Сейілханов Косман (Косманавт) Нұрбекұлына арнау

Oinet.kz 08-10-2019 850

Семей қаласы.
Қажымұқанның ізбасары, бірнеше дүркін еліміздің түйе балуаны, 1995 жылғы КСРО «Еңбек резервтері» Орталық кеңесінің чемпионы,«Еркін күрес», «Самбо», «Дзю - до» күрес түрлерінен КСРО спорт шебері болған марқұм Сейілханов Косман (Косманавт) Нұрбекұлын маусым айының басында кіндік қаны тамған жері Тарбағатай баурайы Ақсуат ауылында өтетін еске түсіру спорт фестиваліне арнадым.
Автор: Сәлімбаев Тілекқали
Табиғаттың дүз серісі көк арлан,
Тәңір оты – найзағайдан жаралған.
Азуын айға білеген қайсарлықтың,
Түрік бабам үлгісін қабыл алған.
Зерделі жан зейін қойса аңғарар,
Дүз тағысы қатаң сақтар заңдар бар.
Аш қалса да жазған серттен тайынбас,
Әділдікті сақтайтыны тағы бар.
Ежелгі заман аңызын еске алғанда,
Түрік халқы жол таба алмай қиналғанда.
Ғайыптан кеп көк арлан жол көрсетіп,
Бар халықты құтқарған ғой ажалдан.
Бейбіт елді қатыгез жаулар шапқанда,
Рұм мен Ромұл жапанда аштан қатқанда,
Жетімдерді жеткізген бөрі ортасы,
Бұдан асқан мейірімдік болған ба!!!
Аң киесі қасиет қой танылған,
Білетіндер киесіне бас ұрған.
Жон арқадан таспа тілсе сыр бермес,
Қайсарлықтың үлгісі боп алынған.
Қыран жеткен шың басына кешегі,
Арлан ғана жете алады деседі.
Мұзды таудың құзары тұғырындай,
Айлы түнде көк тәңірмен тілдеседі.
Жеме - жемнің шағы туып келгенде,
Күжірейген жон арқасын көргенде.
Аң патшасы арыстан да жол беріп,
Отты көзден жүрексініп сескенген.
Алыптарды арланның мысы басқан,
Қарсы тұру қайдан келсін, құты қашқан.
Көкжал бөрі қаһарын төккен тұста,
Есі кетіп. жан шығып тұра қашқан.
Арлан көрген қара нар шөгеді екен,
Қорықаннан жатып зәрін төгеді екен.
Бөрі қарғып өркештен аттағанда,
Бас көтермей бақилық болады екен.
Неткен жойқын құдірет!
Табындырған.
Бірді емес, табиғатты бағындырған.
Тұяғымен от шашқан не бір тұлпар,
Арлан көрсе құты қашып, сағы сынған.
Жеке жүріп жүздерге бермес есе,
Ай нұрына азуын егеп келсе.
Көк байрағы Түріктің айбар шашпас,
Тамғасында көкжал бөрі көрінбесе.
Қыр төсіне киелі рух қонған екен,
Қаһармандық өнегесі арлан екен,
Қазағымның қайсар туған ұландары,
Арлан рухты жаужүрек жандар екен.
Батырлар, қаһармандар, балуандар,
Киелі рух құдіреті дарығандар.
Ұлт намысын асқақтатар ерлер солар,
Адамның арланы боп жаралғандар.

Мың тағзым сізге, дәрігер!
Жақсылық Үшкемпіров өмірі, жетістігі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу