Ашық сабақ. Биология. Қазақстандағы өсімдіктерді сақтаудағы қорықтар мен ұлттық саябақтардың маңызы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы өсімдіктерді сақтаудағы қорықтар мен ұлттық саябақтардың маңызы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Мемлекеттік табиғи қорық қоры ұғымын қалыптастыру, қорықтардың мақсатын түсіндіру, Қазақстанның қорықтары мен таныстыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың табиғатты қорғау шаралары туралы білімі мен ой - өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғат әсемдігін сезінуге, табиғатты қорғауға, ұқыптылыққа, ізденуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: саяхат - танымдық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелесу, ой тастау, пікірлерді жүйелеу, тапсырмалармен жұмыс істеу, ой тұжырымдау
Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның қорықтары туралы кітабы. Қорықтарға арналған слайдтар. Қорықтар туралы өлеңдер, сұрақтар мен тапсырмалар т. б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (оқушыларды топтарға бөлу)
II «Білгенге маржан» (жаңа сабақ қорықтар туралы қысқаша мағлұмат беріледі)
II. 1 Ой ашар (интерактивті тақтадан қорықтар туралы слайд көрсетіледі)
II. 2 Орнын тап (картамен жұмыс)
III. «Білім кілті танымдылықта» (білімді жүйелеу және қорытындылау)
III. 1. Сәйкестігін табу
IV. Қорытынды.
Табиғат біз тоздыруға қимас үй,
Жоғын ізде, шашылғанын жина, сүй.
Қорық - ақтау Жер - ананың ақ сүтін,
Көрсетіп бір сырға - бал, сыйға - сый.
Табиғаттан шипа таппай келді кім,
Енді өзіне керек боп тұр ем бүгін.
Сақтай алар қорық соңғы дәнекер,
Табиғаттың ұлы тепе - теңдігін.
деп ақын Оразақын Асқар ағаларын айтқандай табиғаттың тепе - теңдігін сақтайтын соңғы дәнекер - қорықтарға саяхатымызды бастаймыз.
Табиғат - қоғам байлығы. Тіршілікке қажеттінің бәрін табиғаттан алатынымыз баршамызға мәлім. Дегенмен, табиғат қазынасы сарқылмайтын мәңгілік қор емес. Оның адам игілігі үшін ұзақ мерзімді пайдаланылуы, адамның қамқорлығын қажет етеді. Қоршаған орта тазалығы, орман, қазба байлықтар, су байлығы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қазіргі күннің үнемі назарында тұрған басты мәселелердің бірі. Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстанның қорықтары деп аталады. Қорық дегеніміз – бүкіл табиғат кешені табиғи күйінде сақталатын аумақтар, табиғатты қорғау формаларының бірі.. Қорықтарда көп жылдар бойы табиғатта өтіп жататын өзгерістерге бақылау жүргізіліп, оның даму заңдылықтары зерттеледі. Соның негізінде табиғи үдерістердің дамуына, келешегіне болжам жасалады. Қорықтар – табиғат эталоны. Мұндағы орман - тоғай, жайқалған шабындық, аң - құс, айдың шалқар көлдер мүмкіндігінше сол бұрынғы әсем қалпында сақталуы тиіс. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 10 қорық ұйымдастырылған. Елімізде болашақта бірнеше қорық ашылуы мүмкін. Оларға: Бетпақдала, Торғай, Балқаш маңы, Жоңғар және Зайсан қорықтары т. б.
Қазақстан қорықтары
Ақсу - Жабағылы қорығы
Атақты динозавр қаңқаларын
Аң - құстың, өсімдіктің баршаларын,
Барлауға күш салып жүр қанша ғалым.
Осы жер аза тұтып көрсетті елім,
Ақсу - Жабағылы қорығы - Оңтүстік Қазақстан облысы, Талас және Өгем жоталарының аралығында орналасқан. 1926 жылы 14 шілдеде ұйымдастырылып, 85, 4 мың га - дан астам жерді алып жатыр.
Өсімдіктері мен жануарлары: ағаш тәрізді арша, арқар, Сібір тау текесі, ақ тырнақты аю, ала мысық, борсық. Жалпы құстарға бай қорықтардың бірі.
Қорғалжын қорығы
Ішінде көл бар таудың, орманның,
Тың жердегі көлдің тыңы - Қорғалжын.
Қорық болып күтім көріп бұл кезде,
Алуан құсқа айдыны бір толған күн
Қорғалжын қорығы – 1968 жылы Ақмола облысының дала зонасында орналасқан.
Өсімдіктері мен жануарлары: қызғылт қоқиқаз, сұқсыр құсы, үйрек, қаз, суыр, ала қоржыны, су, егеуқұйрық, т. б. Қорық аумағындағы Теңіз көлінде қызғылт қоқиқаз ұя салып, балапан шығарады. Қорғалжын көлінде сұқсыр мекендейді. Көктемгі ұшып келу кезеңінде суда жүзетін құстардың мыңдаған санының бірігетін орны, соның арқасында қорық дүниежүзілік атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне айрықша қорғалатын батпақты - көл ландшафт есебінде кірді.