өзгеріске ұшыраған (трансформацияланған) аса, асатаяқ, бақан, шоқ терек сияқты түрлерінің сакральды семантикасы талқыланды. «Киелі ағаш» ұғымының тағы бір түрі, космостық ағаштың өзгеріске ұшыраған бір формасы – бақан (бағана). Бақан ғарыш тың тұрмыстағы үлгісі киіз үйдің басты, қасиетті атрибуты. Ол – әлем ағашының символы екені когнитивті ақпараттар негізінде айқындалады.
Қазіргі таңдағы тіл ғылымың даму үрдісі полипарадигматикалық ұстанымдар негізінде, яғни тіл білімі этнолингвистикалық, лингвомəдениеттанымдық, когнитивтік-концептуалдық, социолингвистикалық, психолингвистикалық, лингвопоэтикалық, коммуникативтік-прагматикалық, функционалдық, гендерлік лингвистика аясымен сабақтастыра отырып кешенді сипатта қарастыруды негізгі меже етіп отыр. Тілтанымның осындай көп бағыттағы кешенді парадигматикалық сипаты бүгінгі кемелдену процесіндегі адамның ақыл-ой санасының антропоөзектік ұстанымдарымен тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда рухани лексикамызды құрайтын кез келген сөздер мен концептілердің, тұрақты тіркестер мен паремиологиялық қордың, прецедентті мəтіндер мен символдық айшықтардың, ертегілер мен өлең-жырлардың, тыйымдар мен ырым-жоралғылардың, салт-дəстүрлердің мазмұнында когнитивтік (дүниетанымдық) ақпараттар мол болғандықтан тек жалаң тілдік мəліметтер негізінде ғана қарастыру жеткіліксіз болып саналады. Өйткені бұл ұжымдық құндылықтардың астарында сол ұлттың қалыптастырған ұлттық тарихи мəдениеті мен элитарлық мəдениеті, тарихи ұжымдық санасы, дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, əлеуметтік шаруашылығы, өмір тəжірибесі, моралдық ұстанымдары, этикасы мен эстетикасы сияқты рухани құндылықтары жан-жақты көрініс береді.
Адам санасында танылып қалыптасқан обективті шындықтың немесе ұғымның жарыққа шығуы негізінен тілдік құралдар мен бірліктер арқылы жүзеге асады. Яғни қоршаған əлемдегі нысан номинация теориясында заттың мазмұны мен дыбыстық жамылғыш арқылы сөзбен (тілдік таңбамен) белгіленеді. Жалпы кез-келген сөз-ұғым,пайымдау,ой қорыту арқылы затты,қимылды, оның негізгі белгілерін,заттардың арасындағы қатынастарды айқындайды, яғни біздің дүниетанымдық тəжірибелеріміздің нəтижелерін таңбалайды. Номинацияның іргелі ұғымы болып табылатын сөздің табиғаты таңба мен таңбаланушы арасындағы байланыстан тұрады. Сөздің дыбыстық формасы тек мағына арқылы көрінетін материалдық форма ретінде қарастырылып, тілдік тұлғаның екі жағы (мазмұн мен формасы) бір-бірінен алшақтатылады, яғни атау мен мағына арасындағы байланыс еркін деп табылады. Номинациядағы атау мəселесінің былай түсіндірілуі түрлі тілдердің қатар өмір сүруімен тікелей байланысты болса керек.
«Алайда бұл факт атау мен мағына арасындағы байланыстың еркінділігі туралы шешімге жеткілікті дəрежеде негіз бола алмайды, өйткені көп тілдік бұл жағдайда салдар ретінде, ал атау мен
мағынаның арасындағы байланыстың еркінділігі себеп ретінде түсіндіріледі. Салдар негізінде себептің өмір сүруі туралы шешімге келу аталған байланыстың біржақты болған жағдайда ғана мүмкін» [1, 67-68].
Сөздің мазмұнында сол зат, құбылыс туралы тура мағынасымен қатар дүниетанымның күрделенуіне орай қосымша ауыспалы мағынадағы символдық, ақпараттық мəнмəтіндік реңктері болады.
Қазақ халқының ұлттық дүниетанымында рухани лексикалық қорымызды таңбалайтын сөздердің символдық мағынасы да маңызды орынға ие. Жалпы сөздің символдық мазмұны символды өзін танудан бастау алады. Мəселен, символ туралы Г. Гегель: «Символэстетикалық идея, бейнелеудің арнайы түрі. Көрінбейтінді, мүмкін еместі жеткізуге тырысатын бейнелеудің арнайы түрі, шындығында ой-сана идеяларына сəйкес келетін пайымдау өз үшін өмір сүрмейтін, барынша кең жалпы мағынада қажет ететін, пайымдалатын сыртқы күрделі болмыс, – деп тұжырымдайды [2, 147]. Яғни, символдық мағынаны бір-бірімен жасырынып тұратын жəне дүниетанымның өсіп-өркендеуіне байланысты үнемі ауысып, дамып күрделеніп отыратын кешенді мəліметтер жиынтығы деуімізге болады. Өйткені символдық мəн астарында тілдік көрініске түспеген мағына құрылымындағы денотаттық, сигнификаттық, коннататтық, импирикалық, факультативтік құрылымдардың семалық бөліктерінің ұжымдық санадағы бейнесі көрініс табады. Символдық семантикалық өрісінің кеңдігі оның бөлінбейтін бөлігі болып табылатын жасырын мағыналарынан бастап семантикалық субституттарға (орынбасарларға) дейінгі жəне бір мағынаның басқа мағынаға ауысу жолын айқындайтын мəнмəтіндік қолданысы сияқты кең аумақты қамтиды.
Сөздің тіркеске түспей, жеке тұрғандағы лексикалық мағынасынан қандай да бір атауыштық ақпарат алсақ, сол сөздер қатысқан сөйлемде, мəтін ішінде, контекстік қолдану өрісіне сəйкес қосымша ақпарат алып, символдық мəнге де ауысып отыратыны белгілі. Символдық мəннің басқа бір нысанға қатысты болып жорамалдау, тұспалдау, болжау сипаты мен ерекшелігі жөнінде Ю.В. Попов, Т.П. Трегубович былай деп жазады: «Поскольку «скрытый» смысл в тексте все-таки как-то актуализован (ибо он воспринимается), он должен быть референтным, референциально определенным, как и смысл эксплицитным. Это значит, что какой-то факт (предмет, явление, «положения дел») осмыслен и представлен в отношении к чему-то другому [3, 78].
Қазақ тілінде осындай символдық мағынасы жорамалдық, тұспалдық болжамдық сипатқа құрылған салт-дəстүрлер мен ырым-жоралғылар, мифологиялық киелі таным-түсініктер, сокральды мəнге ие жағрапиялық нысандар (тау, тас, өзен, бұлақ, қорым, төбе, мазарт жəне т.б) көптеп кездеседі.
Қазақ халқының рухани құндылықтар қорындағы қайсыбір салт-дəстүрі мен ырым-жоралғысын, мифологиялық болмысын алсақ та, оның астарында үлкен ұлттық дүниетанымдағы философия мен психология, этномəдени ақпарат қоры жататындығына көз жеткіземіз.
Мəселен, ежелгі мифтік сана бойынша, ел, жұрт қандай да бір ауыртпалыққа ұшырағанда, күйзеліске түскенде содан арылу, алыстау мақсатында жоғарғы күш иесінен тілек, ниет етіп, құрбандық шалатын болған. Құрбандық шалу құдайға, жаратушы Аллаға, ата-баба аруақтарына бағыштап мал сойып, иіс шығару. Бұл салт-дəстүрде еңбектеген жастан еңкейген кəріге дейін жиналып жақсы тілек тілеп құдайға, жаратушы Аллаға, ата-баба аруақтарына құлшылық жасайтын когнитивтік ақпараттарды саралауымызға болады.
Құрбандық шалу этнофразеологизмнің семантикалық астарынан ұлттық рухани дүниетаным бойынша күллі қиындықтар мен ауыртпашылық осы сойылған тоқтының жанымен кетсін деген ақпарат мен символдық мағынаны аңғаруға болады. Мұнымен қоса құрбандық шалу этнофразеологизмнің семантикасы когнитивтік ақпараттағы таным шеңберінің уақыт факторына сəйкес дамығанында байқауымызға болады. Мəселен бүгінгі тілдік қолданысымыздағы «еркек тоқты құрбандық» мақалының семантикалық аясында елін, жерін, халқын сыртқы күштерден қорғау мақсатында өз жанын пида еткен ер-азаматтар мен жас қыршындарға байланысты семантикаға да ие болып отыр. Сонымен қатар мұсылман қауымында Құрбан айт діни мерекесінің де аталымдық шеңбері осы ұғымдармен ассоциациялық сабақтастықта болса керек.
Жоғарыдағы түсініктемелерден кейін «еркек тоқты құрбандық» мақалының өзі алғашқыда шынайы өмір тəжірибесінде қолдана отырып, тура мағыналық сапаға ие болып, белгілі бір прецедентті мəтін арқылы (өмірде болған оқиға) ақпарат беріп, танымның дамуы мен күрделену нəтижесінде ауыспалы мəнге ие болып сөз символдық деңгейге көтерілген. Бұдан когнитивтік ақпараттың уақыт факторымен бірге ұжымдық санада үнемі дамып жаңа мəнге, жаңа символдық мағыналарға ұласатынына көз жеткіземіз.
Сонымен қатар тілімізде рухани лексикамыздың мол қабатын сакральды мəнге ие жағрапиялық нысандар құрайтыны да белгілі.
Көне түркілер заманынан бері келе жатқан тау мен төбелерге шығу культі қазақ қауымында қалыптасқан таным. Осыған орай мифологиялық дүниетаным бойынша тау-төбелер культі мен əулие ағаштарға табыну, жалпы киелі жермекендерге түнеу ырым-жоралғылары бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.
Сакральды семантикаға ие тауларға Қазықұрт, Бектау ата, Ойсылқара, Ұлытау, Хан тәңірі, Әулие шоқы, Көктөбе, Сантас сияқты көптеген тауларды жатқызуға болады. Бұл жағрапиялық нысандарға байланысты ұлттық дүниетанымда мол аңыз-əңгімелер мен мифтер, топонимикалық əпсаналар кездесетіні белгілі. Осындай түсінік, ұғымдардың аясында тау, төбелер культі, əулие ағаштарға табыну, жалпы киелі жер-мекендер туралы мифтік танымдар пайда болған.
Жалпы жағрапиялық нысандарды киелі, қасиетті деп санап, оларға зиярат ету, табыну – ежелгі заманнан келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған дəстүр əлемнің көптеген халықтарында кездеседі. Мəселен, көк тəңірге аспан мен жерді, тау мен тасты, су мен өзендерді, өздері мекен еткен кеңістікті киелі, қасиетті деп санаған. Оған Енисей руникалық жазбалардағы «киелі, қасиетті жер-су» мағынасын білдіретін «ыдык йер-суб» тіркесімі айқын дəлел бола алады.
Адамның алғашқы мифологиялық танымында космостың ғаламдық бейнесі жасалынғаны белгілі. Яғни əлемнің сол кездегі көрінісінде «ғаламның вертикаль моделінде» үш əлемді (көк аспан, жер, жер асты) жалғастырып тұрған Әлемдік Ағаш немесе Әлемдік тау (Темірқазық) космостың (бүкіл əлемдердің) ортақ (кіндігі) нүктесі ретінде тұжырымдалған. Ал Ғалам ортасынан, түп-тамырынан, түбірден, түпкі тектен Әлемдердің тіршілігі, жаратылуы басталған деген өте ерте заманда дүниетанымдық түсінік болған.
Ерте заманда бастау алып, ғасырлар бойындағы жалғастық негізінде басқа да наным-сенімдермен ұштасып, дами келген Әлемдік тау (ағаш, қазық, орта, кіндік, төбе, аса, асатаяқ, бақан т.б) ұғымына байланысты қазақ халқының рухани кеңістігінде де сакральды семантикаға ие салт-дəстүрлер мен ырым-жоралғылар, ритауалдар қалыптасқан. Бұл топқа «киелі тау», «əулие ағаш», «əулие төбе», «қасиетті Атамекен», «киелі су (бұлақ, өзен), «қасиетті шаңырақ» сияқты рухани құндылықтар жүйесін жатқызуға болады.
Бұл ұғымдардың қазақ тілінде вербалдануын (сөз, атау, сөз тіркесі ретінде көрінуін) мына мысал – деректерден анық байқауымызға болады: Жер ортасы – Көктөбе,Күлтөбеде күнде жиын, көк пен жерді байланыстырушы қасиетті алып Бәйтерек, Шоқ терек, Айдарлы (төбе), асатаяқ, бақан, Мәртөбе, Түрткүл төбе, Әулие шоқыжəне т.б. Қазақтың мифологиялық дүниетанымында алып ағаш Бəйтеректің өзгеріске ұшыраған (трансформацияланған) аса, асатаяқ, бақан, шоқ терек сияқты түрлері бар. Соның бірі – аса, асатаяқ. Қазақ əулие-əнбиелері, бақсылары, диуана-дəруіштері қолына аса, асатаяқ ұстап жүрген. Осыған орай «Алпамыс батыр» эпосында мынадай жолдары бар:
Ақ сəлдесі басында Сырлы аса қолында Өзі ақтаң жолында Бір диуана келді де Асамен түртіп оятты.
Эпос мəтінінде келтірілген диуана қолындағы асаны қасиетті Бəйтеректің формалық жағынан өзгерген түрлерінің бірі деп тұжырымдауға болады. Бұл жөнінде академик, фольклор зерттеушісі С.Қасқабасов: «Бақсы асатаяғы мен ертедегі бəйтеректің түбірі бір екені, ол архаикалық мифтегі космостық ағаш екені күмəнсіз»,деп жазады [4, 88].
