Ашық сабақ. Алғашқы әскери дайындық. Драгунов мергендік винтовкасыныңы ұрысты қасиеті

Oinet.kz 08-10-2019 782

1. Сабақтың тақырыбы: Драгунов мергендік винтовкасыныңы ұрысты қасиеті және материалдық бөлігі
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Драгунов мергендік винтовкасының маиериалдық бөлігімен таныстыру
3. Уақыты: 45 мин.
4. Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД класы.
5. Өткізілетін күні:
6. Көрнекілік құралдар: Плакаттар, АӘД кітабы
7. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.
1. Калашников автоматының көздеу қашықтығы.
2. АК оқжатарының сиымдылығы.
3. Қазақстан Қарулы Күштерінде Калашников автоматының қандай түрлері бар.
4. Калашников автоматының колибрі қандай (5, 45мм)
5. Автоматтың бөліктерімен механизімін ата.
б) Негізгі бөлім – 25 мин.
ДМВ винтовкасының тарихы туралы үзінді көрсету.
Мергендік винтовканың ұрыстық ерекшеліктері мен қолданылуы
7, 62 мм ДМВ мергеннің қаруы болып табылады. Мергендік винтовкадан ату 800 м дейінгі қашықтықта ату тиімді болады. Атыстың көздеу қашықтығы оптикалық көздеуіштен – 1300 м, ашық көздеуіштен – 1200 м. Кеуделік фигураға – 640 м. Ұрыстық ату жылдамдығы 1 мин 30 оқ. Сүңгі пышақсыз,, оптикалық көздеуішті мергендік винтовканың салмағы жабдықталмаған оқжатар мен дүм жағын қоспағанда 4, 3 кг болады.
Мергендік винтовкадан атыс жүргізу үшін жай, жарқырағыш,, сауыт бұзғыш өртегіш оқтар мен винтовкаға арналған оқтар қолданылады. Оқжатар сиымдылығы 10 оқ.
Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі бөлшектері
1. ашық көздеуіш пен дүмнен, қорапшасы бар ұңғыдан;
2. қайтармалы механизмнен;
3. бекітпе жақтауынан;
4. бекітпе.
5. реттеуіші бар газ түтігінен, газ поршенінен және серіппелі итергіштен;
6.. ұңғы жабуынан;
7. соққыш - ағытқыш механизмнен;
8. тежегіштен;
9. оқжатардан;
10. дүм жағынан;
11. оптикалық көздеуіштен;
12. сүңгі пышақтан тұрады.
Винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің құрылысы, қолданылуы
Ұңғы оқтың ұшуын бағыттауға арналған құрал. Ұңғы арнасының калибрі 7, 62 мм. Ұңғының сырт жағында қарауыл негізі, газ камерасы, бауға арналған тартпа, ұңғы жабуының жоғарғы және төменгі тіреу сақиналары болады.
Газ камерасы ұңғыдан газ поршеніне дәрілі газдарды бағыттауға арналған.
Газ поршені газ түтігінде орналасқан және дәрілі газ қысымын итергішке жіберу үшін арналған.
Серіппелі итергіш атыс кезінде бекітпе жақтауын артқа қайтаруға арналған. Онда серіппені тіреуге және итергіштің артқа қозғалысын шектеуге арналған тетік бар.

Ұңғы қорапшасы винтовканың механизмдері мен бөліктерін біріктіруге, ұңғы арнасын жабуды қамтамасыз етеді. Ұңғы қорапшасында соққыш - ағытқыш механизм, бекітпесі бар бекітпе жақтауы орналасады.
Ұңғы қорапшасының қақпағы ұңғы қорапшасында орналасқан бөліктер мен механизмдерді ластанудан сақтайды.
Механиакалық көздеуіш оптикалық көздеуіш бұзылған жағдайда қолданылады. Ол көздеуіш және қарауылдан тұрады.
Қайтармалы механизм бекітпені жақтауымен қоса бұрынғы қалпына келтіруге арналған.
Бекітпе жақтау бекітпе мен соққы - ағытқыш механизмді қозғалысқа келтіруге арналған
Бекітпе патронды оқтыққұа жіберуге, ұңғы арнасын жабуға, капсюльді бөлектеуге және оқсауытты оқтыққа шығаруға арналған.

Ашық сабақ. Алғашқы әскери дайындық. Қазақстанда әскери кадрларды даярлау
Ашық сабақ. Алғашқы әскери дайындық. Ал, қанекей, жігіттер! сайысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу