Филология. Реферат. Сөз тіркесі мен жәй сөйлем синтаксисі
Синтаксис – сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өза ра белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамма тикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі.
Сөз тіл білімінде лексиология мен семасиологияның зерттеу объектісі болуымен қатар, грамма тикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, тұлғасы, жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияда қаралады. Ал сөздің сөз тіркесінің сыңары бо луы, сөйлем мүшесі, кейде сөйлем қызметтерінде жұмсалуы синтаксисте қаралады. Сондайақ тір кескен сөз топтары да әр түрлі ыңғайда қарастырылады.
Сөз, негізінде дараланған ұғымды, лексикаграмматикалық мағынаны білдіреді. Олар мағына лық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері негізінде әр алуан лексикалық және син таксистік топ құрау арқылы сөйлем ішінде айтылады. Қарымқатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі формасы сөйлем болса, сөзді сөйлем құраудың материалы деп білеміз.
Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын – сөз. Сөз тіл білімінде лексиология мен семасиологияның зерттеу объектісі болуымен қатар, грамматикада да əр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, тұлғасы, жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияда қаралады. Ал сөздің сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесі, кейде сөйлем қызметтерінде жұмсалуы синтаксисте қаралады. Сондай-ақ тіркескен сөз топтары да əр түрлі ыңғайда қарастырылады.
Сөз, негізінде дараланған ұғымды, лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері негізінде əр алуан лексикалық жəне синтаксистік топ құрау арқылы сөйлем ішінде айтылады. Қарым-қатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі формасы сөйлем болса, сөзді сөйлем құраудың материалы деп білеміз. Сондықтан «Ас – адамның арқауы» дегендей, сөз – ой құраудың арқауы. Балықтың өмірі суда болатынындай, сөздің өмірі сөйлемде болады. Ол үшін сөздер өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп, сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.
Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі əрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық жəне грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Оның үстіне тіркескен сөздер тобының сапасы əр уақытта бір түрлі болмайды, əр алуан болады. Мысалы, екі, кейде одан да көп сөздер тіркесіп бір лексикалық түйдек жасалады (ақ қайың, боз торғай, кетіп бара жатыр); кейде екі не одан да көп сөз тіркесіп, синтаксистік тізбек жасалады (қарлы тау, желсіз түн, жыл сайын көріну, соған бола келу). [1, 69]
Лексикалық жəне басқа түйдекті тіркестер «сөз тіркесі» деген категорияға жатпайды. Лексика – грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне-бірі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі. Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін, оның мынадай белгілерін қарау керек:
Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады;
Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық жəне синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады.
Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Осындай, синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің не түйдекті тіркес пен толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысуы нəтижесінде пайда болады. Басқаша айтқанда, лексика-грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы-бағыныңқылы сөз тіркесі жасалғанда, ол сөздердің бұрынғы мағыналары бірігіп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды; мүшелік қарым қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық (мысалы, анықтауыштық, пысықтауыштық не болмаса шақтық, мекендік, меншіктілік т.б.) мағына пайда болады.
Мысалы, кең өріс деген сөз тіркесіндегі кең сөзінің кеңістік сапаны білдіруі – оның лексикалық мағынасы, оның сын есім екендігі – грамматикалық мағынасы. Өріс сөзінің лексикалық мағынасы – мал жайылымын білдіруі, грамматикалық мағынасы – зат есім екендігі. Осы сын есім мен зат есімнің тіркесуі нəтижесінде жа ңа грамматикалық мағына пайда болған. Ол – анықтауыштық.
