Ашық сабақ. Алғашқы әскери дайындық. Ал, қанекей, жігіттер! сайысы

Oinet.kz 08-10-2019 1261

Азаматтық қорғаныс күніне арналған аудандық семинарда өтетін «Ал, кәнеки, жігіттер»сайысының
Жоспары

Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Азаматтық қорғаныс күніне арналған«Ал, кәнеки, жігіттер»сайысына қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.
Қай заманда болсын, адамзат алдында тұратын ұлы мақсат пен мұраттың ең бастысы - елі мен жерінің амандығы. Ол үшін ел мен жерін көркейтетін салауатты ұрпақ тәрбиелеуді көксеген. Оларға жол көрсетіп, еңбек етуге бар ынтасын арнаған. Сол келешек қоғам иелерін, жан - жақты жетілген, ақыл - парасаты мол, өнер иесі етіп тәрбиелеуде халқымыз: «Жігітке жеті өнер де аз», «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы азамат болу керек»- деп тәрбие беріп отырған. Ойлы, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді мақсат еткен.

Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып табылады.
Сайысымызды бастамас бұрын мектебімізге келген қонақтарға сөз берейік.
Бірінші сөзді мектебіміздің директоры --------------------- берейік.
Келесі сөзді:
Аудандық білім бөлімінің Алғашқы Әскери Дайындық және дене шынықтыру пәндерінің әдіскері ------------------ сөз берейік.
Келесі сөзді:
Ал енді «Ал, кәнеки жігіттер» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Құрметті жиналған қауым!
Бүгінгі біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой - дей келе
«Ал, кәнеки жігіттер» сайысын тамашалауға келіп отырған қонақтарды, осы байқауға қатысқалы келген жігіттерді және төрелік жасайтын қазылар алқасын мерекемен құттықтаймыз. Осы сайысқа әділ бағасын беретін әділ қазылармен таныстырайық.
Әділ қазылар төрағасы: Аудандық білім бөлімінің АӘД және дене шынықтыру пәндерінің әдіскері-----------------------------------------
Әділқазылар мүшесі:
Сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар:
1. Саппен шығу, саптағы ән.
2. Патриоттық ән (1 адам)
3. Гир 16 кг (1адам)
4. Өз өнерін көрсету. (Әскери өмірден көрініс)
5. Қол күрес.(1 адам)
6. Отжимания. (1 адам)
7. Скакалка минутқа.(1 адам)
8. Қорғаныс плашын кию.(1 адам)
9. Жер бауырлап, кедергілерден өту.(6 адам)
10. Арқанға өрмелеу. (1адам)
11. Кермеде тартылу.(1адам)
12. Арқан тартыс. (6адам)
Енді ортаға сайысқа қатысатын жігіттерді шақырайық.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен командалар кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін - деп бірінші сайысымыз әскери ән, саппен шығу.

Таныс болды жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен
Алпамсадай бәрі батыр көрінеді
Тыныс Аякөздің жерінен - дей келе сайысымызды жоспар бойынша жалғастырамыз.

Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші
Нағыз жігіт мектептің деп жүрейікші
Қазыларға тек қана әділдікті
Ал, жігіттерге сәттілік тілейікші - деп
Сайысымызды бағдарлама бойынша жалғастырамыз.

1. Саппен шығу, саптағы ән.
2. Патриоттық ән (1 адам)
3. Гир 16 кг (1адам)
4. Өз өнерін көрсету. (Әскери өмірден көрініс)
----------------------------- орындауында ән (Өз елім)
5. Қол күрес.(1 адам)
6. Отжимания. (1 адам)
7. Скакалка минутқа.(1 адам)
8. Қорғаныс плашын кию.(1 адам)
9. Жер бауырлап, кедергілерден өту.(6 адам)
10. Арқанға өрмелеу. (1адам)
11. Кермеде тартылу.(1адам)
12. Арқан тартыс. (6адам)

«Жүзден - жүйрік»дегендей
«Мыңнан - тұлпар»
Жігіттердің ішінен шықты сұңқар
Жеңімпазын сайыстың атап өтсек,
Көрермендер сөзімді, менің құптар.

Қазылар алқасының шешімімен «Ал, кәнеки, жігіттер» сайысының жеңімпазы жарияланады.
Сөз кезегін әділқазыларға берейік.
Командалар мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ашық сабақ. Алғашқы әскери дайындық. Драгунов мергендік винтовкасыныңы ұрысты қасиеті
Ашық сабақ. Алғашқы әскери дайындық. Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу