Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Сабақтың мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, олардың қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу.
Сабақтың міндеттері:
*адам мүмкіндіктері туралы түсініктерін одан әрі тереңдету;
*әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуына ықпал ету;
*өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу;
Шаттық шеңбері
Мұғалімнің басшылығымен оқушылар шеңберге жиналы, бір - бірімен сәлемдеседі. М. Мақатаевтың «Сенемін» өлеңін оқып шығып, ондағы негізгі ойға назар аударады.
Оқушыларға елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың өмір баянынан үзінді көрсету, оны талқылау, арман мақсаттарға жету туралы әңгіме қозғау.
Өзіммен – өзім
Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер. Демдеріңді ішке алып, сыртқа шығаруға және сыртқа шығарғаннан кейінгі аз үзіліске назар аударыңдар.
Енді, ойша болашақтағы өмірлеріңе көз тастап көріңдер. Мейілі бір жылдан, бес жылдан, он жылдан кейін болсын. Ал енді қазіргі өмірлеріңмен қандай айырмашылық байқадыңдар. Не сезініп тұрсыңдар? (мұғалім сөйлеп тұрған кезде классикалық музыка қатар қолдануға болады)
Шығармашылық жұмыс
Оқушыларды өз мақсаттарын жүйелі іске асыруға үйрету мақсатында тапсырма беру.
Бір күндік, бір апталық, бір айлық, бір жылдық мақсаттарыңызды жоспарлаңыздар, оларға жету жолдарын белгілеңіздер.
Ойланайық, пікірлесейік
Балаларға алға қойылған мақсатқа қалай жетуге болатынын түсіндіру мақсатында пікір алмасу.
• Кез келген адам арманы мен мақсатына жете ала ма? Кез келген адам арманы мен мақсатына жете ала ма? Неліктен?
• Алға қойған мақсатқа қалай жетуге болады деп ойлайсыңдар?
• Мақсатқа жетуде адамының өзгелердің алдындағы міндеттері мен парыздары кедергі бола ала ма?
Жаңа ақпарат
Егер адам шын ниеттенсе, қолынан көп іс келеді. Қазақ халқына «Алынбайын асу жоқ»,- деген қанатты сөз бар. Бұл қанатты сөздің астарында ізгі ниет, адал ой ойлап, талаптанатын, еңбек еткен адамның жетпейтін жетістігі, алмайтын асуы жоқ деген ой бар.
Өмірде әркім өзінің жолын табуға талпынып, жетістікке жетуді армандайды. Бірақ барлығы бірден біз ойлағандай тез болмайды. Олар еңбекқорлықпен, асқан табандылықпен, үлкен адамгершілікпен келеді.
Қойған мақсатыңа, аңсаған арманыңа жету үшін ең алдымен мақсатың өзіңе және өзгелерге пайдалы, ізгі іске бағытталуы керек. Қойылған мақсат тиянақты түрде ойластырылуы және өз мүмкіндігіне сәйкес болуы тиіс.
Ең бастысы адамның жан - жақты ізденіп, білім алуы, адал, тынымсыз еңбектенуі және өзіне деген ішкі сенімінің берік болуы табысқа жетудің кілті болып табылады.
Мәтінмен жұмыс
(оқулықтағы мәтінді оқып беру, түсіндіру)
Назар аударыңыз
Жақсылық та, жамандық та біртіндеп, мысқылдап сіңеді бойға. Сөйте – сөйте бүкіл ойыңды, бойыңды билейді.
Ғ. Мұстафин
Өзіне сенбейтін кісі төңірегіндегілердің бойынан ешқандай жақсы сипат, жақсы қасиет көрмейді. Ал өзіне сенетіндер бейқам келеді.
Ә. Кекілбаев
Игілікке қол жеткізу - қашанда екі шартты қатаң сақтауға байланысты. Алдымен, қызметтің кез келген түрінде түпкі мақсатты дұрыс белгілеу керек, сонан соң түпкі мақсатқа жеткізердей тиісті жол іздеп табу қажет.
Аристотель
Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, оқулықта берілген өлең жолдарын бірге айтады.
Жігер деген - МЕН.
Күш деген - МЕН.
Махаббат деген - МЕН.
Кешірім деген - МЕН.
Құдірет деген - МЕН.
Жастық деген - МЕН.
Денсаулық деген - МЕН.
Ақылды деген - МЕН.
Жарқындық деген - МЕН.
Бар ғажайып деген - МЕН.
Бәрі маған байланысты.
Бәрі менің қолымда.