Сөйтіп, синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз. [4, 26-27]
Сөз тіркесі – сөйлем құраудың шоғырланған материалы. Олар сөйлемнен тыс тұрғанда жалаң сөздің жайылмаға айналуы сияқты да, сөйлем ішінде сөздер тізбегінің ұласқан бір бунағы тəрізді. Соңғы жағдайда сөздің жайылмаға айналу қасиеті күңгірттеніп, сөз тіркестерінің қосақтаулы жігі білінбей, тұтасып та кетеді. Өйткені бір сөз тіркесінің бір сыңары, екінші сөз тіркесінің басқа бір сыңарымен тіркесіп, кейде кірігіп, ұласып, ұштасып жатады. Мысалы, кең үй, екі терезе, үлкен терезе, үйдің терезесі дегендер – жалаң сөздердің жайылмаға айналу ыңғайындағы сөз тіркестері. Осыларды сөйлем ішінде айтсақ, сөз тіркестерінің ол жігі онша айқын болмайды: Кең үйдің үлкен екі терезесі ашық тұр. Бұл сөйлемдегі жоғарыда көрсетілген сөз тіркестері өзара былай ұласқан: кең үйдің терезесі, үлкен екі терезесі.
Сөздер синтаксистік топ құрап сөз тірке сі болғанда, олардың құрамына əр алуан сөздер енеді. Ол сөздер түрлі-түрлі морфологиялық тұлғаларда айтылады. Сөздердің ол тұлғалары, лексика-грамматикалық мағыналары тіркескен сөздердің қарым-қатынасына үйлесімді айтылады.
Кез келген сөзді бірімен-бірін тіркестіре салуға болмайды. Өзара мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік байланыста, белгілі сөз тіркесінің құрамында айтыла алады. Мысалы, үркер сөзі жанды заттың сынын білдіреді. Онда да оны үркер ат, үркер бие, үркер тайлақ дегендей сөз тіркесінің құрамында айтуға болады, ал үркер ешкі, үркер бала, үркер тауық деу ерсі болады. Сол сияқты, жуас сөзін ат, түйе, бала сөздерімен тіркестіруге болады, ал оны тауық, ағаш сияқты сөздермен тіркестіруге болмайды. Болмайтын себебі – бұлар өзара мағыналық байланыста айтылмайды, сондықтан олар өзара тіркесу қабілеті жоқ сөздер деп есептеледі. [2, 86]
Сөйтіп, сөз тіркесінің құрамына өзара тіркесу қабілеті бар сөздер енеді. Әдебиетте «терең бұрғы», «аналық қой» , «сауда нүктесі», «жеңіліс тапты» сияқты сөз тіркестер кездеседі. Мұндайлар теңін таппай тіркескен сөздер болғандықтан, стильдік қате деп есептеледі.
Енді бірқатар тіркестер құрамы мызғымайтын берік болады, мысалы: жүрегі шайылу, қаһарын төгу, үмітін үзу, жүрек жұту, тілін тигізу, көз қырын салу. Бұлардың құрамын өзгертіп айтуға болмайды. Мұндай тіркестерді тұрақты тіркес дейміз. Тұрақты тіркестер өз алдына сөз тіркесі болмайды, тек сөз тіркесінің бір сыңары болады. Мысалы: Балаларға көз қырын сала жүр, әкеңе тілін тимесін.
Сөз тіркесінің құрамы көбінесе еркін болады. Мысалы, жақсы, биік, ақылды сөзін толып жатқан зат есімдермен тіркестіре беруге болады: жақсы кісі, жақсы бала, жақсы жайлау, жақсы ырым, жақсы ниет; биік тау, биік жер, биік ағаш, биік там; ақылды бала, ақылды оқушы, ақылды қыз.
Осылардай, құрамын өзгертіп айтуға болатын тіркестерді еркін тіркес дейміз.
Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі компоненттен құралады: бірі – сөз тіркесінің ұйытқы бөлегі, сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі – оның басыңқы сыңары, екіншісі – оған қатысты жəне тəуелді бөлігі – оның бағыныңқы сыңары. Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл құсымен (Абай) дегенде екі сөз тіркесі бар:
Жаздың (бағыныңқы) көркі (басыңқы);
Жыл құсымен (бағыныңқы) енеді (басыңқы). Сөз тіркесі толық мағыналы екі сөзден құралған жай болады немесе оның бір сыңары, кейде екеуі де, көп сөзден құралған күрделі болады. Күрделі сөз тіркесінің құрамында күрделі сөздер жəне басқа түйдекті тіркес болады. [4, 28] Тіл – қарым-қатынас жасаудың құралы да, сөйлем – сол қарым-қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Кісінің ойы əр алуан, əр қилы болғандықтан соларды айту үшін жұмсалатын сөйлемдер, олардың құрамы да түрлі-түрлі болады. Кейде бір сөз бір сөйлем қызметінде жұмсалса (Түн. – Аттан! Масқара!
