Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Oinet.kz 07-10-2018 646

Құрметті сайт ұстаздары!
22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай «Білімділер» порталы оқушылар арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты шығарма сайысын ұйымдастырады. Оқушыларды құлақтандыруды ұстаздар қауымынан сұраймыз, оқушыларының жұмысын сайтқа ұстаздар өздері енгізуіне болады. Жұмыс Бәйге бөліміне жарияланады.

Ереже:
Жұмыс Word-та қатесіз терілуі қажет, шрифт өлшемі 14, жарты беттен аса, бір бетке жуық жұмыс болуы керек. Бұрын басқа сайттарда жарияланбаған еш сайттан көшірілмеген авторлық жұмыс болуы керек.
Жұмысты сайт қызметкерлері өздері бағалайды.

Шығарма сайысына мына жас аралықтары бойынша қатыса алады:
9 - 10 жас аралығы
11 – 13 жас аралығы
14 – 16 жас аралығында
Жұмысты қабылдау бүгінгі күннен бастап 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Сайысқа қатысу тегін, яғни ақысыз өткізіледі. Үздік жұмыстар «дипломмен» марапатталады, қалған қатысушылар «қатысушы сертификатын» алады.

Сценарий: Туған жер-тұнған тарих
30 тамыз - Конституция күні мемлекеттік мереке!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу