Жаңа жыл мерекелік кешіне арналған іс-шара сценарийі
Тақырыбы: Келді міне Жаңа Жыл
Зал іші әдемі безендірілген, ортаға шырша қойылған, әр түрлі ойыншықтар ілінген, музыка әуеніне әр түрлі киген балалар кіреді.
1 - жүргізуші: Төрле – төрле жаңа жыл.
Айналамыз тебірене жаңа жыр.
Төрле – төрле құтты жыл.
Халыққа әр күн төгіп нұр.
Төрле, төрле құтты жыл.
Қуаныштан айналады әлем – жыр.
Балалардың қуанышында шек болмай.
Жүректері қуаныштан толқып тұр.
2 - жүргізуші: Құрметті ата - аналар және апайлар. Барлығыңыздың бүгінгі жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Келе жатқан доңыз жылы бәріңізге бақыт, шаттық, береке, бірлік, несібе әкелсін. "Қошақан" тобының "Келді, міне жаңа жыл" атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
3 - жүргізуші: Сіздер үшін әр күніміз жырымыз
Ағылсын тек тәтті әуен мен әніміз
Ақ пейілді жақсы адамдар кеш жарық
сәлем достар армысыздар бәріңіз.
Хор: "Шырша жыры" (Тауда туып)
- Балалар шыршамыз шамы неге жанбай тұр?
- Білмейміз.
- Мүмкін біз шыршамен мереке басында амандаспаған шығармыз?
- Шырша бізге ренжіп қалған болар. Олай болса, шыршаға арнап тақпақтар айтып берейік..
1 оқушы: Жасыл шырша төрдегі
Дейді, "Бәрің көп мені"
Кеткен әсем құлпырып
Ойыншықтар тұр тұнып
- Балалар, мен қардың сыдырын естіп тұрмын. (Аққала демін тоқтата алмай жүгіріп келеді. Қолында хат, залға кіреді де құлайды )
- Сәлеметсіз бе, Аққала! Сіз бір жеріңізді ауыртып алған жоқсыз ба?
Аққала: Жоқ, өтірік құладым, далаларды күлдірейін деп. Мен сендерге хат алып келдім.
Жүргізуші: Хат кімнен екен?
Аққала: Ойлап табыңдар, балалар. Бізге жаңа жылда кім көп сыйлық береді?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар
Аққала: Өздерің қандай тапқырсыңдар.
Жүргізуші: (Хатты оқиды) Біз шыршамен
Бізде қазір сендердің тойларыңда боламыз.
Балалар, ендеше хатты әкелген аққалаға рахмет айтып тақпақ айтып берейік.
2 - оқушы: Ауыл алды ақшақар
Ақша қарда балалар
Соғып жатыр аққала
Жалқауы жоқ жұмысқа
Кіп - кішкентай доп қана
Бір әкеліп қар үйіп
Бірі қарға аз құйып
Күліседі күлімдеп
Бітірейік деп қана.
Аққала: Рахмет балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Балалар сендер суықтан қорқасыңдар ма?
- Ал қолдарың тоңса не істейсіңдер?
- Біз шапалақ соғамыз.
- Аяқтарың тоңса не істейсіңдер?
- Біз аяғымызды топырлатамыз.
- Онда балалар бәріміз орнымыздан тұрып тоңып қалмас үшін көңілді би билейік.
(Балалар билеп жатқанда жалмауыз кемпір ұшып кірді)
Жалмауыз кемпір: Орманның үстінде ұшып жүріп, балалардың билегенін көрдім. Көріп ашуым келді. Менен сұрамай неге билейсіңдер, сендерді кім жіберді?
Аққаланың жанына кеп итеріп жібереді. Аққала саған не жоқ?
Жүргізуші: Кешіріңіз сіз кімсіз? мұнда қалай келдіңіз?
Жалмауыз кемпір: Мен бе? Мен жалмауыз кемпірмін. Менің шақыру қағазым бар.
Жүргізуші: Иә, туған күн кешіне шақырылған шақыру билеті. Бірақ бұл жерде ешқандай түлкі жоқ. Бұл жаңа жыл кеші.
Жалмауыз кемпір: (Хатты жұлып алып)
- Мен бұл жаңа жыл кеші болса, мен ақшақар боламын.
Осы кезде түлкі (жан - жағына алақтап кіріп келеді)
Түлкі мыстанға: Сәлеметсіз бе, құдағи?
Жалмауыз кемпір: Саламатсыз ба, көгершінім менің.
Жүргізуші: Бұл жерге жетпей тұрғаны түлкі еді.
Аққала: Жаңа біздің ескі жылымыз жүр еді ғой. Бізбен қоштасуға қимай қамығып жүрген шығар, рахмет айтып ортаға алайық.
3 - бала: Ескі жылға ырзамы
Өсе түсті бойымыз
Қуантып талай сырға біз
Шарықтады ойымыз.
4 - бала: Көңілде көп қуаныш
әр көңілге жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
Жүргізуші: Ал, балалар тұрмайық
Ескі жылдай ата бар
Оны ортаға алып біз
Қоштаса билеп қалайық.
"Би" гном биі.
Балаларым балғындарым
Алғысым көп айтар менің
Дәл осылай артығырақ
Қарсы алыңдар Ұлу жылын
Түлкі: Алақай, алақай жаңа жыл келеді, шапқылап. Кәнекей қарсы алайық шапқылап.
Осы кезде жаңа жыл келеді.
Жүргізуші: Келді міне жаңа жыл аппақ болып
Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып
Аяз болып мұз болып қатпақ болып
Қонысың құтты болсын доңыз жылы
Қонарсың елімізге ырыс болып
Ескі жыл: Бүгіннен ертең ғаламат Алдыңғы сапты боларсың
Келер жыл соған аманат
Қош сау болыңдар балалар!
Жаңа жыл: Рахмет балалар мені бөтенсітпей, шын ықыласпен қарсы алғандарына рахмет. Өнерлі, ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер. 365 күн бірге боламыз. Айтпақшы, Аяз ата мен Ақшақар келген жоқ па? Осылай қарап кетіп еді. Ендеше жақындап қане балалар, жаңа жылды ортаға алып ән шырқайық. Аяз ата дауысымызды естіп тез келсін.
Хор: "Елка жыры" (Аппақ аппақ)
Мыстан: Алақай, алақай Аяз ата келді.
Аяз ата: Амансыңдар ма, ұлдарым?
Амансыңдар ма, Қыздарым?
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр аз дем алғым.
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар хош келдіңіздер. Әсем ән мен би де бар, отыр ата сәл демал.
5 - бала Аяз ата аман ба?
Аман болғай қашанда
Қарша қызды сүйеміз
Ізетпен бас иеміз.
6 - бала Сәлем достар аман ба?
Шырша құрып алаңға
Жылға шашу шашайық
Тойлап көңіл ашайық.
Жүргізуші: Ал халайық тұрмайық
Әндетейік жырлайық
Думандатып би билеп
Інжу маржан шашайық
Хор: Саламатсыз ба, Аяз ата?
Аяз ата сөзі: Балалар мен сендерге жұмбақ әкелген едім.
Жұмбақтар
Үстінде бар жасыл топ
Шаштары бар жайнаған
Балалар жүр қарап оны
Әнге салып айнала.(Шырша)
Сақалы желбіреп, жүрегі елжіреп
Жылда бір келеді
Көп сыйлық береді. (Аяз ата)
Тәр: Қош келдің, Аяз ата
Қарсы аламын орын беріп
Ән салыңыз бізбен бірге
Би билеңіз бірге еріп.
Аяз атамен би.
7 бала Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз
Болсын риза балаша
Әппақ атамыз.
8 бала: Той мереке салтанат
Думандатты шартарап
Келді міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.
9 бала Жаңа жыл, жаңа жыл
Тамаша тойымыз
Алақай, алақай
Өседі бойымыз.
Жүргізуші: Балалар кәне Ақшақарды ортаға алып би билейік бәріміз.
10 бала Тамаша сый алып
Келді Аяз атамыз
Шаттанып қуаныш
Шырқап ән саламыз.
11 бала Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
12 бала Әкелсін жыл ырыс құт
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылмен тамаша.
13 бала Келді міне жаңа жыл
Қарсы алайық бәріміз
Күліп ойнап би билеп
Ән салайық бәріміз.
Ән:
14 бала: Бақытты болып жыл сайын
Осылай басты қосайық
Ашық болып аспан әрдайым
Тыныштық тойын жасайық.
15 бала Жаңа жылда бастаған
Жаны жайсаң жақсы адам
Аяз ата сізге мен
Айтам әнді жүздеген.
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Төретам қыстағы
№4 Күн - нұры балабақшасы ересектер тобының тәрбиешісі
Жиенбаева Гүлнар Қуантайқызы