– Көрдің бе? – көрдім. – Көріне ме? – Жоқ.), кейде екі не одан да көп сөздерді, сөз тіркестерін құрастыру арқылы сөйлем жасалады.
Сөйлем құрамындағы сөздің саны аз болуы, көп болуы ой ерекшелігімен, стиль ерекшелігімен байланысты.
Сөйлем құрамындағы сөздер өзара тіркесу арқылы белгілі қызметте жұмсалады, тіркес құрамына енбеген сөз еш уақытта сөйлем мүшесі болып есептелмейді, басқаша айтқанда, сөйлемдегі бір сөздің сөйлем мүшесі болуына сонымен тіркескен басқа сөз себепкер болады. Мысалы, бастауышты баяндауышпен байланысына қарап (жəне керісінше), анықтауышты анықталатын сөзіне қатысына қарап сөйлем мүшесі деп танимыз. [3, 98-99]
Сөйтіп, көп құрамды сөйлемдерді бөлшектегенде, олардың ішіндегі сөздердің лексикалық мағыналарына қарамай, лексикалық мағыналары толық сөздердің тіркесу нəтижесінде пайда болған грамматикалық мағыналарға қараймыз. Ол мағыналар: бастауыш-баяндауыштық, толықтауыштық, анықтауыштық жəне пысықтауыштық.
Сөйлемде осылардай грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.
Жай сөйлемдер құрамдық ерекшеліктеріне сəйкес жалаң жəне жайылма болып бөлінеді.
Жалаң сөйлем бастауыш пен баяндауыштан (не оның бірінен) құралады. Ал сөйлем құрамында бастауыш, баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелер не олардың бірі болса, сөйлемнің іргесі кеңіп, ол жайылмаға айналады. Мысалы, жел өршелене түсті – жалаң. Ызғарлы жел өршелене түсті – жайылма. Толқын күшейді – жалаң. Теңіздің толқыны кешке таман күшейді – жайылма.
Жайылма сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер не бастауыштың, не баяндауыштың (кейде екеуінің де) маңына топталады:
Ызғарлы жел өршелене түсті.
Өзің көтермейтін сөзді басқаға айтпа.
Жылайын деген бала əкесінің сақалымен ойнайды. (мақал)
Теңіздің толқыны кеменің бүйіріне соғады. Сөйлем құруға негіз болатын бас мүшелер – тұрлаулы мүшелер – сөйлем атаулының грамматикалық ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің маңына топтанып не тікелей соларды, не бірін-бірі анықтап, толықтап, пысықтап тұрады. Мысалы: Шығысқа қарай беттеген үлкен кеме толқынды теңізді тіліп келеді. Бұл сөйлемнің бастауышы – кеме, баяндауышы – тіліп келеді. Олардан басқа мүшелер сол екеуінің маңына топтанып, екі шумақ құралған да, əр шумақтағы сөздер біріне-бірі бағынып барып, не тікелей бастауышқа, не баяндауышқа бағынған.
Тұрлаусыз мүшелер – толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып үшке бөлінеді.
Сөйлем мүшелерінің құрамы дара, күрделі, үйірлі болады. Мысалы: Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ел көгерер (дара мүшелі). Ырыс алды – ынтымақ (күрделі бастауышты). Жері байдың, елі бай (үйірлі анықтауышты).
Сөйлемнің мүшелері өзара синтаксистік байланыста айтылады. Сөйлем мүшелеріне сұрақтар қою арқылы талдау жасағанда, олардың сол байланыс желісі үзілмегені мақұл. Мысалы, Көл жағалай қонады қу мен қаз (Абай) деген сөйлемнің мүшелерін ажыратып тану үшін талдауды баяндауыштан бастап, сұрақты былай қоямыз.
Не қонады? – қу мен қаз қонады. Қалай қонады? – көл жағалай қонады.
