Детективтік әдебиет дегеніміз не?

Oinet.kz 07-09-2020 882

Детективтік әдебиет (ағылш. detective - әйгілеу, әшкерелеу) - шытырман оқиғалы қылмысты істерді ашуға құрылған шығарма. Детективтік әдебиет сюжеті жұмбақ қылмыс саларын логикалық пайымдаулар арқылы ашып көрсетуге арналады. Басты кейіпкер ретінде із кесуші заң қызметкерлері немесе тыңшы, барлаушылар мен қылмыскер алынып, алуан түрлі оқиғалар аркылы екі жақтың ашық та астыртын кақтығыстарынан соң қылмыс әшкереленеді. Детективтік әдебиеттің тууы американ жазушысы Э.По ("Алтын қоңыз", "Мария Роженің сыры" (1842 - 43, "Ұрланған хат", 1844), ағылшын жазушысы У.Коллинз ("Ақ киімді әйел", "Киелі тас") есімдерімен байланысты. Әлемге әйгілі Шерлок Холмс образын жасаған А.К.Дойл шығармашылығы Детективтік әдебиетті жаңа белеске көтерді. Бұл үлгідегі әдебиеттің айтулы шеберлері - А.Кристи, Ж.Сименон, т.б. Қазақ әдебиетінде Қ.Исабаев ("Ажал қүрсауында", "Коменданттың жазбалары"), Қ.Тоқаев ("Түнде атылған оқ") - осы жанрда калам тартқан.

Ашық сабақ. География. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері
Роман дегеніміз не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу