Ашық сабақ. Алғашқы әскери дайындық. Қазақстанда әскери кадрларды даярлау
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда әскери кадрларды даярлау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК - нің жоғары әскери оқу орындарының құрылу себептері мен тарихын, оларға қабылдау шарттарын түсіндіру.
Уақыты: 45 минут.
Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.
Өткізілетін күні:
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, әскери оқу орындарының стенді.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 мин.
1. ҚР Заңы бойынша ҚК - ді толықтырудың қандай түрлері бар?
2. Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді даярлау қалай жүргізіледі?
3. Азаматтарды әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары туралы айтыңдар.
4. Әскери қызметті өтеу туралы заңда қандай құқықтар қарастырылған?
5. ҚР ҚК - інде әскери қызметшілер үшін әскери қызметті өтеудің заңда қандай мерзімі белгіленген?
б) Негізгі бөлім – 25 мин.
ӘҚН. Т. 5. Қазақстанда әскери кадрларды даярлау.
Алматы жалпы әскери училищесі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысының негізінде 1970жылы құрылып, 1997жылдың 11 ақпанында ҚРП жарлығымен ҚР ҚК Әскери Академиясына айналды. Осы академияда күндізгі және сырттай бөлімдерде «Құрлық әскерлерін оперативті - тактикалық командалық - штабтық дайындау» мамандығы бойынша оқыту жүргізіледі.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты мынадай мамандықтар бойынша офицерлер дайындайды:
- командалық саласы – Бөлімшелердің қызметтік - ұрыстық әрекетін басқару;
- кинологтар - Бөлімшелердің қызметтік - ұрыстық әрекетін басқару;
- шекаралық бақылау мамандары (қыздар);
- ішкі әскер офицерлері - Бөлімшелердің қызметтік - ұрыстық әрекетін басқару.
ҚР Ішкі істер министрлігі Петропавловск Жоғары Ішкі әскерлер әскери училищесі мына мамандықтар бойынша офицерлер дайындайды:
- байланыс әскерін тактикалық - командалық дайындау;
- автомобиль әскерін командалық - тактикалық дайындау;
- ішкі әскерді инженерлік - техникалық қамтамасыз ету;
- мүлікпен қамтамасыз етуді командалық - тактикалық дайындау;
- азқпен қамтамасыз етуді командалық - тактикалық дайындау;
- артиллериялық қару - жарақ.
Екі мәрте Кеңестер Одағының батыры Т. Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары авиациялық училищесі мынадай мамандықтар бойынша офицерлер дайындайды:
- ұшу аппараттарын басқару;
- әуе навигациясы;
- авияцияны ұрыстық басқару;
- ұшақтар мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану;
- радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану;
- авияциялық жабдықтарды техникалық пайдалану;
- авияциялық қаруларды техникалық пайдалану.
ҚР қорғаныс министрлігі Алматы жоғары әскери училищесі мынадай мамандықтар бойынша офицерлер дайындайды:
- мотоатқыштар әскерін тактикалық - командалық дайындау;
- танк әскерін командалық - тактикалық дайындау;
- артиллерия әскерін командалық - тактикалық дайындау;
- байланыс әскерін командалық - тактикалық дайындау;
- автомобиль әскерін командалық - тактикалық дайындау;
- әуе – десант әскерін командалық - тактикалық дайындау;
- тәрбиелеу құрылымы офицерлері;
- ракета – артиллериялық қару - жарақ қызметі офицерлері;
- азық - түлікпен қамтамасыз етуді командалық - тактикалық дайындау;
- киім - кешекпен қамтамасыз етуді командалық - тактикалық дайындау;
- сұйық отынмен қамтамасыз етуді командалық - тактикалық даярлау;
- сауытты қару - жарақ.
ҚР қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника мен байланыс әскери - инженерлік институты мынадай мамандықтар бойынша офицерлер дайындайды:
- авиация ұшуын қамтамасыз ететін радиотехникалық құралдарды пайдалану және жөндеу мамандығы бойынша: «Авиация ұшуын қамтамасыз ететін радиолокациялық құралдарды пайдалану мен жөндеу»;
- әуе шабуылына қарсы қорғаныстың радиотехникалық әскер бөлімшелерін ұрыстық және күнделікті басқару мамандығы бойынша: «Радиотехникалық әскерлердің радиолокациялық құралдарды пайдалануы мен жөндеуі»;
- әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімшелерін ұрыстық және күнделікті басқару мамандығы бойынша: «Кіші қашықтықтағы зенитті ракета жүйесімен қаруланған бөлімшелерді қолдану»
ҚР Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі.
Жоғары әскери оқу орындарына оқуға тілек білдіруші жас азаматтарды оқуға қабылдау мынадай тәртіппен жүргізіледі.
Үміткер тұрғылықты жеріндегі қорғаныс істері жөніндегі бөлімге оқуға түсетін жылының 1сәуіріне дейін аты - жөнін, тегін, туған жылын, күнін, мекен - жайын, түскісі келетін әскери оқу орнының атауын көрсете отырып, өтініш жазады.
Өтінішке қосымша:
- орта білімі туралы құжаттың көшірмесін;
- өлшемі 4, 5х6см үш фотосуретін (бас киімсіз);
- өмірбаяны мен жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме тапсырады.
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім үміткерді зерттеп, оны оқуға жіберу не жібермеу туралы шешім қабылдайды. Жоғары оқу орнына лайықты және дәрігерлік комиссия алғашқы медициналық куәләндіру кезінде таңдалған әскери оқу орнына лайықты деп тапқан үміткерге белгіленген нысандағы тиісті медициналық құжаттар ресімделеді.
Үміткерлердің жалпы білім дайындығы тест әдісімен төрт пән бойынша тексеріледі: қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы, математика, (төртінші пән таңдаған мамандығына байланысты). Әр пән бойынша тест сұрақтарының саны - 30.
Дене дайындығы жаттығуларды орындау нәтижелері бойынша анықталады: 3 км - ге және 100м - ге жүгіру, көлденең белтемірге тартылу.
Оқуға қабылданған немесе қабылданбаған үміткерге оқуға қабылданбау себептері көрсетілген жеке іс - құжаттары мен басқа да құжаттары, сондай - ақ әскери оқу орнына түскені туралы анықтама үміткердің қолына қолхатпен беріледі, ол туралы тұрғылықты жеріндегі қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарланады.
Қабылдау шарттары.
Жоғары әскери оқу орындарына біздің еліміздің 17 - ден 21 жасқа дейінгі, орта жалпы білім беру мекемелерін бітірген, сондай - ақ 23 жасқа дейінгі әскери қызметін өткерген немесе өтеп жатқан азаматтар қабылданады.
Әскери оқу орындарына қабылдау үшін кәсіби іріктеуді жоғары әскери оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.
Жоғары әскери оқу орындарына кәсіби іріктеу мен түсу емтихандары шілдеде жүргізіледі.
в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Егемен Қазақстандағы жоғары әскери мектептердің тарихы туралы не білесіңдер?
2. Офицер кадрларын даярлаудағы жоғары әскери мектептердің мақсаттары мен міндеттері қандай?
3. Өзінің жауынгерлік міндетін абыроймен орындаған ҚР ҚК - нің түлектері, жауынгер интернационалисттер туралы айтыңдар.
4. ҚР ҚК - нің офицерлері қандай болуы керек?
5. Біздің еліміздің болашақ офицерлері қандай мамандықтар бойынша оқиды?
6. ҚР ҚК жоғары оқу орындарына қабылдаудың ережелері қандай?