Ашық сабақ: Туған ұя
Мақсаты: Өсіп келе жатқан ұрпаққа отбасындағы әдептілік, мәдениет дағдыларын қалыптастыру, Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, Ана алдында құрмет, әке алдында қызмет етуге тәрбиелеу.
Армысындар ма құрметті қонақтар, балалар!
Армысындар қонақтар!
Жасарды қала, далалар!
Өмірдің келіп көктемі
Біздерден қыстын кеткені
Шаттықтың үшін тыңдадар!
Тәрбиеші: балалар біз сендермен «Туған ұ» атты оқу іс әрекетімізді бастаймыз.
Балалар туған ұя дегеніміз не?
Балалар: Ол біздің отбасымыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар балалар ол біздің отбасымыз. Отбасымызда бір неше отбасы мүшелері тұрады.
Әр отбасында өзінің салт-дәстүрлері бар. Мәдениет дағдылары бар. Отбасымен өткізілетін мерекелері бар.
Қазір мен сендерді «Отбасы» бөлігіне шақыратын.
Бір неше отбасылық коллаж ілінеді. Балалар өздерінін отбасы туралы нақтылап айтып өтеді.
Ал енді балаалр армандайық. Әр адамның өзінің тұрақты тұратын үйі бар. Үйлер әр түрлі болады. Көп қабатты, жай жер үйлер, бірақ әр адам өзінің үйін жақсы көреді себебі ол сенің туған үйің.
«Өз үйінді тап»
Бірнеше үйлердің суреті ілінеді. Балалар үйлерін табады.
«Тату тәтті отбасы»
Сенің отбасында неше адам тұрады. (Отбасы мүшелері)
Ата үйдің данасы
Ата ақылы
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа
Үлкен болған кезіңде
Сыйлы болмақ өзіде. (Еркеназ)
Әже ошақ анасы
Әжемді мен сүйемін
Әдеппен бас иемін,
Қызыл гүлді даладан
Әжем үшін теремін. (Айару)
Әке отау тынысы
Әкем менің сыпайы,
Әкем менің құрметті
Жақсылыққа жетелеп
Бәрін, бәрін үйретті. (Ясмин)
Ата шаңырақ ажары
Ана деген-жарық жұлдыз шырағын,
Ана деген-қайнар ыстық бұлағың.
Ана деген-өмірдегі қамқорын,
Ана деген-сүйенерін, жан құрбым. (Жасмин)
Сурет бойынша жұмыс
Ата – үйдің данасы
Әже – отау анасы
Әке – отау тынысы
Ана – шаңырақ ажары
Балалар бәрінің базары.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Керегені құрамыз
Уық болып иіліп
Достық үйін құрамыз
(Шаңырақ жасаймыз)
Орыс тілде қалай айтамыз
Отбасы – семья
Әке – папа
Ана – мама
Әке – бабушка
Ата – дедушка
Ана туралы, әке туралы мақал мәтелдерді айтайықшы.
1. Ана алдында құрмет
Әке алдында қызмет
2. Ақ жаулығы ананың
Ақ көрпесі баланың
3. Ананың сүті – бал
Баланың тілі бал
4. Атана не қылсан
Алдына сол келеді
5. Әкеге қарап ұл өсер
Анаға қарап қыз өсер
6. Әке – асқар тау
Ана – ағып жатқан бұлақ
Бала – жағасындағы құрақ
Барлық адамдардың өздерінің жақсы көретін жанашыр жақындары бар. Біздің жақырындарымыз ол біздің отбасымыз. Отбасында біз қуанышты бақытты және тату өмір сүреміз.
Ән «Жан ұя».