Сөйлемнің құрамында сөйлем мүшелерінен басқа да сөздер болады, олар – қаратпа, қыстырма, одағай сөздер. Бұлар жинақталып, сөйлемдегі оқшау сөздер деп аталады. Оқшау сөздер сөйлеммен не сөйлем мүшелерімен тек мағыналық байланыста айтылады да, олармен синтаксистік байланыста болмайды. Сондықтан оларды сөйлем мүшелері деп танымаймыз. Сөйтіп, сөйлемнің құрамында əр алуан сөздер болады. Олар өзара мағыналық, синтаксистік байланыста айтылу арқылы мүшелік қызметке ие болады. Сөйлем құрамының негізі – бастауыш пен баяндауыш. Сөйлем құрамында бұлардан басқа анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш жəне оқшау сөздер болуы мүмкін.
Дүкенде Қарабайға жәрдемдесетін адам жоқ. Көрікті де оның өзі басады, темірді де өзі қыздырады, істі де өзі соғады. (С.Мұқанов). бұл сөйлемдерде əр сөз керегіне қарай өз орнында, синтаксистік қызметте жұмсалған. Сондықтан оларда айтылған ойға қатысы жоқ сөз де жоқ. Солардың басын құрастырып, əр сөйлемде айтылған ойға əрбір мүшені ортақ етіп тұрған бас мүшелер – бастауыш пен баяндауыштар: адам жоқ, өзі басады, өзі қыздырады, өзі соғады. Бұлар сөйлем құрамының діңгегі, айтылған ойлардың негізгі қаңқасы. Басқа мүшелер солармен біртұтас құрамда айтылғандықтан ұтым ды да, оларсыз шала жансар, сөйлемдік қасиеті жоқ сөздер тізбегі ғана. Ал бастауыш пен баяндауыштар топтары бөлек алғанда да əрі сөйлем, əрі маңдарында басқа да мүшелердің болуын тілентіндей əрі тіректі тіркес.
Осындай, сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелерін – тұрлаулы мүшелер дейміз.
Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның субъектісі болады.
Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін жəне басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. Бұл жағынан түрлаулы мүшелердің ең негізгісі – бастауыш, бірақ сөйлемдегі қызметі жағынан бастауыштан гөрі баяндауыштың синтаксистік қызметі анағұрлым басым болады. Оны мыналардан байқаймыз.
Баяндауыш сөйлем арқылы айтылған ойды тиянақтап, көптеген сөздерді ілестіріп барып, сөйлемді аяқтап тұрады. Бұл жағынан ол – сөйлемнің ең негізгі ұйымдастырушы мүшесі.
Бастауыштың мағынасы баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып тұра береді. Ондайда бастауыш сөйлем ішінде арнайы айтылмай, сөйлем толымсыз болуы да мүмкін. Ал баяндауышсыз толымсыз сөйлемдер өте сирек кездеседі.
Осындай, баяндауыштың синтаксистік қызметі бастауыштан басым болғанына қарап, баяндауышты ғана бас мүше деп қарау дұрыс болмайды. Шынында, ол екеуі де – сөйлем құрауға ұйытқы болатын, басқа мүшелерді айналасына үйіріп тұратын, сөйлемнің діңгекті орталығы болатын бас мүшелер. [4, 85]
Қорыта айтқанда, əр тілдің сөз тіркесінің жүйесі ерекше қалыптасады. Егер де олай болмай сөз тіркесінің ережелері объективтік болмыстағы қатынастарға ғана сүйеніп, тек соның тілдік амалдар арқылы болмысын табу арқылы қалыптасса, дүние жүзіндегі тілдер түгел бірдей болып шықпағанмен, ұқсастығы көп, жақын болған болар еді. Сөйлем – синтаксис зерттейтін басты тіл тұлғаларының бірі. Ол атқаратын қызметі тұрғысынан да, мазмұны жағынан да, грамматикалық белгілерін ескергенде де синтаксистік форма ретінде алынған сөзден, сөз тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады.
Әдебиеттер
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. – Б. 69.
Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – Б. 86.
Әбуханов Ғ. Қазақ тілі. – Алматы: Мектеп, 1982. – Б. 98-99.
Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Мектеп, 1971. – Б. 26-85.