Халқымыздың ұлттық дүниетанымында жапан далада жалғыз өсіп тұрған ағашты адамдар аса қадір тұтып қасиетті деп санаған, кейбір жергілікті тіл ерекшеліктерінде мұндай ағашты Шоқ терек деп те атаған. Алтай, хақас, тува, шор, саха сияқты сібіртүркілері де мұндай шоқ теректерге байланысты қазақтар сияқты тағзым етіп шүберек байлап, жақсы тілектер тілейді. Этнографиялық дереккөздерде осы ұғымға қатысты шоқ теректерге немесе жалғыз (дара) тұрған ағаштарға қатысты жалпы түркілік дүниетаным бойынша ортақ түрлі ырым-жоралғылар мен салт-дəстүрлер молынан кездеседі. Этнограф ғалым Ш.Уəлихановтың пікірінше: «Шамандық дəстүрге орай жапанда өсіп тұратын жалғыз ағаш немесе бұта қадірленіп, оның басына түнейді. Ағаштың қасынан өтіп бара жатып адамдар оның бұтақтарына шүберек байлайды, ыдыс тастайды, тіпті құрбандыққа мал шалады, я болмаса аттың жалын түйіп тастайды» [5, 119].
«Киелі ағаш» ұғымының тағы бір түрі, космостық ағаштың өзгеріске ұшыраған бір формасы – бақан (бағана). Бақан – ғарыштың тұрмыстағы үлгісі – киіз үйдің басты, қасиетті атрибуты. Ол – əлем ағашының символы.
Түркі – монғол халықтарында бақанға(бағанаға) қатысты түрлі сенім-нанымдар мол қалыптасқан. Сол сенім-ырымдардың түпкі негізі жөнінде былай түсіндіріледі: «На ваш взгляд, разлияные символико-ритуальные смыслы бакан объединяет в своей основе идея мирового Дерева – Мировой Оси. Бакан (шест, столб, коп, жердь, столб для првязи лошадей, стейка, подборка, колонна и. т.п) – это уменьшенная копия и символический двойник Мирового Дерева – Космической Оси, и потому все изначальные смыслы, воплощенние в семиотике Мирового Дерева Мировой Оси, раскрываются и реализуются в ритауальных функциях и магической семантике тюрко-монгольского бақан (багана)» [6, 15].
Сонымен қатар бақан əлем ағашының доминаты орнында көшпелілердің хан сайлау (мемлекеттік салтанат) дəстүрінен бастап, отбасылық, жауынгерлік, мал емдеу ғұрпында да феномендік қызмет атқарған. Бақанға байланысты, əсіресе мал шаруашылығында салт-дəстүрлер мен ырым-жоралғылар мол сақталған. Бұл туралы этнограф ғалым Б. Хинаятұлы төмендегідей мəліметтер келтіріледі: «...қара мал туа алмай жатса, бақанды құрсағының астынан өткізіп көтермелейді; ал ұсақ малдың саулығын мұндай жағдайда бақанның астынан өткізеді; төл нысаналы болып туылса, оған бақанның ұшын тигізіп, «кет, бəлекет, кет» деп қуады; сатқан малға бақанның басын тигізіп, «мал басы сенде кетсе де, ырымы өзімде қалсын» деп ырым етеді [7, 180]. Түркі дүниетанымында «Бақан аттаған байымайды, балта басқан жарымайды» де ген таныммен «бақаннан аттама» деген тиым сөздер бар. Сонымен бірге ауа-райы жақсы болса, түндікті бақанмен тіреп қоюға болмайтын ырымы да болған. Бұл ырым-жоралғылардың символдық мəні түркілік ұжымдық сананың архаикалық (түпкітек) нұсқасының генетикалық кодының ортақ екеніне дəйектеме болады.
Сонымен халқымыздың қандай салт-дəстүрімен ырым-жоралғысын алсақта, оның ішкі мазмұнында этномəдени ерекшелігімізді танытатын терең рухани философиялық ой түйіннің жатқанын жəне əрбір заттың жасырынып жатқан сөздің терең символдық мəні бар екеніне жоғарыда талданған мысалдар дəлел бола алады.
Әдебиеттер
Байндурашвили А.Г. Экспериментальные данные о психологической природе наименования и проблемы языкового знака // Cеминар по психолингвистике. – М., 1966.
Гегель Г.В. Лекции по эстетике. – В 2-х томах. – Санкт-Петербург, 1998.
Попов Ю.В., Трегубович Т.П. Текст, структура и семантика. – Минск: Вышэйшая школа, 1984. – 189 с.
Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы, 1984.
Валиханова Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. – Т. 1. – Алматы, 1961.
Керимбаева С.Е. Ономастическая экспликация мифологической модели мира в казахском языке. Автореферат... КФН. – Алматы, 2004.
Хинаятұлы Б. Қазақтардың төрт түлікке қатысты дəстүрлі ырым, жосын-жоралғы, əдет-ғұрыптары // Қазақтыңəдетғұрыптарымен салт-дəстүрлері: өткендегісі жəне бүгіні. – Алматы: Ғылым, 2001. – 190 б.